Шетел арнайы педагогикасында инклюзивті білім беру мен интеграция мәселесі



бет1/3
Дата27.09.2023
өлшемі12,94 Kb.
#111109
  1   2   3

Шетел арнайы педагогикасында инклюзивті білім беру мен интеграция мәселесі

Шетел арнайы педагогикасында инклюзивті білім беру мен интеграция мәселесі

1971 жылы Италияда ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беретін мектепте оқыту құқығы туралы бірінші Заң пайда болады. 1977 жылы мұндай оқытуды ұйымдастырудың белгілі нормативтерін құрастырған Заң қабылданды: - сыныптағы балалардың ең көп саны – 20; - дамуында ерекшеліктері бар балалардың сыныптағы ең көп саны – 2; - мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау бойынша арнайы іс-шаралар, сыныптағы сабақтың мазмұнына «енгізілген»; - арнайы бағдарламалар бойынша оқитын сыныптар қысқартылады; - арнайы педагогтар қалыпты мектеп мұғалімдерімен командаға бірігеді; - педагогтардың екі категориясы сыныптың барлық оқушыларымен өзара әрекетке түседі. Қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі барлық балалардың 99%-ы жалпы білім беретін мектепте оқиды. Оларға «қолдау мұғалімі» (тьютор) көмек көрсетеді. Қарапайым сыныпта қолдау мұғалімінен арнайы көмек алу үшін, бала дамуында ауытқуы бар бала ретінде тіркелуі керек. Тіркеу ата-аналардың келісімімен бір жылға жүзеге асырылады, бұл мерзім аяқталғаннан кейін, арнайы көмекті ұзарту немесе тоқтату туралы шешім қабылданады.

2003 жылы Италияның білім министрлігі мектептердің барлық директорларына жұмыстан үздіксіз тренингке қатысуды міндеттейді, бұл тренингке қатысу өмірге инклюзивті білім берудің ұлттық саясатын жетілдіру үшін қажет болады. Мұнда жалпы білім беретін мектептің барлық мұғалімдеріне, жылына 40 сағат боп белгіленген біліктілікті арттыру курсынан өту міндеттелді. Итальяндық тұғырдың ерекшелігі ретінде, жалпы білім беретін мектептің мүмкіндігі шектеулі балаларды диагностикалау және емдеу бойынша параллельді жұмыс жүргізетін медициналық және әлеуметтік мекеме мамандарымен тығыз өзара әрекеттің болуы алынады (дәрігерлер, психологтар, әлеуметтік қызметкер, мейірбикелер, логопедтер, функционалды және физикалық терапевтер және т.б.). Сонымен бірге, мүмкіндігі шектеулі оқушыларды жалпы білім беретін ортаға интеграциялау үдерісін дамыту, Италияда өз шешімін талап ететін мәселелермен қатар жүзеге асырылады. Жалпы білім беретін мектептің көпшілік мұғалімдері интеграцияны теріске шығармайды, бірақ оны сынып өміріне ендіруде бірқатар қиындықтары болады. Олар мүмкіндігі шектеулі оқушыларды оқытудың жауапкершілігін қолдаушы мұғалімге (тьютор) жүктеуді ұсынады. Бұдан басқа, мұғалімдер тьютордың сыныптан осындай балалармен жұмыс істегенін қалайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет