ШаңҒы спортының дене тәрбиесі жүйесіндегі алатын орны мен мәНІ



бет1/2
Дата05.04.2022
өлшемі20,68 Kb.
#29850
  1   2


ШАҢҒЫ СПОРТЫНЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН МӘНІ
Шаңғы спорты дене тәрбиесінің ең маңызды құралы болып табылады. 
Айтылған кұрал өсіп келе жатқан ағза үшін маңызды сауықтыру мәнге ие. Бұл біріншіден, дене жаттығуларының арқасында қоршаған ортаның жағымсыз факторлары мен жұқпалы ауруларға ағзаның қарсылығы артатындығымен түсіндіріледі. Басқа сөзбен айтқанда, денесі мықты және шыныққан адам сирек ауырады. Екіншіден, өсу мен даму процесі ынталандырылады, жылуды реттеу реакциясы жетілдіріледі, яғни салқыннан болатын сырқаттануға қарсылық артады. Үшіншіден, ақыл-ой және дене қабілеттерінің артуына себепкер болатын шыдамдылық, күш, жылдамдық пен икемділік секілді қасиеттер дамиды. Ақырында, дене жаттығуларымен айналысу жағымды эмоционалды жағдайды туғызады, сергектік пен сенімділік қалыптасады. 
Шаңғы спортымен шұғылдану кезінде жасы, жынысы, ағзаның жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерінің есепке алынуы керектігі есте болғаны жөн. Басты талаптардың бірі – дене тәрбиесімен спортпен айналысу тәртібін сақтау, яғни олардың жүйелілігін, жүктемелердің біртіндеп арттырылуын, сабақ өтілетіндей жағымды жағдайларды әр түрлі құралдар мен формаларды кешенді түрде пайдалану. [1].

Шаңғының дамуының адамзат тарихында өзіндік орны бар. Шаңғы адамзат үшін спорт ретінде емес, қардың бетінде қозғалып жүру үшін керектігімен дамыды. Кейін келе, жылдамдықпен жүру үшін шаңғының жаңартылған-дамыған түрлері дайындала бастады. 
Табиғи жүріс - шаңғы тебудің негізгі қозғалысы. 
Табиғи жүріспен жүргенде, айталық оң аяқ алдыға шықса сол қолмен таяну, сол аяқ алдыға шықса оң қолмен таяну арқылы шаңғымен жүру жалғасады. Жүгіру де осылай орындалады. Шаңғы тебу барысында трассаның бойында жота, тегістік, қия бет, т.б. кедергілі жерлермен өтуге тура келеді. Сондықтан жылдамдықты арттыру үшін өрлеу жерлерде таяқты алма-кезек пайдаланып, итеріліп отыру керек. Жазық жерде әдеттегідей табиғи жүріспен жүруге болады. 
Оқу орнының арнаулы белгіленген шаңғы тебетін, яғни, сабақ өткізетін алаңы болады. 
Шаңғыны бұрын салынған шаңғы ізімен жүргізіп сабақ өткізеді. 
Шаңғы пайдалану мазмұнына қарай төрт түрге бөлінеді: 
оқу-үйрену шаңғысы; 
жарыс жолына шығатын жүгіру шаңғысы; 
тау шаңғысы; 
туристік шаңғы. 
Пайдалану үшін щаңғы арнаулы бәтеңкеге бекітіледі. Жалпы шаңғы тебудің қалай қозғалатындығын, жер бедеріне байланысты қалай сырғанау керек екендігі жөнінде, әсіресе, төменге түсу, өрге шығу, т.б. қозғалыстардың айла-тәсілдері оқытылады. Мәселен, шаңғыны әркім өз бойына қарай іріктеп алуы керек, шаңғыны күтіп ұстау, оны сабақтың басында және соңында қалай алып жүруді, қалай майлау керектігін білуі тиіс. Беттің үсігеніне қандай шара қолдану керектігі сияқты материалдар курс барысында оқытылады. Енді бір ескеретін жағдай, бұл материалдың теориялық анықтамасы емтихан сұрақтарына кіреді. [2].
Шаңғы киімі - жалпы шаңғы киімінің ең негізгі талабы жел өтпейтін киім болуы керек. Шаңғымен шұғылданған кезде жел соғады, спортшының өзінің жылдамдық қозғалысының үдеуі бар. Әсіресе, солтүстік өңірлерде ауа райының температурасы, желдің жылдамдығы ескерілгені жөн болады. 
Балалардың шаңғы тебуді қалыптастыру үшін мынадай іс-әрекеттер атқарылады: 
денсаулықты нығайту, қалыпты денені шынықтыруды дамыту; 
өмірлік мәнді қозғалыс қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру; 
қозғалыс қабілеттерін дамыту және үйлестіру; 
дене мәдениеті және спорт саласында қажетті білімдерді игеру; 
денені шынықтыру жаттығуларымен өз бетінше шұғылдануға қажетті қабілеттерді үйрету, тәрбиелеу, денсаулықты нығайту, жұмыс қабілеттерін арттыру; 
адамгершілік және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу, психикалық үдерістер мен жеке тұлғаның қасиеттерін дамыту. 
Шаңғы тебу бойынша бағдарламалық материалдарды оқушылар ойдағыдай меңгеруі үшін мынадай талаптарды орындайды: 
дене тәрбиесі сабақтарына міндетті түрде қатысу; 
өзінің денесінің даярлығын арттыру және спорттық шеберлігін жетілдіру; 
жыл ішінде бағдарламалық материалдың негізгі бөлімдері жөніндегі бақылау көрсеткіштерін орындау; 
мектепте спорттық-бұқаралық бағытта өткізілетін іс-шараларға және денені шынықтыру-сауықтыру жұмыстарына белсене қатысу; 
дене тәрбиесі пәнінің мұғалімінің нұсқау-кеңестерін пайдалана отырып, дене жаттығуларын өз бетінше жасау; 
дене тәрбиесі пәніне қосымша бағдарламаның теориялық бөлімінің талаптарын білу және тәжірибе жүзінде қолдану; 
әрбір оқу жылында бітіретін сыныптарда дене мәдениеті бойынша білімін анықтау үшін сынақ тапсыру; 
Шаңғы дайындығымен шұғылданатын жас жеткіншектер спортпен шұғылданбайтын балдарға қарағанда дене дайындығымен ерекшеленеді. Сондықтан сабақ барысында жүктеме беру кезінде ескерген дұрыс.

Көбінесе жас жеткіншектермен спорттық жұмыс барысында қиындықтар туындайды. Өйткені 13-17 жас аралығында дене қабылеттері жылдам жетіле бастайды және көптеген спорт түрлеріне арналған сабақтарға бағыттауға қолайлы жағдай туындайды.

Шаңғы дайындығы сабағында жүктеме қарқыны мен көлемінің мөлшерін бақылауда ұстау аса қиындық тудырмайды. Сондықтан шаңғы дайындығын кез келген жастағы адамдарға денсаулық жағдайларына және дене дайындығы деңгейіне қарамай дене тәрбиесі құралы ретінде шұғылдануға болады. [3].

Негізгі бұлшық ет топтарындағы қозғалыс жұмыстарын төменгі температура жағдайында таза ауада орындалуы ағзаның түрлі ауруларға қарсылығын күшейтіп және ағзаның жалпы жұмыс қабылетін арттырады.

Шаңғымен қозғалыс қимылдарының тәрбиелік мәні зор. Шаңғымен барлық сабақ түрлерінде жаттығу сабақтарында, жарыстарда немесе қарапайым серуендеу –қажетті ерік –жігерлікті, тәртіп пен еңбек сүйгіштікті және кез келген қиындықты жеңуіне тәрбиелейді.

Педагоикалық жұмыс практикасында “шаңғы дайындығы» және

«шаңғы спорты» деген екі ұғым қалыптасты.

Шаңғы мен дайындалу – оқу орындарымен әскердегі дене тәрбиесінің міндетті бөлігі. Шаңғымен дайындалу – бұл шаңғымен жүру техникасының негіздеріне үйрету, нормативті көрсеткіштерге қол жеткізу және дене тәрбиесі бағдарламасына сәйкес теориялық білімдерді алу.

Шаңғы спорты - кеңірек ұғым болып табылады. Ол шаңғы спортымен шұғылданудың бірінші сатысы ретіндегі шаңғымен дайындалудан да тұрады. Шаңғы спортыменн шұғылданудың мақсаты биік нәтижелерге қол жеткізу, жалпылама және арнайы дене дайындығын жақсарту, спортшының дене, моральдық және ерік сапасын жетілдіру, тереңдетілген техникалық және тактикалық дайындық пен жаттығудың теориясы мен әдістемесін меңгеру.

Қозғалыс әрекетінің түрі ретіндегі шаңғымен жүру апталық қозғалыс тәртібінің талабына қосылған. Шаңғы жарыстары бойынша нормативті талаптарды орындай отырып ел тұрғындары дене тәрбиесімен тұрақты шұғылданып тұруға үйренеді.

Шаңғымен жүру кезінде денеге түсер күшті реттеп отыру оңай болғандықтан дене тәрбиесінің бұл түрімен әртүрлі жастаға адамдар шұғылдана береді.

Аязды таза ауада шаңғымен серуендеу – белсенді демалудың маңызды құралы. Ол нерв жүйесіне оң ықпал етіп, мидың шаршауын шығарады, ағзаның жалпылама жағдайының шынығуына және жақсаруына жағдай жасайды. [4].

Шаңғымен жүргеңде бұлшық еттердің негізгі барлық топтары жұмыс істейді, тыныс алу мен қан айналым органдарының қызметі жандана түседі. Шаңғы спортының қолданбалы маңызы да өте үлкен. Мәселен, солтүстік аймақтарында шаңғылар тұрмыс пен еңбекте кең пайдаланады. Ал Қазақстанның солтүстігі мен Шығыс және Оңтүстік шығысындағы таулы аудандарда шаңғымен жүру, жүгіру, таудан шаңғыменн төмен қарай сырғанау спорттық демалыстың маңызды түріне айналған.

Еліміздің шаңғы спортының дамуын ҚР Спорт және Туризм министірлігіндегі шаңғы спорты бөлімі мен облыстық, аудандық спорт және туризм департаменттері басқарып қадағалайды. Шаңғы спортын қоғамдық негізде басқаруды шаңғы спорты федерациясы жүзеге асырады.

Шаңғы спортының жалпы курсын оқи отырып, студенттер жалпылама білім беретін мектептік дене тәрбиесі мұғаліміне кәсіптік мектепте, ЖОО-да дене тәрбиесі оқытушысына, тұрғылықты жер бойынша қала сыртындағы демалыс аймағында, қалалық спорт ғимаратында, мәдениет және демалыс бағында көпшілік сауықтыру және спорттық жұмыстармен шұғылданушы, нұсқаушы педагогқа қажетті білімдер мен дағдыларды жинақтайды.

Спорттың көпшілік түрінің біріне терең мамандану студенттерге педагог – жаттықтырушыға қажетті қосымша білімдер мен дағдыларды алуға мүмкіндік береді. Шаңғы спортының жалпы курсы негізінен шаңғы жарыстарын зерттеуді қарастырады. [5].

Шаңғы спорты бірнеше дербес спорт түрлерінен тұрады.

Спорттың бұл түрлерінен жарыстарды өткізудің ережелері бар және де бірыңғай ұлттық спорттық топтаманың талаптарына сәйкес дәрежелер мен атақтар беру қарастырылған.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет