Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы ҰЕҰ, саяси партиялар мен бақ рөлі жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениетті



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата15.11.2023
өлшемі8,54 Mb.
#122795
  1   2


Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимылдағы
 ҰЕҰ, саяси партиялар
мен БАҚ рөлі жəне
сыбайлас жемқорлыққа
қарсы мəдениетті
қалыптастыру
2023
Бисенбай Фариза(Ш-23)


Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша
мақсаты сыбайлас жемқорлықтың кез келген
көрінісіне төзбеушілік ахуалын қалып- тастыру
болып табылатын «Нұр Отан» партиясы 2015 –
2025 жылдарға арналған Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын
әзірледі.
Кіріспе:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимылда және сыбайлас жемқор-
лыққа қарсы мәдениет
қалыптастыруда саяси партиялар мен
партиялық ұйымдар белсенді
қатысуда.
Саяси партиялар азаматтық қоғам
институттарымен ынтымақтастық
орнатуға және қоғамдық бақылауды
дамытуға ерекше көңіл бөледі.
Әріптестер ретіндегі осы
институттардың оң әсері олардың
тәуелсіздігін және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы
мүдделілігін қамтиды. Олардың
әлеуетін тиімді пайдалану қоғамның
осы процеске қатысуын кеңейтуге
мүмкіндік береді.


Бағдарламаны қабылдау бірінші кезекте
«сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық
мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық бақылауды
күшейту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты
туғызатын себептер мен шаттарды жою» болып
табылады. Осы құжатқа сәйкес Қазақстанда
қоғамдық бақылау институты енгізілуде,
сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық
мәдениетті қалыптастыру бойынша шаралар
қабылдануда. 
Бағдарлама шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қоғамдық
инфрақұрылымын құру және азаматтар құқықтарын қорғау, олардың лауазымына
қарамастан тұлғаларды жауапкершілікке тарту, сыбайлас жемқорлықпен
проблемаларды талқылау бойынша негізгі міндеттер шешілді.
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру үшін барлық қолда
бар әлеуетті, бірінші кезекте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі
республикалық қоғамдық жұмыс кеңесі және «Нұр Отан» партиясының Партиялық
бақылау комитеті сияқты партиялық ұйымдардың қызметін күшейту қажет.
«Нұр Отан» жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі
республикалық қоғамдық жұмыс кеңесі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-
қимыл, себептері мен оның пайда болуының алғышарттарын жою мәселелері
жөніндегі консультациялық-кеңесші орган.


Кеңес сыбайлас жемқорлыққа қарсы
заңнаманы бұзушылықтардың жолын
кесуге жәрдемдесу, мемлекеттік билік,
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін
өзі басқару органдарында сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас
жемқорлықты туғызатын себептер мен
шарттарды жою, лауазымдық жағдайын
пайдаланумен қасақана және құқық
бұзушылықтарды түп тамырымен жою,
қоғамда сыбайлас жемқорлыққа атымен
төзбеушілік қатынасты қалыптастыру
бойынша мемлекеттік саясатты жетілдіру,
бойынша жұмыс жасайды..
Бұл маңызды стратегиялық құжатта сыбайлас
жемқорлыққа саясат тұжырымдамасы бекітілген
және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін
төмендетуге ықпал ететін іс-шаралар кешені
әзірленді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты
іске асырудың маңызды қадамы Құрылымдық
реформаларды іске асырудың 2014-2015 жылдарға
арналған жол картасының ҚР Үкіметінің 2014 жылғы
24 қазандағы № 1012 қаулысымен бекітілуі болды.
Осы құжатта таяудағы перспективада бизнесті
дамыту үшін тосқауылдарды жою бойынша, сондай-
ақ сыбайлас жемқорлықты төмендету бойынша кезек
күттірмейтін шаралар белгіленген. Жол картасында
сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күрес жүргізу
мақсатында Қазақстан Республикасының Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мемлекеттер
тобына (ГРЕКО) кіруі және Сыбайлас жемқорлық
үшін қылмыстық жауапкершілік туралы конвенцияға
және 2020 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлық үшін
азаматтық құқықтық жауапкершілік туралы
конвенцияға қосылуы бойынша, ҚР Үкіметіне 2017
жылғы 1 қаңтардан бастап халықтың табыстары мен
шығыстарын жалпы декларациялауға көшуін
көздейтін заң жобасын енгізу бойынша мәселе
қарастырылды


Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың қызметін
бақылауды жүзеге асыруды реттейтін мынадай үш негіз
қалаушы заң қабылданған: «Қоғамдық кеңестер туралы»
2015 жылғы 2 қарашадағы № 383–V Қазақстан
Республикасының Заңы. Осы Заң қоғамдық кеңестердің
құқықтық мәртебесін, халық алдында есеп беретін
мемлекет қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты
іске асыруға, барлық деңгейлердегі мемлекеттік
органдардың шешімдер қабылдауына коммерциялық емес
ұйымдардың, азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз
етуге бағытталған қызметін қалыптастыру және
ұйымдастыру тәртібін айқындайды; 
– «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы
№ 401-V Қазақстан Республикасының Заңы [8]. Заң
ақпаратты заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен
еркін алу және тарату жөніндегі әркімнің конституциялық
құқығын іске асыру нәтижесінде туындайтын қоғамдық
қатынастарды реттейді; 2016 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа
енгізілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»
2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Қазақстан
Республикасының Заңы. 
Бұл құжатта басымды назар сыбайлас жемқорлықтың
алдын алу мен жолын кесуге, сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күреске жәрдем көрсеткен адамдардың қауіпсіздігі
мен қолсұғылмаушылығының кепілдігін қамтамасыз ету
тетігін енгізуге аударылады


Қазақстан Республикасында сонымен қатар барлық жеке
тұлғалардың табыстары мен мүлкін декларациялау енгізілуде.
2015 жылғы 18 қарашада Мемлекет басшысы «Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке
тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасы Заңына қол қойды.
Заң Мемлекет басшысының «Бес институционалдық
реформаларды іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт
жоспарын орындау, Қазақстан Республикасының 2015-2025
жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы
стратегиясының, Қазақстан Республикасының азаматтары мен
тұруға ықтиярхаты бар адамдардың кірістерін және мүлкін
жалпыға бірдей декларациялауға көшіру тұжырымдамасының,
сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа
қарсы ісқимыл жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық
бағдарлама шеңберінде әзірленді. Қоғам алдындағы мемлекеттік
органдар қызметінің ашықтығы қолданыстағы сыбайлас
жемқорлыққа қарсы шаралардың бірі болып табылады.
Қазақстанда мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган
жанынан Қоғамдық кеңес құрылды. Оның басым міндеттері
мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру, сондай-ақ
халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру бөлігіндегі кері
байланысты қамтамасыз ету болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет