Сілекей бездері ұСАҚ сілекей бездері



Дата12.01.2022
өлшемі303,84 Kb.
#23979
түріҚұрамы

СІЛЕКЕЙ БЕЗДЕРІ

ҰСАҚ СІЛЕКЕЙ БЕЗДЕРІ

ІРІ СІЛЕКЕЙ БЕЗДЕРІ





Кілегей қабатында орналасады

  • Ерін
  • Ұрт
  • Таңдай
  • Тіл бездері жатады

Ауыз қуысынан тыс орналасқан қос бездер

Сілекей бездерінің қызметі:
  • Экзокринді қызметі тағамды шылап, оған сұйықтау қасиет беріп, шайнауға, жұтуға көмектеседі.
  • Қорғаныс қызметі құрамында бактерицидті зат лизоцимнің болуына байланысты
  • Эндокринді қызметі сілекей құрамында ББЗ, гормондар инсулин, нервті өсіретін фактолар т.б бар.

Сілекей безінің құрылымдық қызметтәк бірлігі - саливон. Элементтері: бөліктері (ацинус), сілекей өзегі

Ас қорыту бездерінің қызметін фистула әдісі арқылы зерттеуде көрнекті орыс ғалымы И. П. Павловтың еңбегі зор. Ғалымның бұл саладағы еңбегіне физиология ғылымындағы іргелі жаңалық ретінде Нобель сыйлығы берілген. Қазіргі кезде ас қорыту мүшелерінің ішкі сілемейлі қабыгындағы өзгерістерді зерттеуде эндоскопия әдісі қолданылады. Оның көмегімен арнайы оптикалық құралдар арқылы ас қорыту мүшелерінің ішкі құрылысын көруге және суретке түсіріп алуға болады.

Ас қорыту бездерінен бөлінетін сөлдің құрамында күрделі ағзалық заттарды қарапайым заттарға дейін ыдырататын ерекше заттар болады. Оларды ферменттер деп атайды.

Ас қорыту сөлдері

Тәуліктік бөлінетін мәлшері

рН

Құрамы

1. Сілекей

50-2 000 мл

5,6-7,6

Су және амилаза

2. Қарын сөлі

2,0-3,0 л

1,49-1,8

Тұз қышқылы, су, липаза, лизоцим, пепсин

3. Панкреатин сөлі

600-700 мл

8,6-9,0

Су, амилаза, липаза, фосфотаза, трипсин, химотрипсин және т. б. ферменттер

4. Өт

500-1200 мл

5,6-8,5

Су, билирубин, холестерин, май, май кышкылы, лецитин, холин және т. б.

5. Аш ішек сөлі

1 000 мл

5,05-7,07

Су, сахараза, лактаза, жуық энтерокиназа, липаза, рибонуклеаза және т.б.

6. Тоқ ішек сөлі

270-1 550 мл

6,1-7,31

Су

Ауыз қуысына үш жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады: шықшыт, жақасты және тіласты. Бұлардан басқа ауыз қуысының кілегей қабатында ұсақ бездер болады. Олар муцинге бай сілекей бөліп шығарады. Сілекейдің құрамы мен мөлшері астың құрамындағы заттарға байланысты. Сілекейдің құрамында көмірсуын қорытатын ферменттер бар. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша, оның негізгі ферменті сілекей амилазасы крахмал мен гликогенді ыдыратады, бірақ ауыз қуысында ас өте аз уақытта болады, сондықтан химиялық әсер тамақты қорытуда онша маңызды емес. Дегенмен сілекейдің рН – реакциясы сілтілі реакция болғандықтан, ас қоймалжыңының қарында біртіндеп қорытылуына әсер етеді. Сілекейдің құрамындағы муциннің маңызы күшті, өйткені оның шұбаланып созылып жатқан белогы ас түйіршіктерін ауыз қуысынан өнешке, одан қарынға өтуіне ыңғайлы етеді.

Сілекейдің қорғаныш қызметі де маңызды. Оның құрамындағы лизоцим ферменті аспен бірге енген зиянды микроорганизмдерді (бактериялар, микробтар, вирустар) ерітеді немесе бірін-біріне жабыстырып тірлігін жояды.

Сәби туғаннан бастап сілекей бездері жұмыс істейді, бірақ олардың өндіретін сілекейінің мөлшері алғашқы айларда өте аз болады. 3 айдан аса сілекейдің мөлшері көбейеді, бірақ бұл кезде баланың сілекейді жұту қабілеті нашар болғандықтан сілекейі шұбырып, өте көп өндірілетін сияқты сезім тудырады. Шын мәнінде оның айтарлықтай көбейетін мезгілі 9 бен 12 айда және 9-11 жаста. Мектепке дейінгі балалардың сілекейінің жалпы тәуліктік мөлшері 850-1000 мл шамасында болады.

Сөл құрамында белокты ыдыратытын пепсин, сүт казеинін ұйытатын химозин (мәйек), майды қорытатын липаза ферменттері болады.



НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет