СИЛЛАБУС 1. Пән туралы ақпарат Пәннің атауы Зат құрылысы Кредит саны 4
Курс, семестр: 2 курс, 3 семестр, 2023-2024 оқу жылы. (6В01510- Химия, 6В01512-Химия-Биология, 6В05301 - Химия)
Институт : Жаратылыстану және география
Кафедра Химия
Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі Бақыткәрім Ырысгүл, PhD, аға оқытушы
Контактілік ақпарат (телефон, e-mail) 87715776872, Rysgul_01_88@mail.ru
2. Бақылау түрі (ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан)* Жиынтық бағалау: Жиынтық бағалау: Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2)∙0,3+Емт∙0,4
3. Пәннің қысқаша мазмұны. Пәннің мақсаты «Зат құрылысы» жалпы курсы негізінде молекулалардың құрылысы мен геометриялық конфигурациясын анықтау, олардың физика-химиялық қасиеттерімен байланысын көрсету.
Пәннің негізгі міндеттері Білім алушыларды «Зат құрылысы» пәні бойынша оқыту нәтижелері (РО) ББ(ОП) бойынша пәндік құзыреттіліктермен қатар төмендегідей арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады: -білім және түсінік;
- білімді және түсінікті қолдана білу;
-пайымдауды қалыптастыру ;
-жеке қабілетті қалыптастыру.
4. Курстың академиялық саясаты: Академиялық тәртіп ережелері: • Әрбір аудиториялық сабаққа төменде келтірілген кестеге сәйкес алдын ала дайындалуыңыз керек. Тапсырманы дайындау тақырыбы талқыланатын аудиториялық сабаққа дейін аяқталуы тиіс.
• Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы үлестіріледі.
• Үй тапсырмаларының көпшілігі деректер қорының мысалында сұрау арқылы жауап беруге болатын бірнеше сұрақтардан тұрады; сізге сұрауларды орындау қажет болады және сіз алған жауаптар үй жұмысының келесі бөлігі үшін пайдалануға болады.
Академиялық құндылықтар:пән бағдарламасы тақырыптық принцип бойынша құрылған. Әр тақырып оның мазмұнын ашатын негізгі мәселелер тізімін қамтиды, дәрістік курста жүйелі түрде баяндалады және студенттерге практикалық сабақтарда, сондай-ақ өзіндік жұмыс барысында оқытылады. Осы мәселелерді білу студентке оқу процесінде, ал оқытушыға бақылау іс-шаралары кезінде пәннің жекелеген тақырыптарын меңгеру дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.