Шағын және орта кәсіпкерліктің ерекшеліктері



Дата29.04.2022
өлшемі302,29 Kb.
#32795

Шағын және орта кәсіпкерліктің ерекшеліктері

Дайындаған: Таджиев Б

  • Нарықтық қатынастардың дамуының қазіргі жағдайында кәсіпкерлік қызмет еркіндігін сақтай отырып, шағын кәсіпкерлікті дамыту ерекше мәнге ие болады. Өйткені шағын кәсіпкерліктің өзіндік ерекшеліктері мен артықшылықтары экономиканы жаңарту жағдайында әртараптандыру мәселесін шешуге, инновациялық мүмкіндіктерді пайдаланумен іске асыруға, еліміздің экономикалық даму стратегиясын жүзеге асыруға айтарлықтай ықпал етеді.
  • Қазіргі кезде шағын кәсіпкерлікті қалыптастыру, дамыту және қызмет тиімділігін арттыру маңызды орынға ие болады. Себебі шағын кәсіпкерлік жалпы ұлттық өнімнің және жалпы ішкі өнімнің көлемін, халықты жұмыспен қамту жағдайын, экономиканың өсу қарқынын анықтауға белгілі бір деңгейде әсер етіп қана қоймай, икемді аралас экономиканы қалыптастыруға, түрлі меншік нысандарының ұтымды үйлесуі мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға да мүмкіндік береді.
  • Шағын және орта кәсіпкерліктің тиімділігінің басты факторы – олардың өнім өндіру облысында, сондай-ақ қолданылатын еңбек құралдары бойынша бір жақты мамандануы. Шағын кәсіпкерлік шектеулі номенклатурада    өнімдер өндіреді және бір мезгілде жоғары өнімділікпен ерекшеленетін бір жақты мамандандырылған құрал-жабдықтарды қолданады. Ол қысқа мерзімде өндіріс технологиясын және өндірістік үрдісті сапаландыруға ғана емес, сондай-ақ негізгі құралдардың ұдайы өндіріс процессін өзгертуге мүмкіндік береді.
  • Шағын және орта кәсіпкерлік инфрақұрылымдық бөлімшелер құруға көп шығын жұмсауды қажет етпейді, яғни көлік шаруашылығын, арнайы коммуникациялар, жөндеу шаруашылығын және үлкен қоймалар ұстаудың қажеттілігі жоқ.

Шағын және орта кәсіпкерліктің ел экономикасында мыңызды орынға ие болуын және тиімді қызмет етуін оның келесі ерекшеліктерімен түсіндіруге болады

  • 1)   шағын кәсіпкерліктің икемділігі, өндірілетін өнімдердің тұтынушылардың талғамына сай тез бейімделу мүмкіндігі;
  • 2)   жергілікті ресурстарды пайдалану мен жергілікті нарықта қызмет етуі;
  • 3)   кәсіпорынды басқарудың қарапайымдылығы, ірі бюрократиялық құрылымның болмауы;
  • 4)   жұмыскерлердің және кәсіпорын басшысының жоғары нәтижеге жетуге деген ортақ мүдденің болуы, мотивацияның жоғарылығы;
  • 5)   ірі өндіріспен тиімді өзара әрекетте болу мүмкіндігі, яғни ірі кәсіпорындар арқылы қосалқы бұйымдар мен бөлшектерді өндірушілер және жеткізушілер ретінде әріптестік қатынаста болу;
  • 6)   кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті бастапқы капиталдың және жұмсалатын шығындардың салыстырмалы түрде аз болуы;
  • 7)   өндірісті жаңарту, жаңашылдықты енгізу, жаңа идеяларды жүзеге асыруға икемділігі.
  •  Жалпы кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігімен әлеуметтік бағдар ұстаудың кепілі оның өздігінен қоғамның орташа топтарына жататындығы емес, оның дәулеті мен тұрмысының нақты шынайы меншікке негізделуі болып табылады. Қазіргі уақытта шағын кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің 80 пайызын құрайды. Республикада шағын және орта кәсіпкерлікпен 1 миллионнан астам адам айналысады.
  •   Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін үш факторлық жағдайды ескеру қажет. Олар:
  •    Кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын жүйе жасау;
  •    Тексеруші органдардың санын азайту;
  •    Рұқсат беруші құжаттардың санын азайту.

Аймақта шағын және орта кәсіпкерлікті басқарудың негізгі принциптеріне  мыналар жатады:

  • -      кәсіпкерліктің түрлеріне қарамастан оны дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау;
  • -      шаруашылық жүргізуші субъектілердің маңыздылығын айқындау;
  • -      олардың қызметін ең алдымен экономикалық және қаржы ынталандырмасын  пайдалана үйлестіру;
  • -      жергілікті органдардың шаруашылық жүргізу субъектілерімен өзара тиімді шартты және экономикалық қатынастарын орнату;
  • -      қала тіршілігінің ерекше маңызды міндеттерінің шешілуін қамтамасыз ету үшін шектеулі мөлшерде әкімшілік шараларын қолдану;
  • -      қалалық қызмет көрсететін бірқатар кәсіпорындардың негізгі функциялық мақсатын белгілеу;
  • -      кәсіпкерлік саласында азаматтар құқықтарының бұзылуына, табиғи ресурстардың қарақшылықпен пайдаланылуына жол бермеу;

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет