А/И 9.2.3. 1 - шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтау
дың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру;
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар
Мәтін бойынша құбылту мен айшықтау түрлерін табады.
Көптеген оқушылар Автор стиліне баға береді.
Кейбір оқушылар
Үзінділерден құбылту мен айшықтауды тауып, оларды сөйлем құрауда қолдана біледі.
Бағалау критерийлері
Құбылту мен айшықтау түрлерін анықтап, автор стиліне баға береді
Өзіңе және қоршаған ортаға деген сыйластық: әлеуметтік бейімделу және өз мәдениеті мен тіліне деген құрмет сезімін білдіреді.
Мектеп құндылықтары
Өзіңе және қоршаған ортаға деген сыйластық; оқушылардың өз бетімен білім алуына қажетті дағдыларды қалыптастыру, Отансүйгіштікке тәрбиелеу
Осыған дейін меңгерілген білім
Махамбет шығармаларының тақырыбы. «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңі.
Жоспар
Уақыт
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
Ресурс
Сабақтың басы
2 минут
Ұйымдастыру. - Оқушылармен амандасу -Сыныптың тазалығына назар аудару ; -Оқушыларды топқа бөлу Оқушыларға қағаз кеспелері араластырылып беріледі, оқушылар алып сол топқа жайғасады. 1-топ: «Махамбет - батыр» тобы 2-топ: « Махамбет- ақын » тобы 3-топ: «Махамбет-күйші ,композиторы» тобы
Үй жұмысын сұрау: «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңін жаттау.
«6 НЕЛІКТЕН» стратегиясы Әр топтан 1 оқушы ортаға шығады, жабулы тұрған сұрақтардың біреуін суырып, сұраққа жауап береді. Жауап бере алса келесі «неліктен» сұрағын таңдайды, жауап бере алмаса кезек келесі топқа беріледі. Отырған оқушылар да шығарма сюжеті бойынша таңдаған оқушыға сұрақ қояды.
1. Неліктен Махамбет өлеңін Баймағамбет сұлтанға арнады?
2. Неліктен Махамбет «онымыз атқа мінгенде, жер қайысқан қол едік» деді ?
3. Неліктен Махамбет Исатайды жоқтап сөйлейді?
4. Неліктен Махамбет ханның Ақ ордасын бұзуды ойлады?
5. Неліктен Махамбет өзін «шамдансам жығар асаумын» деп сипаттайды?
6. Неліктен Махамбет Баймағамбетті ата дұшпан деп атайды?
Ф. «Бір ғана тілек» Топ өкілдерінің жауабына кері байланыс береді, тек жақсы тұстарын ғана атап өтеді.
Оқушыларға
бөлімнің атауы
сабақтың тақырыбы
оқу мақсаты таныстырылады.
ЖЖ
1) Тақтада әдеби-көркемдегіш құралдардың анықтамалары ұсынылады. Метафора – суреттеліп отырған затты ажарландыра түсу үшін оларды өзге бір затқа балау.
Кейіптеу – жансыз нәрселерді, жансыз табиғатты жандандыра түсу.
Аллегория – дерексіз нәрселерді деректі затқа айналдырып суреттеу.
Символ – құбылысты не затты тура суреттемей, басқа бір затқа не құбылысқа жасырын түрде жарыстыру.
Метанимия – өзара тектес заттар мен себептес құбылыстарды не ұғымдарды бірінің орнына бірін қолдану.
Синекдоха – бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны не керісінше қолдану.
Гипербола – затты не құбылысты ерекше үлкейтіп, қомақты етіп көрсету.
Литота – затты не құбылысты ерекше тіпті кішірейтіп суреттеу.
Гротеска – затты немесе құбылысты әсірелеп, оспадар, ұсқынсыз күйінде суреттеу.
Эвфемизм – ұят, дөрекі сөздерді сыпайылап айту.
Перифраз – қайта айтып беру.
Антитеза – қарама-қарсы құбылыстарды, мағыналары әртүрлі ұғымдарды, түстері әртүрлі заттарды қатар қою арқылы олардан басқа бір құбылыстың, нәрсенің суретін көзге елестету.
Градация – көркем шығармада алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы сөзден соңғы сөзді асырып, асқақтата түсу.
Инверсия – прозалық немесе поэзиялық шығармаларда сөздердің әдеттегі грамматикалық түзілу тәртібінен тыс, орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер құру.
2) Автор стилі дегеніміз не? – сұрағына жауап алу.
Сабақтың ортасы
2 минут
14 минут
13 минут
10 минут
Топпен жұмыс Махамбет Өтемісұлының «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңінен үзінділер беріледі. Әр топ сол үзінділерден әдеби көркемдегіш құралдарды тауып ,қолданысына үзінділерден мысал келтіріп, автор стиліне баға береді.