Шынында да солай, әрине, бұл ақындық қиялдан туған үлкен мұрат. Ерлік дастаны өмірлік дастан, ол ұрпақтан ұрпаққа кете бермек, жаңғыра бермек, жаңара бермек



Дата07.11.2022
өлшемі13,26 Kb.
#48120

Шынында да солай, әрине, бұл ақындық қиялдан туған үлкен мұрат. Ерлік дастаны - өмірлік дастан, ол ұрпақтан ұрпаққа кете бермек, жаңғыра бермек, жаңара бермек.
Әзілхан Нұршайықов осы бір жайды терең барлап, өз шығармасын “Ақиқат пен аңыз” деп дұрыс атаған. Бауыржан Момышұлы жөнінде тараған аңыз-әңгімелердің түпкі түйіні өмір шындығында, сол шындықтың куәсі болған бас геройдың характерінде жатқандығы анық та ақиқат.
Бауыржанның даңқын алғаш кең таратып жіберген Александр Бектің “Волоколам тас жолы” атты романы болатын. Романның алғашқы бетін ашқанда-ақ, майдан картасын алдына жайып салып офицерлерге бұйрық беріп отырған Бауыржан бірден алдыңнан шығатын. Соғыс тағдырын, соғыс құпиясын жете түсініп, жүрекпен сезінбей тұрып шығарма жазам деушілік әурешілік деп, бірден тік кететін Бауыржан Момышұлы оқырмандарға сол бір мінезімен ұнаған-ды.
“Ақиқат пен аңызда” Бауыржанның осы мінезі әр қырынан көрініп, соғыс майданында, жауынгерлер алдында үлкен істерді батылдықпен шешуге көмектеседі. Тапқыр да алғыр, сезімтал да секемшіл, қажырлы да қайратты офицердің характері осы бір белгілерімен дараланған.
Майдан шебінде абырой, атаққа ие болған геройдың характерін айқын ашу үшін жазушы Момышұлына дүркін-дүркін сұрақтар қойып, өзара сырласып, өзара пікір таластырып отырады да, аңыз бен ақиқаттың ара жігін ашады. “Ұшқан ұя” мен “Москва үшін шайқаста” әңгімеленетін оқиға тізбегінен жазушы жаңа жол тауып, роман-диалогта геройдың психологиялық толғаныстары мен дүние танымына айрықша зер салған
Сонымен бұл романда Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлік пен батылдық, алғырлық пен тапқырлық, жауға деген ыза-кек қат-қабат суреттеліп, патриотизм үлкен жеңістің рухани күшіне айналған. Отан соғысы кезінде небір қиын-қыстау кезеңдерді басынан кешірген тарихи тұлғаның айқын көрінісін Бауыржан характерінен тапқан. Соғыс эпизодтарын, майдан өмірін жалпылама шолудан бойын аулақ салған жазушы характерді ашу үстінде деректі материалдарға көбірек жүгінеді де, сол арқылы Ұлы Отан соғысындағы қаһармандық, ерлік күресті әр алуан жақтарынан ашып, шығарманың халықтық сипатын көтерген.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет