Сыбайлас жемқорлықты қалай жеңеміз?



Pdf көрінісі
Дата31.12.2021
өлшемі47,48 Kb.
#21893
Байланысты:
Сыбайлас жемқорлықты қалай жеңеміз?



Сыбайлас жемқорлықты қалай жеңеміз?

Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның

сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал

шешiмi күрделi мəселелер де бар. Ол – əлеуметтiлiк мəселе.

Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған

мəселе, ол – сыбайлас жемқорлық.Елiмiзде осы мəселеге

арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар

да баршылық, бiрақ бұл мəселе əлi толық шешiмiн тапқан жоқ.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі

күрделі мəселесі болып отыр. Үлкен əлеуметтік қасірет болып

табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын

əлемдегі


барлық

елдердің


қай-қайсысын

да

қатты



алаңдататыны анық.

Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп,

мол қаражат жəне қоғамдық бəсекелестік пайда болған

жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай

отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің

жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.

Мемлекеттің

дамуына


бармақ

басты,


бұрынғы

өткен


ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды

биде иман жоқ» деген. Олардың əділдік пен турашылдықты ту

еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Əйтеке би

жəне тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дəлел

болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз.

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сəйкес,

сыбайлас

жемқорлық

қылмыстарға

негізінен

лауазымды

қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс

пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану,

пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік

жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, осындай

қылмыстардың

барлығы

жемқорлық

сыбайластық

байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

Қазіргі таңдағы мəселелердің бірі — қоғамдағы сыбайлас

жемқорлық.Бұл мəселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас

жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын



тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың

алдында тұрған ортақ мəселе екені айқын.

Осындай қоғамға жат нəрсені болдырмау үшін, бала-бақшадан

бастап бүлдіршіндерге түсіндіру қажет. Содан кейін барлық

деңгейде, яғни мектепте жоғары оқу орнында, жұмыс орнында

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңындағы

өзгерістер

мен


жаңалықтарды

қызықты,


əрі

көрнекті


материалдармен

түсіндіру,

құқық

бұзушылыққа



«Төзбеу

дағдысын»,

қоғамдағы

сыбайлас


жемқорлыққа

қарсы


иммунитетті

жəне


жалпы

адамдар


арасында

сыбайлас


жемқорлыққа

қарсы


мəдениетті

қалыптастыру

туралы

ақпаратты, сонымен қатар өздерінің біліміне жəне болашағына



деген жауапкершілікті ынталандыруға насихаттау жайында

бейне жəне мысал түріндегі мəліметтерді таныстыру керек.Сол

кезде жемқорлыққа қарсы көз-қарас пайда болады деп

ойлаймын.

Менің ойымша, Қазақстан Республикасының барлық

азаматтарының азаматтық борышы сыбайлас жемқорлықпен

күресу болып табылады.Егерде біз ел болып, халық болып, бір

жұдырықтай жұмылсақ сыбайлас жемқорлықты жоятынымызға



күмəнім жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет