Шоқан(Мұхамедқанафия) Уәлиханов 1835-1865 Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов



бет1/4
Дата20.05.2022
өлшемі1,65 Mb.
#35183
түріӨмірбаяны
  1   2   3   4

Шоқан(Мұхамедқанафия)
Уәлиханов
1835-1865

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия1835 —1865) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы,тарихшыфольклоршы

этнографгеографағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен.


Шоқан Уәлиханов

Өмірбаяны

  • Шоқан қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасында атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген.

Хронология

  • Туған кездегі есімі: Мұхаммед Қанафия
  • Қызметі: шығыстанушы, тарихшы,фольклоршы, этнограф,географ, 
  • ағартушы,

  • Туған күні: 1835 жыл
  • Туған жері: Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Күнтимес ордасы
  • Ұлты: қазақ
  • Қайтыс болған күні: 10 сәуір 1865
  • Қайтыс болған жері: Көшентоған, Жетісу
  • Әкесі: Шыңғыс Уәлиханов
  • Анасы: Зейнеп Шорманова
  • Жұбайы: Айсары Уәлиханова
  • Балалары:жоқ
  •  

Отбасы

  • Әкесі: Шыңғыс
  • Шешесі: Зейнеп
  • Атасы: Уәли
  • Арғы атасы: Абылай
  • Әжесі: Айғаным

12 жасына дейін жеке меншік мектепте оқыған.ол мектепте жүріп өлең, жыр, аңыз,
әнгімелерді оқып үйренеді.
Шығыс тілдерінен араб, парсы, орыс, тілін кейінірек Орта Азияның түркі тілдерін меңгерген. 1847 жылдың күзінде оны әкесі кадет корпусына оқуға береді.

Кадет корпусы

1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. Кадет корпусына алғаш оқуға түскен кезде Шоқан орыс тілін білмесе де өзінің зеректігімен тілді тез үйренді. Сібір кадеті корпусында оқудың соңғы жылдарында-ақ, Шоқан саналы, терең ойлы, жан-жақты білімді, өзіндік қөзқарасы қалыптасқан, туған халқының қажет-мұқтаждарын пайымдап, түсіне алатын, оған барынша пайдалы қызмет етуге әзір екендігін танытты.


«Корпуста ой-өрісі, білім жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озып отырды.Оған талайлар – ақ назар аударды.Ол сондай қабілетті еді, өзінен екі жас үлкендердің қласындағыларды да білім , идея жағынан басып озды»,-деп жазды бірге оқыған досы,этнограф-ғалым Т.Н. Потанин.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет