Шабындық жане жайылымдық өсімдіктер



Дата12.02.2023
өлшемі17,57 Mb.
#67312
Байланысты:
Өсімдіктер

Шабындық жане жайылымдық өсімдіктер

Орындаған:

Тексерген:


М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
Петропавл қаласы, 2023 жыл

Шабындық

Шабындық — жаз бойы өсуге бейімделген шөптесін өсімдіктер биогеоценозы.

Табиғи Шабындық орташа ылғалдылық жағдайында дамитын көп жылдық мезофиттік шөптесін өсімдіктердің өсуіне қолайлы жерлерде болады.

Шабындық өсімдіктері

Оларға емдік сиырсілекей, бұршақ тұқымдастарының бірнеше түрі, қарандыз, горечавка, сарғалдақ, чихотник, дәнді-қияқты өсімдіктер, тағы басқа жатады. Шабындық тың құрлық Шабындығы, суармалы жер шабындығы, тау шабындығы деген түрлері болады. Құрлық шабындығы — жазық далада, сай-салалы жерде қар, жаңбырдан нәр алып, ыза сулары жақын жерде өседі. Орманды, орманды-далалы және далалы аймақтың ойпаң жерлеріндегі шабындықтың шөбі қалың өседі.

Жайылым

Жайылым — оты мол табиғи немесе жасанды өрістік жер алқабы, мал еркін жайылып , бағылатын жер алқабы. Табиғи Ж. және екпе Ж. деп екіге ажыратылады. Табиғи Ж. орналасуына, өсетін өсімдік түрлеріне және пайдалану әдісіне байланысты маусымдық (көктемдік, жаздық, күздік, қыстық) және жыл бойы пайдаланатын Ж. болып бөлінеді. Екпе Ж. бір жылдық, қысқа мерзімді (5 — 6 жыл) және ұзақ (7 — 10 жыл) мерзімді болады.

Шабындық жане жайылымдық өсімдіктер

Өсімдіктер түрлері

  • Жусан
  • Еркекшөп
  • Шайқурай
  • Тобылғы

Жусан

Жусан (лат. Artemisia) – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер тегі, көбіне шала бұта.

Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10 – 60 см, кейде 1,5 – 2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті, себеттері көп, әбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. 

Еркекшөп

Өсімдік - жайылымда өседі, және шөп түрінде жануарлардың барлық түрлерімен жақсы жейді. Қысқы жайылымдарда жайылымдық жемді қамтамасыз етеді. 1 кг шөптерінің тағамдық құрамы-0,21 жем. бірлік және 23 г қорытылатын ақуыз. Жоталы еркекшөп сонымен қатар жайылымда және шөпте малдың барлық түрлерімен жақсы жейді, шабу кезінде. Бұл өсімдік мәдени жайылымдар мен шабындықтар жасау үшін қолданылады. Тарақ тәрізді өсімдік егілгеннен кейін орта есеппен 3 жылға дейін толық дамиды және шөпте 10-15 жылға дейін созылады, көбінесе басқа өсімдіктерді вытыстырады. Жасыл жемнің өнімділігі 60-100 ц, шөп-1 гектардан 16-30 ц. 1 кг шөптің тағамдық құндылығы - 0,22 Жем. бірлік және 24 г қорытылатын ақуыз.

Шайқурай

Шайқурай (лат. Hypericum) – шайқурай тұқымдасына жататын бір және көп жылдық өсімдіктер. Дүние жүзінде қоңыржай, субтропиктік және тропиктік аймақтарда өсетін 300 — 400-дей түрі кездеседі. Қазақстанда шабындықта, қыратты жерлерде, өзен-көл жағалауларында, қиыршық тасты тау баурайында және орман шетінде өсетін 7 түрі бар. Көбінесе сарыбас Шайқурай (Н. perforatum) мен бұдырлы Шайқурай (Н. scabrum) жиі кездеседі. Бұлардың биіктігі 30 — 70 (кейде 100 — 120) см. Сабағы түзу, жапырақтары майда, онда нүкте тәрізді көптеген тесіктері болады, олар шоқталып немесе қарама-қарсы орналасады. Гүлдері майда, қос жынысты, сары түсті, жеке-жеке не шатыршаға ұқсап топтанған. Жәндіктер арқылы тозаңданады.

Тобылғы

Тобылғы (Spіraea) – раушангүлдiлер тұқымдасына жататын көп жылдық бұта. Қазақстандағы далалы, таулы жерлерде өсетін 10 түрі бар.

Биіктігі 15 – 200 см. Сабағы түзу. Жапырағы қауырсын тәрізденіп тілімделген, жиектері ара тісті иректелген немесе бүтін болады. Гүлі қос жынысты, аталығының саны 10, аналығы – 5, ақ түсті, хош иісті. Гүлдері қалқанша, шатырша, сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс салады. Жемісі – қабаттасқан жапырақша. Тобылғыны әсемдік үшін өсіреді. Балды өсімдік, жақсы мал азығы. Құм тоқтату үшін үй шаруашылығында пайдаланылады

Қорытынды

Біздің Республикамыз - дербес мемелекет. Сондықтан да оның үдемелі күйде дамуы үшін, әсіресе, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының барлық салаларына маман, жәнеде мамандандырылған кадрлар қажет. Тарихи тұрғыдан алғанда бұл біздің Республикамыздың табиғатының өзіндік ерекшелігіне байланысты. Осы ерекшеліктің мәні :Бүкіл аумақтық 70 пайызға жуығанда орналасқан жайылымдар сол аумықтың экологиялық жағдайын анықтайды. Сөйтіп, экология жағынан алғанда, біздің еліміз үшін жайылым мен қоршаған орта - өзара жақын ұғым болып келеді. Жайылымдарды пайдалану тарихының дамуы 3 мың жылдан асады екен. Жердін осылайша ұзақ жылдар бойы сақталуының ең басты бір себебі мал өсірушілердің табиғат ерекшеліктерін жақсы білуінде, және де қоршаған ортанын ерекшеліктерін ескере отырып, жергілікті жерде өндіріс құрудың қолға алынуында болып табылады.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет