Тін дегеніміз бір-бірімен физикалық қосылған клеткалар мен олармен байланысқан клетка аралық заттан тұратын топтар, олар белгілі бір қызметтерді орындауға маманданған. Ағзаның әр түрлі тіндерінің мамандануы интеграцияланған және реттелген, сол себепті ағзаның өмір сүру қабілетінің сақталуы қамтамасыз етіліп отырады. Әр түрлі тіндер көбінесе мүшелер деп аталатын ірі функционалдық бірлікке бірігеді.Жануар тектес ағзасында тіндердің 4 түрі бар: эпителиалды, дәнекер, бұлшықет, жүйке.