Шипагерлік баян күні бүгінге дейін құндылығын жоғалтқан жоқ. Ғалым бұл кітапты Жәнібек ханныңтапсыруымен 1470



Дата15.12.2023
өлшемі16,93 Kb.
#139365
Байланысты:
14сабақ


1)Өтейбойдақтың өмір дерегі, туған, өлген жылдары негізінен "Шипагерлік баян" кітабындағы мағлұматтар бойынша белгілі. Автор "Шипагерлік баян" кітабын Жәнібек ханның тапсыруы бойынша 70 жасында жаза бастағаны туралы, содан Жәнібек хан дүние салған 1473 жылы кітапты 85 жасында жазып бітіргені жөнінде дерек қалдырған. Сондай-ақ, Өтейбойдақтың 90 жасқа жақындап дүние салғаны жөнінде де дерек бар. Демек, Тілеуқабылұлы Өтейбойдақты 1388 жылы дүниеге келіп, 1478 жылы дүние салды деп жобалауға болады. 
Өзінің төл тәжірибелеріне сүйеніп, осыдан 5 ғасырдан бұрын жазған медициналық үлкен ғылыми еңбегі – «Шипагерлік баян» күні бүгінге дейін құндылығын жоғалтқан жоқ. Ғалым бұл кітапты Жәнібек ханныңтапсыруымен 1470 ж. (жасы 70-тен асқан шағында) бастаған. Кітабында өзінің аты-жөнін ғана атап, өмірбаянын жазбаған. «Шипагерлік баянда» – жүрек, ми, сөл (адам организмінен бөлінетін), т.б. мүшелердің адам организмінде алатын рөлі, күйік, үсікті емдеу, тамыр ұстау сияқты өзекті мәселер айтылған. Кітапта шешек ауруына қарсы вакцина егуді ағылшын ғалымы Э.Женнерден (1796) 320 жыл бұрын жазғандығын атап айту қажет. 
«Шипагерлік баянда» өсімдіктерден алынған 854 түрлі, жануарлардан алынған 455 түрлі шипалық қасиеті бар емдік дәрілердің тізімі, адам мүшелерінің 430-ға тарта атаулары, мыңнан аса дәрі және 4577 рецепт берілген. 
Бұл қолжазбаны Райымбет, Шыбыл, Қоңырбөрік, Тама, Бұршақ би бір-біріне өсиетпен тапсырып, хижраның 1170-жылына келгенде (Григорий күнтізбесі бойынша 1827–1828 ж.) бесінші рет, 1952 ж. Түменбай Ыстанбайұлы (Іле аймағы, Текес ауданы Шиліөзек а.) алтыншы рет, 1991 ж. Нұртай Түменбайұлы 1952 жылғы нұсқаның 1968 ж. өртелгеннен кейін қалған бөлігін жетінші рет көшірген. Бұдан кейін 1994 ж. араб әрпімен Үрімшіде (Қытай), 1996 ж. Алматыда(«Жалын» баспасында) қазақ тілінде басылып шықты.
"Шипагерлік баян" бүгінгі күнге Өтейбойдақтың ағайын-ұрпақтары арқылы жеткен. Кітап уақыттың алуан түрлі зобалаңынан өтіп, мейлінше көлемді мұраның төрттен бір бөлігі ғана бүгінгі ұрпақтың қолына тиген. Қалған бөлігі Қытайдағы атышулы "мәдени төңкеріс" кезінде "хуң-уейбиндер" тарапынан өртелген. Өтейбойдақтың "Шипагерлік баян" кітабы қазақтың дәстүрлі медициналық тәжірибесі туралы мейлінше мол мағлұмат береді. Бұл ретте, автордың мыңнан астам дәрі түрлерін тоғыстыру арқылы 4 мыңнан астам шипалық шаралардың қолданымын (рецепт беру) ұсынуы, оның білікті шипагер, ғүлама ғалым болғанын пайымдатады. Сондай-ақ, "Шипагерлік баян" кітабында өсімдіктен алынатын 728 түрлі, жан-жануарлардан алынатын 318 түрлі, металл-металлоидтардан түзілетін 318 түрлі шипалық қасиеті бар дәрілердің аталуы, 500-ге тарта анатомиялық атаулардың келтірілуі, бүл еңбектің тарихи-этнографиялық мән-маңызының ерекше екенін білдіреді. Теңдесі жоқ "Шипагерлік баян" — ол заманда да қазақ тілінің қаншалық тұнық, бай болғанының айқын дәлелі. "Шипагерлік баян" кітабы арқылы Өтейбойдақ Тілеуқабылүлының тек қана ғүлама шипагер емес, сонымен бірге халықтың өмір салтына, дүниетанымына, рухани мәдениетіне мейлінше қанық болғаны, өз заманының терең ойлы, ұлтжанды түлғасы болғаны айқын аңғарылады
2). Философия мәдениеттің барлық элементтерімен тығыз өзара байланыста 
болады. Мәдениеттің жүйелілік сипатамасы өзінің элементтеріне қатынасы 
бойынша біріктіруші болып табылып, ондағы компоненттерінің болуын 
болжайды. Мәдениеттегі осындай біріктіруші байланыстар біріншіден, осы 
қоғамда үстем ететін құндылықтар жүйесі арқасында, екіншіден, адамзаттың 
интеллектуалдық дамуы мен ғылым жағдайының нақты кезеңдеріне тән 
дүниенің бейнесіне, және де үшіншіден, ғылыми ойлау стилі арқасында пайда 
болады. Мәдениеттің рухани жүйесіне ене отырып философия оның барлық 
компоненттерімен өзара байланысады, әсіресе зерттеу пәні болып адам 
табылатын ғылымдармен байланысы өте зор.
Медицина ғылымындағы қазіргі кездегі зерттеулер медицина теориясының 
тек табиғи-ғылыми білімдеріне ғана сүйенбейтінін сипаттайды. Жүйке-
психикасының бұзылуының көбеюі, соматикалық аурулардың психогендік 
механизмін айқындау, терапевтік әсерлердің тұлғалық факторлерге тәуелділігі 
және басқа факторлар адам ағзасы өмірі мен оның патологиясының мәндерін 
түсіну барысында кең ауқымды тәсілдерді қажет етті. Сондықтан да 
медицинаның базисін кеңейту үшін, оны жаратылыстану және гуманитарлық 
білімдермен қатар түсіндірме құрылыстарға енгізуге заңды беталыс 
айқындалды. Осылайша, қазіргі жағдайларда медициналық теорияның 
философиялық білімдерге тәуелділігі артады.
Бүгін медицинаның барлық мәселелерін шешу үшін табиғи-ғылыми 
негіздер жеткіліксіз. Сондықтан да, біріншіден, табиғи-ғылыми негіздер 
шегінен медицинаның когнитивтік негізін кеңейту қажет, және екіншіден, 
аксиологиялық (құндылықтық) мәселе медицинада ерекше орын алады. 
Медицинадағы құндылық мәселесінің екі қыры бар: 1) медицина 
әдіснамасының аксиологиялық жанамалық мәселесі ретінде, 2) денсаулық, 
сырқат және сауығу, сақтандыруды әлеуметтік жанамалық мәселесі ретінде. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет