Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: дюркгейм э. Социология образования. М., 1996



Дата30.11.2022
өлшемі87,1 Kb.
#53942

БІЛІМ
ӘЛЕУМЕТТАНУЫ

Дәріс жоспары: 1.Білім әлеуметтануының объектісі мен пәні. 2. Білім жүйесінің атқаратын қызметтері. 3. Білім жүйесінің құрылымы.

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. ДЮРКГЕЙМ Э. СОЦИОЛОГИЯ ОБРАЗОВАНИЯ. М., 1996

2.ДОБРЕНЬКОВ В.И. , КРАВЧЕНКО А.И. СОЦИОЛОГИЯ. М., 2009

3.ҚАЛДЫБАЕВА Т. БІЛІМ СОЦИОЛОГИЯСЫ. АЛМАТЫ, 2001.

БІЛІМ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ – БІЛІМ БЕРУДІ ӘЛЕУМЕТТІК ИНСТИТУТ РЕТІНДЕ ҚАРАСТЫРАТЫН, ОНЫҢ ҚОҒАМДА АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІН ЖӘНЕ БАСҚА ҚОҒАМДЫҚ ИНСТИТУТТАРМЕН ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫН ЗЕРТТЕЙТІН ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ БІР САЛАСЫ.


Білім әлеуметтануы ̶
келеңсіз тенденцияларды жоюға көмектесетін және қазіргі заманғы адамның мәдениетіне ықпал ететін жаңа күштерді іздестіретін ілімдердің бірі.

Қазіргі заманғы әлеуметтану ғылымы білім беруді көп деңгейлі жүйе ретінде зерттейді.

БІЛІМ ӘЛЕУМЕТТАНУЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ХІХ ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫНДА э.Дюркгеймнің еңбегінен басталды. Э.Дюркгеймнің бұл салаға арнап жазған еңбегі «білім әлеуметтануы» («education et sociologie») деп аталды. Бұл еңбек 1922 жылы жарық көрді.

Э.ДЮРКГЕЙМНІҢ ПІКІРІНШЕ, БІЛІМ ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚҚА ҮСТЕМДІК ЕТІП ТҰРҒАН МӘДЕНИЕТ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН БЕРУДІҢ ТӘСІЛІ

М.вебер білімнің әлеуметтік функцияларын, оның экономикалық, саяси процестермен байланысын зерттеді. Т.парсонс білімді - әлеуметтендірудің институты ретінде, ал, оқу орындарын - әлеуметтік жүйе ретінде зерттеуді ұсынды.

Білім әлеуметтануының объектісі – әлеуметтік құбылыс ретіндегі білім беру саласы болып табылады. Ал, пәні - әлеуметтік институт ретіндегі білім жүйесі, оның жүйешелерінің өзара әрекеті, сонымен қатар, білім жүйесінің қоғаммен, әлеуметтік құрылыммен байланысы.

Білімнің атқаратын қызметтері: жинақталған білімдердің берілуі, әлеуметтік тәжірибенің сабақтастығын және ұрпақтардың рухани сабақтастығын қамтамасыз ету, тұлғаны әлеуметтендіру, өзін-өзі дамыту және қоғамда өзін-өзі жүзеге асыру, тұлғаның интеллектуалдық, рухани және әлеуметтік потенциалының жинақталуы.


.

Білім жүйесінің құрылымы: 1.отбасылық тәрбие 2.мектепке дейінгі тәрбие 3.жалпы орта білім 4.мектептен тыс тәрбие мен оқу 5.кәсіби-техникалық білім 6.арнайы орта білім 7.бакалавриат 8.магистратура 9.phd докторантура 10.біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау 11.қосымша білім


Оқу социомәдени әрекет ретінде
Оқу – адамның білім саласындағы негізгі әрекетінің түрі. Оқушының бүгінгісі мен ертеңі, білім саласындағы әрекеттердің барлық факторлары түптеп келгенде оқу қызметінің мазмұнымен анықталады.
ҚАЗІРГІ БІЛІМ ИНСТИТУТЫ САНАЛАТЫН МЕКТЕПТІҢ ПАЙДА БОЛУЫНА ШЕШУШІ ЫҚПАЛ ЕТКЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ШЫҒУЫ МЕН ДАМУЫ БОЛДЫ.

2012 ЖЫЛДЫҢ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНДА Астана қаласында білімді бағалау жөніндегі халықаралық ассоциацияның 38-ші конференциясы болды. Оған әлемнің 39 елінен 300-ге жуық сарапшы қатысты. Қазақстан бұл ұйымға 2007 жылы мүше болған болатын.

қазақстанда білімнің сапасын бағалаумен байланысты туындайтын проблемаларды шешу үшін Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі жұмыс істейді



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет