Шағын жинақталған мектептің зерттелуі



бет1/3
Дата27.01.2023
өлшемі4,01 Mb.
#63203
  1   2   3

Шағын жинақталған мектептің зерттелуі


Орындаған: А.Қ.Қаржау, Д.К. Асылбекқызы
Тексерген: А.Р. Сенбіқызы
Мұғалімнің міндеті балаларға дайын білім беру емес, олардың ақыл-ой қызметін бағыттау. Оқушылардың белсенділігі мен дербестігі- ол дидактикалық жүйенің негізгі принциптерінің бірі. Оқушылар «мүмкіндігінше өз бетінше еңбек ету керек те,мұғалім- өз бетінше еңбек етуге басшылық ету және оған материал беру» керек.
К.Д. Ушинский
Кіріспе:
Қазақстан Республикасында 2016-2019 жылдарға арналған Білім беру мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында ауылдық мектептердің проблемасына ерекше көңіл бөлінген. Шағын жинақты мектептердің қазақстандық білім беру жүйесінде жұмыс істеуі стратегиялық тұрғыдан ғана емес, ауылдық аймақтардың дамуына әсер етуші маңызды фактор болып табылады.
Шағын жинақты мектеп өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие, мәдени орталық ретінде беретін тәлімі, сондай-ақ халық жұмыспен қамтылған өндірістік шаруашылық саласындағы алатын орны, тұрғындарының ауылдық тұрғылықты жерде тұруына ықпалын мұқият, ұқыпты қарауды талап етеді. Ауылды жерде білім беру көп жағдайда аумақтық және ақпараттық оқшаулану және оқушылар мен мұғалімдер санының аздығына, бір мезгілде екі, үш, ал кейде төрт сыныпта қатар сабақ жүргізуге мәжбүрлікке тәуелді. Осы факторларлар, аталған мектептердің материалдық-техникалық базаларының әлсіздігі, ауылды жерлердегі мектептерде беретін білім сапасына әсер етеді.
Шағын жинақты бастауыш мектептерде де математика пәні қалыпты мектептерге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының көмегімен оқытылады.Қазақстанда қазақ бастауыш мектептері төл оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесі әріден келе жатқан, нақтырақ айтсақ, бастауыш қазақ халқының ұлы ағартушысы Ы.Алтынсариннің өзінен алатыны, бір жарым ғасырға жуық уақыт бойы күн тәртібінен түспеген мәселелердің бірі.«Ы.Алтынсарин орыс — қазақ мектептері үшін математика оқулықтарын таңдап алуға зор маңыз беріп, сол кездегі орыс бастауыш мектебінде қолданылып жүрген оқу-құралдардың ең жақсыларын енгізуге тырысты»-дейді Б.М.Қосанов.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет