Тақырыбы: Ұстаз – ұлы тұлға! Мақсаты



бет1/3
Дата25.11.2023
өлшемі13,45 Kb.
#126340
  1   2   3

Тақырыбы: Ұстаз – ұлы тұлға!
Мақсаты:

Барысы

1-жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар, Құрметті де аяулы ұстаздар! Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын! Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ.
2-жүргізуші: Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз.

1-жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің шымылдығын ашып беру үшін алғашқы құттықтау сөзін мектебіміздің директоры Досумбеков Ерлан Қадірұлына береміз. (сөз сөйлейді)
*********
2-жүргізуші: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың. - Келесі құттықтау сөзін оқу ісінің меңгерушісі Исабекова Сандуғаш Рахметоллақызына береміз. (сөз сөйлейді)
*********


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет