Синий 3d иллюстрация Угадайте Слово Игра Забавная Презентация



Дата13.10.2022
өлшемі5,84 Mb.
#42817
Байланысты:
психология 6апта


Іс-әрекет ұғымы, құрылымы, түрлері.
Орындаған:Мұратбек Нұрай,Еркінқызы Пәруә,Жамашева Назерке,Токумчиева Ару
Іс-әрекет дегеніміз не?
Iс-әрекет – адамның қоршаған ортаға деген белсе ндi қатынасының бiр формасы немесе қоршаған орта мен субъектiнiң өзара қатынасының динамикалық жүйесi.Адамның басты ерекшеліктерінің бірі – адамның еңбекке қабілеттілігі, ал кез-келген еңбек түрі іс-әрекет болып табылады
Іс-әрекеттің құрылымы
Қажеттілік-белсенділік
Қажеттіліктер – ағзаның бір нәрсеге керекті кескінін ұсынатын және іс-әрекетке талаптанатын субъективті құбылыс болып табылады.
Мотив - субъекттің белсенділігі мен іс-әрекеттің бағыттылығын анықтайтын сыртқы және ішкі шарттардың жиынтығы.
Мақсат-адам іс-әрекеті бағытталған нәтиженің саналы бейнесі. Зат,құбылыс немесе белгілі әрекет мақсат бола алады.
1.
2.
3.
Іс-әрекеттің түрлері
Ойын
Еңбек
Оқу
Ойын – адам іс-әрекетінің ерекше түрі. Ойынның нәтижесінде материалдық немесе идеалдық өнім шығару көзделмейді. Көбінесе ойын сауық, бәсеңдік,демалу мақсатын көздейді. Ойынның бірнеше түрле рі бар: индивидуалды, топтық, заттық, сюжеттік, рөлдік және ережесі бар ойындар.
Ойын
Іс-әрекеттің тағы бір түрі – оқу. Оқу адамның білім,икем мен дағды алу мақсатын көздейтін іс-әрекеттің түрі болып саналады. Оқу ұйымдастырылған түрде және арнайы мекемелерде іске асуы мүмкін.Ол ұйымдастырылмаған да болуы мүм кін. Үлкен адамдарда оқу өзін-өзі жетілдіру сипатында болуы ықтимал. Оқу әрекетінің ерекшелігі – оқу тікелей индивидтің психологиялық дамуының қызметін атқарады.
Оқу
Адам іс-әрекетінің жүйесінде ерекше орын алатыны – бұл еңбек . Еңбектің арқасында адам қазіргі заманғы қоғамды, материалдық және рухани мәдениетті құрды, өмір жағдайын жақсартты. Осымен өзіне шексіз дамуға мол мүмкіндіктерді ашты. Еңбек құралдарын жасау және оларды жетілдіру ең әуелі еңбекпен байланысты. Олар өз алдына еңбек өнімділігінің, ғылымның дамуының, өндірістік өнімнің, техникалық және көркем шығармашылықтың артуының факторы болды.
Еңбек
Адам үшін іс-әрекетінің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен бір нәтиже шығару- оның екінші бір басты белгісі болып табылады. Адам психикасының дамуында іс-әрекеттің шешуші орнымен қатар, біз сананың да күрделене түсуіне ықпал жасайтынын еске алуымыз қажет.
Қорытынды
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет