Маятниктердің түрлерімен таныстырып, олардың периодын, жиілігін анықтауды үйрету.
Мақсат:
1. Білімділік: Оқушыларды модельдер арқылы математикалық және серіппелі маятниктермен таныстырып, периодының формуласын қорытып шығару арқылы оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту;
1. Білімділік: Оқушыларды модельдер арқылы математикалық және серіппелі маятниктермен таныстырып, периодының формуласын қорытып шығару арқылы оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту;
2. Дамытушылық: Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістерін компьютерлік модельден бақылау арқылы оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту;
3. Тәрбиелік: Оқушыларды нақты қоршаған орта құбылыстарын танып білуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
Эксперименттік тапсырмалар
1-тапсырма. Ұзын жіпке массалары әр түрлі жүктерді іліп, тербеліс периодын анықта.
2-тапсырма. Ұзын жіпке жүкті іліп, оны әртүрлі бұрыштармен ауытқығандағы тербеліс периодын анықта.
3-тапсырма. Ұзын және қысқа жіпке ілінген шардың тербеліс периодын анықта.
Егер маятниктің ұзындығын өзгертпей, оған массалары әр түрлі жүктер ілсек,
онда маятниктің тербеліс периодының өзгермейтіндігі байқалды.
Математикалық маятниктің периоды жүктің массасына тәуелді болмайды.
2. Егер маятникті қозғалысқа келтіргенде оны әр түрлі бұрьшқа (бірақ өте үлкен
емес) ауытқытатын болсақ, онда ол амплитудасы түрліше болғанымен, бірдей
периодпен тербелді.
Математикалық маятниктің периоды тербеліс амплитудасына тәуелді болмайды.