«Сыңғырла, соңғы қоңырау» салтанатты жиынға дайындық
Фанфары. Жүргізушілер шығады.
Жүргізуші 1: Құрметті ата-аналар, аяулы ұстаздар, қонақтар, қымбатты оқушылар! «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынға жиынға қош келдіңіздер! Мектебімізде еңбек етіп, қайтыс болған ұстаздардың ескерткішіне гүл шоқтарын қою 9 сынып оқушылары мен мектебіміздің ардагер ұстаздарына беріледі.
Жүргізуші 2: Ұлы отан соғысында қайтыс болған ардагерлеріміздің ескерткішіне гүл шоқтарын қою ауылымыздың карт ата-апаларымызға беріледі.
Жүргізуші 1: Құрметті ата-аналар, аяулы ұстаздар, қонақтар, қымбатты оқушылар! «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынға жиналған қауым. Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің түлектері бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.
Жүргізуші 2:
Міне, бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр жылы қайталанбас тарихқа толы, оқушылардың сыныптан-сыныпқа көшіп асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын мектептің мерекесі – соңғы қоңырау салтанаты! Жылдағы дәстүр бойынша білімнің ордасы, ұлылықтың мекенінде тойланатын «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» салтанатына қош келдіңіздер!
Жүргізуші 1:
Міне, көптен күткен салтанатты сәт те келіп жетті. Кеше ғана мектеп табалдырығынан имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасар сәтті күтіп, соңғы қоңырау мерекесіне келді. Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім деп, атақты жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, жан-жақты дамыған ұрпақтың болашағы білім беру жүйесіне байланысты.
Жүргізуші 2: Ондай білім беретін білім ордасы – мектеп. Бүгінгі мектеп бітіруші түлектеріміздің алдында тұрған басты мақсат – әлемнің басқа халықтарымен бірдей тең дәрежелі білім алу.
Жүргізуші 1:--Жас жүректің өмірлік құштары –гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр. Мектеп бітіруші түлектерімізді қошеметтеп қарсы алыңыздар! 2019-2020 оқу жылының “Сыңғырла , соңғы қоңырау” атты салтанатты мерекемізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! Жас түлектерімізді қарсы алыңыздар. Ерғалиұлы Ернұр Бақытжанқызы Аружан
Сүндетов Бекзат Тұранова Эльвира жаппай оқушылардың атты аталады қажетілігіне қарай бұл сыныпта өтілуі де мумкін оқушылардың көніл күйін көтеру мақсатында көп оқушылар биыл колледждерге кетеді сол үшін.