Шортанбай Қанайұлы (1818, қазіргі Жамбыл облысы Қаратау өңірі 1881, қазіргі Қарағанды облысы Шет ауданы) ақын, діни қайраткер. Ол Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың отбасында дүниеге келген



Дата11.11.2022
өлшемі16,08 Kb.
#49521
Байланысты:
рефарат


Шортанбай Қанайұлы (1818, қазіргі Жамбыл облысы Қаратау өңірі – 1881, қазіргі Қарағанды облысы Шет ауданы) – ақын, діни қайраткер. Ол Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың отбасында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып замандастары қатарлы білім алмаған. Бұрыннан қазақ халқының қасиетті астанасы есепті Түркістан қаласы, оның сол тұстағы шар тарапқа жайылған даңқы жас талапқа әсерсіз болмаған.
Қиялына қанат бітіріп, өнер-білім биігіне талпыған алғашқы тәлім-тәрбие ұясындай ізгі әсер еткен, парасатты ақыл иелеріне жақын жүріп, жақсылар қатарына ерте ілескен. Көзі ашық, сауатты, білімге құштар жасқа үлгі-өнер боларлық ойлы орта, тәлімге - ұстаздар да кезіксе керек-ті.
Көкірегі ояу, көркемдікке әуес сезімтал жас естіген есті сөздерін құлағына құйып, көрген ғажайыптарың ойына орнықтырып, шама-шарқынша ақылға салып, санамен салмақтайды.
Жас талап тұстастарының бірі аллатағала әмірімен, діни түсіністіктермен баланыстырса, екіншісі Яссауи қалдырған парасат сөздерін тақпақтап, ауызға-өсиетке негізделген "Диуани Хикметтен" үзінділер келтіріп, көкеге ой салар сырлы сөзжинағын ауызға алар еді. Жалғыз ғана емес, одан бергі Түркістандық өнерпаздар.
19 ғасырда өз дәуірінің шындығын бүге-шігесіне дейін көрсете білген бірден-бір ақын, өз дәуіріндегі қоғамдық, әлеуметтік өмірдің әр саласын кеңінен қамтып, көркем бейнелеген ірі суреткер. Шортанбай өмірі мен шығармашылығы жөнінде қолда бар деректер тым шағын
Ақын өлеңдерін тұңғыш жариялаған академик В.Радловтан кейін Қазан қаласында оның өлеңдер жинағы басылып жарық көрсе, кешегі Кеңес өкіметі тұсында шығармалары әр алуан жинақтарда басылып келді. Мұның бәрі ақынның өлең, жырларының ел жүрегінен өшпестей орын тепкенінің айқын куәсі болып табылады. Шортанбай ақын әдебиетіміздегі «Зар заман» деп аталатын әйгілі кезеңнің ірі өкілдерінің бірі. Ол бүкіл саналы өмірі мен бойындағы ақындық асыл дарынын туған халқының отаршылдық езгідегі ауыр халін, оның ертеңгі болашағының мән-жайын жырлауға арнады, өзі куә болып отырған заманның кесел-мерездерін өзгелерден бұрын сезініп, соны аяусыз әшкерелеуге аянбай атсалысты. Ақын белгілі бір ортаның немесе аймақтың ғана емес, барша халықтың мұң-мұқтажын толғады, көптің жоқтаушысы болды.
Шортанбай өмірі туралы айтып өткендей деректер аз. Оның Қаратауда туып, кейін Арқаға ауғаны өз өлеңдерінде айтылады.
Қаратаудың халқы едім,
Қожа емес едім, сарт едім.
Көк есекті мінуші ем,
Масақ теріп жүруші ем.
Арқаға шығып, нан жедім,
Нан жеген соң дәндедім.
Жүйрігі болса, мінсем деп,
Сұлуы болса, сүйсем деп
Күннен күнге өрледім, –
дейді ол.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет