«Шешендік сөздер» тақырыбындағы сабақтың талдауы.
Пән мұғалімі: Альжанова К.Б.
III – деңгей тыңдаушысы
Пәні: қазақ әдебиеті
“Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі
жетілдіруді қажет ететін, үнемі жаңаны табатын өнер”
Ж. Аймауытов
Кембридж тәсілі бойынша оқыту курстарында үйренген оқытудағы жаңа тәсілдерді
тәжірибеде қолданудың тиімділігін мектеп тәжірибесінде анықтауға тырыстым. Осы
мақсатта 9 сыныпта қазақ әдебиеті пәні бойынша тізбектелген төрт сабаққа орта мерзімді
жоспар жасадым. Жоспар бойынша үшінші сабағым «Шешендік сөздер» тақырыбында
өткен болатын. Сабақтың мақсаты: Шешендік сөздер, би-шешендер туралы мағлұмат
беру. Топта бірлесе жұмыс жасай шешендік сөздерге жан-жақты талдау жасау, идеясын
аша білу, өз ойын ашық, еркін айту, пікір алмасу, өзін-өзі, бірін-бірі бағалау. Сабақтан
күтілетін нәтиже оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай береді;
басқаларды тыңдай білуге, кез келген жауапқа сыйластықпен және түсіністікпен қарауға
үйренеді;
өз ойын топ алдында ашық айта алуға, қорғай білуге баулиды;
керек кезде өз көзқарасын дұрыс өзгерте білуге үйренеді, оның дамуын қамтамасыз етеді;
өз бетінше ізденуге ұмтылады;
сыни тұрғыдан ойлай білуге үйренеді деп алдым. Аталған мақсат пен күтілетін нәтижеге
қол жеткізу үшін сабақта бағдарлама модульдерін қолданудың әдіс-тәсілдерін ойластыра
келе, сынып оқушыларының жасы 13-14 аралығында екендігін ескере отырып,
тапсырмаларды солардың жас ерекшеліктерінің деңгейіне сай жоспарладым.
Сабақты әдеттегідей ұйымдастырудан бастадым. Оқушылармен, жаңа күнге сәттілік
тілей отыра, амандасып, сабаққа қатысымын тексеріп, оларды топқа бөлдім.Оқушылар
конфеттердің түстері бойынша 2 топқа бөлінді.
Әр топқа өз топ басшыларын таңдауды
ұсындым. Топ басшыларына өз топ мүшелерін бағалау парағын таратып, сабақтың әр
кезеңінде өзара бағалауды орындап отыру тапсырмасын бердім. Осыдан кейін үй
жұмысын тексеруге көштік.Бұл жерде «Ыстық орындық» стратегиясын ұсындым.
Сабақтың әр кезеңінде оқушылардың қызығушылығын арттырып, сабаққа деген
ынтасын арттыру мақсатында бағалаудың «Үш шапалақ» түрін қолдандым. Бұл
оқушылардың сабаққа белсенді қатысуына, тіпті тұйық оқушылардың ашылуына да оң
әсерін тигізді, себебі өз сыныптастарының қолдауына ие болған олардың бойында өз
күшіне деген сенімділік артты.
Жаңа сабақ тақырыбымен таныстырмастан бұрын ой қозғау мақсатында «Миға
шабуыл» әдісін пайдаландым.
«Тірек суреттер бойынша сөйлеу» стратегиясын пайдаланып жаңа тақырыпты
оқушылардың өздеріне анықтаттым. Ол үшін атақты би-шешендердің суретін
интерактивті тақтадан көрсетіп, оқушылардан «Олардың аты кім?», «Мамандықтары
қандай?», «Олар туралы не білесіңдер?» деген сұрақтар қойдым.
Тақырыпты анықтап болған соң мәтінмен жұмыс жасадық.
Екі топ та шешендік сөздер
туралы,би-шешендер туралы жазылған мәтіндерді оқып шығып, оны алдымен жұпта,
кейін топта талқылады. Талқылау аяқталған соң 1-топқа шешендік сөздердің тарихы, 2-
топқа би-шешендер туралы таныстырылым дайындауға, тапсырма бердім.
Бұл оқушылардың сыни ойлауының қалыптасып келе жатқаны деп түсінемін.
Топтар
бір-бірінің таныстырылымдарын «екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалады. Бұл
тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген уақытта таныстырылымдарын
жасауды аяқтай алмағандықтан мен оларға қосымша 2 минут уақыт бердім.
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру сабақтың нәтижелі өтуіне әсер
ететіні анық нәрсе. Сондықтан әр сабақ сайын сергіту сәтін ұйымдастырып отырдым. Осы
сабағымда сергіту сәтін мынадай түрде өткіздім: интерактивті тақтадан дене қимылдарын
бейнелейтін бейнеролик көрсетіп, оқушылармен бірге би биледік. Оқушылар алдынғы
сабақтарға қарағанда бір-бірінен қысылмай, өздерін еркін ұстады. Сергіту сәтінен кейін
мәтінмен жұмыс орындалды. 2 топқа шешендік сөздерден үзінді берілді.Жалғасын
тауып,топта талқылады.
Топ басшылары бағдаршам арқылы бағалады. Бұл тапсырманы орындау барысында
ерекше көзге түскен Динара, Азат, Еркінбек, Дариға, Сұлтан атты оқушылар болды. Бұл
балалар сабақ барысында өздерінің шапшаң, ынталы, епті, ұқыпты екендерін, тіпті
кейбір бұрын соңды көп сабаққа қатыса қоймайтын оқушыларда өз ойын айтуға
барынша тырысып, бойындағы кейбір сыныптастарына өзінің беймәлім тұстарын
көрсете білді. Осы сабақ бойынша алған білімдерінің деңгейін анықтау және алдағы
сабақты жоспарлауда не нәрсеге көңіл бөлу керек екенін білу мақсатында кері байланыс
кезеңінде оқушыларға стикерлерге «Сабақтан алған әсерім » атты плакатқа
жапсыруларын және өз білімдерін бағалау критерийлерді толтыруды сұрадым.
Сабақ аяқталғаннан кейін бағалау Сабақтан алған әсерімдегі стикерлерді оқығанымда,
оқушылардың барлығына сабақтың өте жақсы ұнағандығына көзім жетті. Онда оқушылар
«сабақ өте ұнады», «қазақ әдебиеті сабағы көбірек болса», «сабақ керемет» деген сияқты
сөздерді көргенімде төбем көкке жеткендей болды. Балалар өздерінің түсініктерін құра
алатын, белсенді оқушылар болса, онда оқушы оқуда алға қадам басуға ұмтылады.