Шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастырудың жолдары



Дата28.02.2022
өлшемі26,94 Kb.
#26669


Шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған

оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастырудың жолдары
Оразалина Ф.Т., «С.Сейфуллин атындағы гимназия» КММ

директорының бейіндік оқыту бойынша орынбасары



Сәтбаев қаласы
Қазіргі қоғам мектептен өздігінен білім алып, өз бетімен жұмыс істей алатын, жауапкершілігі дамыған, өзгелермен тез тіл табыса алатын тұлғаларды тәрбиелеуді талап етеді. Мектеп жас жеткіншекке өмір бойына білім бермейді, ал оған білім алуды, үнемі өзін жетілдіруді үйретуді басты міндет етіп қоюы тиіс. Осы орайда Сәтбаев қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы гимназия жұмысының ең басты мақсаттары болып білім алушыларды өмірге дайындау, шығармашылық тұлға етіп қалыптастыру және олардың кәсібін анықтауға көмектесу табылады. Еліміздің болашағы – мектеп оқушыларын дамыту, тәрбиелеу жұмыстары дарындылыққа анықтама беруден басталады. Дарынды балалардың қаншалықты жиі көрінуіне байланысты ғалымдар арасында пікірталастар туындап жатады [1]. Біріншісі «балалардың барлығы дарынды болып табылады» деген болса, екіншісі – «дарынды балалар сирек кездеседі» деген көзқарастар. Соңғы айтылған пікірдің қолдаушылары кез келген дені сау баланы қолайлы жағдай жасалған ортада дамытуға болатынын дәлел етеді. Біз жұмысымызда «балалардың барлығы дарынды» деген көзқарасты алып, гимназиямызда «Дарынды балалар» бағдарламасын жасадық. Бұл бағдарламада оқушылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен жұмыстар қарастырылған. Оқушылармен жұмыста олардың қызығушылығын, қабілетін, бейімін анықтау және дамытудың жолдарын психологтармен бірге пән мұғалімдері, сынып жетекшілер жүргізеді. Әр оқушының «Даму картасында» осы мамандардың бөлімдері қарастырылған. 7-9 сыныптарда сынып жетекшісі мен мектеп психологі білім алушылардың бейінін анықтауда төмендегі сызбаны толтырып, оны бала мен ата-ананың талқысына салады.

Психологиялық зерттеулер

«Қызығушылық» картасы




Дж. Голланд тесті




Е.А.Климов тесті




Пән мұғалімдерінің ұсынысы

Ұнататын пәндер /нәтижелі пәндер




Ата-ананың ұсынған мамандығы




Оқушының таңдаған мамандығы




Психологтің ұсынысы




Гимназияда әр оқушының ерекшелігін, қабілетін ашуға көп көңіл бөлінеді. Оқу, жаратылыстану-ғылыми, математикалық, тұрмыстық, экономикалық сауаттылықты дамытуда түрлі курстар мен үйірмелер жүйелі түрде жүргізіледі. Бастауыштағы курстардың орта және жоғары буындарда сабақтастығын тауып жатқанын төмендегі сызбадан көресіздер.

Функционалдық сауаттылықты дамыту

Бастауыш сыныптағы курстың аты

Орта буын - 5-9 сыныптардағы курстың аты

Жоғары буын - 10-11 сыныптардағы курстың аты

Оқу сауаттылығы

Тілдік құзыреттілік



Оқу шаттығы


Шешендік өнер

Жас тілші

АВС ағылшын тілі

Ағылшын тілінің практикалық курсы

Ағылшын тілінің практикумы

Тұрмыстық сауаттылық

Ою әліппесі

Қолөнер

Шебер қолдар

Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы

Ғылыми-зерттеу негіздері

География, тарих, биология пәндерінен зерттеу жұмыстары

Физика, тарих, биология, экология саласында ғылыми-зерттеу жұмыстары

Математикалық сауаттылық

Қызықты математика

Логика

Математикадан стандарттан тыс есептер шығару

Мысалы, 1-4 сыныптарда жүргізілетін «Оқу шаттығы» курсы оқушыларды кітап оқуға баулуды, оқу сауаттылығының қарапайым деңгейдегі дағдыларын қалыптастыруды мақсат етіп қойса, орта буындағы «Шешендің өнер» курсы қазақ әдебиетінің үлгілі туындыларымен таныстырып қоймайды, оқушылардың тілдік құзыреттілігін дамытуды көздейді. Осы курстардың жалғасы 10-11сыныптардағы «Жас тілші» курсы журналистика мамандығын таңдаған оқушылар үшін әзірленген. Олар Сәтбаев қаласының «Ақшам» телеарнасы қызметкерлерімен тікелей жұмыс жасап, тәжірибелерін шыңдайды. Қатысушылар Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арнап, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына, түрлі мерекелерге арнап видеорепортаждар дайындады, журналистік мамандықтың қыр-сырына қанықты. Сонымен қатар гимназияда ағылшын тілін оқыту инвариантты бөліктегі сабақтармен қатар вариативтік бөліктен ағылшын тіліне қосымша сабақтар беру арқылы жүргізіледі. Бұл оқушылардың 7 сыныптан бастап физика, химия, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытуға дайындайды. Әзірше гимназияда 7-9 сыныптар аралығында аталған 3 пән вариативтік бөлікте жүргізіледі. 10 сыныпта физика пәні толық инвариантты бөлікте оқытылады. Пәндерді ағылшын тілінде оқытуды арнайы курс өткен білікті мамандар өткізеді. Үштілділікті дамыту гимназияда іс-шаралардың үш тілде өткізілуімен де жүзеге асырылады. Мысалы, «Сырсандық» зияткерлік ойыны, «Полиглот» олимпиадасы, шығармалар сайыстары, тілдер апталықтары гимназистердің тілдік құзыреттіліктерін дамытуға септігін тигізетіні анық.

Біз жаңа тәсілдерді қолдану арқылы оқушыларды әлеуметтендіру жұмысын жандандыру мен жүйелеуді ойластырдық. Біріншіден, ол жас өспірімдерге өзін жүзеге асырғысы келетін қызмет бағытын еркін таңдау мүмкіндігін беру. Гимназияда оқушыларға арналған түрлі бағыттағы курстар, үйірмелер жүргізіледі. Мысалы «Робототехника», «Интеллектум», «Гүл өсірушілер», спорттық бағыттағы үйірмелер «Шахмат», «Тоғызқұмалақ», «Футбол», «Гимнастика», эстетикалық бағыттағы үйірмелер «Би әліппесі», «Бейнелеу өнері студиясы». Бала өзі ұнаған іс-әрекет түрін, сабақты таңдай алады. Жеткіншектердің бойында лидерлік қасиетті дамыту үшін «Көшбасшы» клубы жұмыс істейді, оны тәмамдаған білім алушылар «Оқушылар комитетінің» мүшесі атанып, гимназияны басқару ісіне қатысады. Біздің ойымызша, әлеуметтік дағдыларды игеру үшін балаға нақты ересектер әлеміне мейлінше жақын қоршаған орта орнату қажет, балаларда ынтымақтастыққа деген мотивацияның қалыптасуына ықпал ету керек.

Сәкен Сейфуллин атындағы гимназия бірнеше жылдардан бері Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибесін таратумен айналысып келеді. Ол әсіресе гимназияның тәрбие жұмысында қарқынды өтуде. «Шаңырақ», «Ата-ана қызметімен танысу», «Үлкенге құрмет", флешмоб, «Өзін-өзі басқару» әлеуметтік жобалары кеңінен етек алуда. Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлерін оқып-білуде фестивальдерді, балалар үйі мен қарттар үйіне концерттік бағдарламалармен баруды ұйымдастыру, өзін-өзі басқару комитетінің өткізген іс-шаралары оқушыларды елжандылыққа баулитыны сөзсіз. Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламасы аясында гимназия жас зерттеушілері мектеп түлектері туралы материал жинап, түлек тақтасын жасады. Осы жұмысымыз игі істермен жалғасып, 2000 жылғы түлектеріміз гимназия үшін оқу залын жабдықтап, сыйға тартты.

Қала мектептері және С.Сейфуллин атындағы гимназия оқушылары Назарбаев зияткерлік мектебінің «Туған елге тағзым», 100 күй, 100 ән, ТEDх, еріктілер қозғалысының жұмысы арқылы «Қоғамға қызмет» жобаларын іске асыруда.

Білім беру мазмұнын жаңартуда кітапхана да маңызды рөл атқарады. Кітапханашылар өз жұмысында инновациялық жұмыс әдістерін қолдана отырып. Қазақстан Республикасының 1-ші Президент күніне гимназия мұғалімдері мен оқушылары арасында «Буккроссинг» акциясы нәтижесінде жиналған кітаптардың берілуін ұйымдастырды, RedX форматында оқырмандармен конференциялар өткізді.

Тәжірибені тарату осы үрдіске ата-аналар қауымдастығын тартуды көздейді. Гимназияда “Ата-әжелер күнін», «Анам, әкем, мен – отбасымыз оқырман» сайыстарын, «Әкелер мектебі» мен «Аналар мектебінің» іс-шараларын өткізу дәстүрге айналды. 2019-2020 оқу жылында «Оқушы – ата-ана – мұғалім» үштігінің ынтымақтастығын дамыту мақсатында ата-аналармен біріккен іс-шаралар өткізілді. Әр бір сыныптың ата-аналары өз кәсіптерімен таныстырып, балаларға шеберлік сыныптар көрсетті, жас өспірімдерді мамандықтармен таныстырды.

2018 жылы гимназияның жұмысы облыстық инновациялық мектептер арасында үздік үш мектеп қатарына кіріп, Қарағанды облысы оқу-әдістемелік орталығының мадақтамасымен марапатталды.

Төмендегі сызбадан гимназияда түрлі деңгейдегі сайыстарға, олимпиадаларға қатысқан оқушылар мен жүлделі орын алғандардың өсу динамикасын бақылауға болады. Орташа есеппен 2018-2019 жылға қарағанда 2019-2020 жылы пайыздық көрсеткіш 5-7% жоғарылаған.




деңгейлер

2018-2019 оқу жылы

2019-2020 оқу жылы

қатысушылар

жүлделер

қатысушылар

жүлделер

Қалалық

69

37

72

31

Облыстық

51

24

49

28

Республикалық

62

42

79

44

Халықаралық

503

174

527

188

Гимназиямызда жүргізіліп жатқан жұмыстарымыз өз нәтижелерін беріп жатыр. Осы оқу жылында 2 оқушымыз (Берік Назерке, Денберген Дариға) облыстық пәндік олимпиадалардың жүлдегері атанды, Қодар Айғаным облыстық ғылыми жобалар сайысында ІІ орынды иеленді. Жыл сайын жас зерттеушілер облыстық ҚР ШҒА ОҚБ ғылыми практикалық сайысына қатысып жүлделі орындарды иемденуде. Әлі алға қойған мақсат-міндеттеріміз баршылық, лайықты қазақстандықтарды тәрбиелеуде гимназиямыздың педагогикалық ұжымының аянбай еңбектенетініне сенемін.

Әлеуметтену процесінің барлық қатысушыларының рөлдері ауыспалы. Егер бұрын мұғалім ұйымдастырушы болса, енді ол үйлестіруші, кеңесші, қостаушы, қолдаушы болады, ол нәтижені модельдейді және болжайды [2]. Оқушы бұрын орындаушы болған, енді ол бастамашы, ұйымдастырушы, болашақ көшбасшы рөлінде көрінеді; өз бетінше шешім қабылдайды, серіктестермен қарым-қатынас орнатады. Сонымен, ата-ана бұрын бақылаушы, көмекші болса, енді қатысушы, дамытушы, ұйымдастырушы, демеуші болады.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. https://ramrdu.edumsko.ru/rsod/uchen 08.10.2020 ж. алынды



2. https://deti.jofo.me/444593.html 08.10.2020 ж. алынды

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет