Дәріс Ауыз әдебиетіндегі шешендіктің үлгілері



Дата03.05.2023
өлшемі16,3 Kb.
#89399

Дәріс 4. Ауыз әдебиетіндегі шешендіктің үлгілері.
1 Жыраулық поэзиядағы мақал-мәтелге тең келетін тіркестер, шешендік өрнектер.
2 Асан Қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Бұқар жырларындағы жұмбақ мәнді сөздер.


1.Жыраулық поэзиядағы мақал – мәтелге тең келетін тіркестер шешендік өрнектер Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиеті туындыларынан, ертегі, аңыз әңгімелерден, өлең – жыр, дастандардан ұшыратамыз. Осы сөз өнерінің кең қанат жайып, орнығып дамуында тапқырлық пен шешендіктің тамаша нұсқалары – жыраулар толғаулары, айтыстар мен мақал – мәтелдердің орны ерекше. Ауыз әдебиетінің қандай үлгілерін болса да әуел баста жеке адамдар шығарған. Бірақ ерте кезде, жазу өнері болмағандықтан, ауыз әдебиетін шығарущылардың аттары хатқа түспеген, сақталмаған. Баланың қазақ халқының ауыз әдебиетімен таныстығы халық творчествосының ең кішкене түрлері – мақал – мәтелдер, өлең – жырлар, халық ертегілерінен басталады. Жыраулар өз шығармаларын ақыл – нақыл, өсиет түрінде айтқан. Қазақ халқының шешендік өнері, сөздері мен сөз тіркестері құрылымындағы белгілі бір үйлесімділік, ұйқас, әуен – ырғақты сипаттаған еңбектер де баршылық. «Өнер алды – қызыл тіл», «Шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген» деп саналы сөзді сары алтыннан артық бағалаған халқымыз шешендік өнерді, атадан балаға мирас болған ақыл – нақылға толы өсиет сөздерді тәлім – тәрбиенің негізгі құралы еткен. «Ақылдың көзі – аталы сөз», «Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Көз жетпеген жерге көз жетеді», «Сөз сүйектен өтеді,таяқ еттен өтеді», «Қаһарлы сөз – қамал бұзар» тәрізді мақал – мәтелдерден ата – бабамыздың жүйелі түрде сөйлей білуді үлкен өнер санағаны байқалады. «Қадірсіз өнер халық есінде сақталмайды, халық бір алтын іздеуші,ол талғап алады да сақтайды және сақтай жүріп, олардың ең құндыларын, ең даналарын ондаған, жүздеген жылдар,тіпті ғасырлар бойы өңдейді» демекші, тілдің нарқын,сһздің парқын түсінетінтілдік орта өлең, жыр не мән – мағынасы мол мақал – мәтел, қанатты, нақыл сөз немесе «өткірдің жүзіндей, кестенің бізіндей»ұтымды сөз орамын есте сақтауға тырысқан.Жыраулар поэзиясы философиялық терең ойға толы. Олардың поэзиясы өсиетнама түрінде келеді. Сондықтан да жыраулар поэзиясында нақыл, афористік сөз оралымдары мол. Жыраулар поэзиясында синтаксистік параллелизмге, дыбыс үндесулеріне, ішкі ұйқасқа құрылған өрнектер де аз емес. Арнау түріндегі сөз қолданыстар да баршылық. Жыраулар өз поэзиясында терең философиялық ойды бейнелеу үшін өлеңдерінің ұйқас, ырғақтарын сол мақсатқа орай алған. Оған бірнеше мысал келтірейік:
Жабағылы жас тайпақ,
Жардай атан болған жер.
Жатып қалған бір тоқты,
Жайылып мың қой болған жер.
(Қазтуған)
2.Асан Қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Бұқар жырау жырларындағы шешендік өнері.
Асан Қайғы есімі қазақ сахарасының қай түкпірінде болмасын аян. Шежіре қарттардың Асан атын естімегені, оның бірер ауыз нақылын, шешендік толғамдарын білмейтіні кемде – кем. Ол сонау 1456 жылдары Жәнібек, Керей көшін тоқтатпақ болып, туған жерді қимай былай деп толғайды.
Еділ мен Жайықтың
Бірін жазға жақтасаң,
Бірін қысқа қыстасаң,
Ал қолыңды маларсың
Алтын менен күміске!-
Адамгершіліктің асыл мұраттарын алға тартып, ел қадірін, жер қадірін, су қадірін білуге үндейді.
Қазтуған Сүйінішұлы – халық аңыздарында қолбасы, батыр делінеді,әскери ақсүйек тұқымынан шыққан. Жорық жыршысы, халық эпосын жасаушылардың бірі Қазтуған жырау артына өмір, болмыс туралы, атамекен, туған ел жайлы және әскери тұрмысқа қатысты сан алуан жырдан құралған мол мұра қалдырды. XV ғасырдың екінші жартысында өз қарауындағы рулармен бірге Еділден ауып, Қазақ ордасының құрамына өтеді. Елге алаңдаған, Еділді қимай артына қарайлаған мына өлеңі сол кезде туса керек:
Алаң, алаң, алаң жұрт
Аққала ордам қонған жұрт.
Атамыз біздің бұ Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт.
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт.
Қарғадай мынау Қазтуған
Батыс болып туған жұрт.
Кіндігімді кескен жүрт...
Қайран да менің Еділім!
Қайран да менің Еділім!
Доспамбет жырау – 1490 жылы Азау қаласында туып, 1523 жылы Астрахан маңында қаза болған көне қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі және жорық жыршысы. Доспамбеттің «Қоғалы көлдер, құм сулар», «Азау, Азау дегенің», «Айналайын Ақ Жайық», т.б. өлеңдері белгілі.
Айналайын Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда?
Еңсесі биік боз орда
Еңкеймей кірер күн қайда?
Қара бұлан терісін
Етік қылар күн қайда?
Күдеріден бау тағып,
Кіреуке киер күн қайда?
Күмбір – күмбір кісінетіп
Күреңді мінер күн қайда?
Бұқар жырау. Оның туған жері – Жиделі Байсын өлкесі. Дәл туған жылы белгісіз, мөлшермен, XVIII ғасырдың соңғы ширегі.Бұқар жырау шындықты бетке айтатын батылдығымен де дараланды. Бірде Абылай көршілес орыс еліне қарсы жорық ашпақ болғанда, Бұқар жырау оның немен тынатынын болжап, халық үшін қатерлі жаугершілік жолынан сақтап қалады.Абылайдың асып – тасқанын, жөнсіздігін көргенде, оның хан болып туа қалмағанын еске салатын:
Ей,Абылай, Абылай!
Сені мен көргенде,
Тұрымтайдай ұл едің,
Түркістанда жүр едің.
Әбілмәмбет патшаға
Қызметші болып тұр едің –
Қалтақтап жүріп күнелтіп,
Үйсін Төле билердің
Түйесін баққан құл едің...
Студенттердің өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1.Жыраулық поэзиядағы тіркестердің мағынасын ашу.
2.Асан Қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Бұқар жырларына талдау жаса.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет