Шикізат базасы және химия өнеркәсібінің бастапқы заттары. Орындаған: берікбосын м



Дата02.12.2023
өлшемі1,21 Mb.
#132660
Байланысты:
не надо

Шикізат базасы және химия өнеркәсібінің бастапқы заттары.

Орындаған:БЕРІКБОСЫН М.

ТУЛКИБАЕВА М.

МУХИЕВА Т.

Шикізат базасы және химия өндірісінің бастапқы заттары

  • Химиялық өндіріс өте көп мөлшерде шикізатты өңдейді және сондай көлемде су, отын, энергия жұмсайды.Дүние жүзінде Қазақстан минералды-шикізат қоры бойынша алдынғы қатарлы орынды алады.Сонымен қатар химиялық өндірісте шикізатты пайдаланудың ерекшеліктері бар.Олар : 
  • 1.Шикізат базасының көп варианттылығы,ауылшаруашылық өнімдері,ауа және су,металлургия мен мұнай өңдеу өнімдері.
  • 2.Әртүрлі химиялық өнімдер алу үшін шикізаттың бір түрін комплексті пайдалану мүмкіндігі
  • 3.Бір шикізаттан әртүрлі өнім алу мүмкіндігі.
  • Химиялық өнеркәсіп өнімдері :
  • Бастапқы зат (шикізат)
  • Аралық өнім (жартылай өнімдер) 
  • Дайын өнімдер

Шикізат және шикізат түрлері

  • Шикізат – өнеркәсіптік өнімдер өндірісінде қолданылатын табиғи материалдар. Жартылай өнімдер – сол мекемеде шикізатты өнеркәсіптік өңдегенде алынған материалдар және қандайда бір өнім алу үшін бастапқы материалдар ретінде пайдалану.Химиялық өнеркәсіп шикізаты әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі : 
  • -шығу тегіне байланысты : минералдық, өсімдік, жануартекті; 
  • -қоры бойынша :сарқылайтын, сарқылмайтын
  • -химиялық құрамы бойынша :органикалық және бейорганикалық;
  • -агрегаттық күйі бойынша :қатты, сұйық, газ; 
  • Сонымен қатар: 
  • -біріншілік шикізат:су, ауа, жанғыш пайдалы қазбалар.
  • -екіншілік: өнеркәсіптік және тұтынылатын қылдықтар.
  • -табиғи және жасанды: кокс, каучук, бояулар, шайырлар.
  • Минералды шикізат –жер қыртысында өндірілетін пайдалы қызбалар.
  • Жанғыш минералы шикізат –көмір, мүнай, газ.
  • Өсімдік және жануар текті шикізат қолданылуына байланысты тағамдық және техникалық болып бөлінеді.Тағамдық шикізат –ауыл,орман,балық шаруашылығның өнімдері.Техникалық шикізат –тамақ өнеркәсібіне жарамсыз,бірақ тұрмыста пайдаланатын шикізат.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет