Сынып ұжымының психологиялық – педагогикалық мінездемесі Мектеп: Қарағанды облысы білім басқармасының Қарағанды қаласы «№27 Жалпы білім беретін мектеп»



Дата26.07.2023
өлшемі16,34 Kb.
#104805
Байланысты:
Сыныпқа характеристика (копия)


Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің
Дф-43 оқу тобының білім алушысы
Әнтай Жаная
Өндірістік (педагогикалық) тәжірибесі бойынша


Сынып ұжымының психологиялық – педагогикалық мінездемесі

Мектеп: Қарағанды облысы білім басқармасының Қарағанды қаласы «№27 Жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Оқушылар саны: 8
Ұл балалар: 5
Қыз балалар: 3
Жасы: 7, 8,10.
Диагноздары: - Психикалық дамудың тежелуі. Жеңіл ақыл-ойы кемістігі. Жалпы сөйлеу тілінің дамымуы 2-деңгей.
- Психикалық дамудың тежелуі.
- Жеңіл ақыл-ойы кемістігі.
- Психикалық дамудың тежелуі. Назар аудару тапшылығы және гиперактивтіліктің бұзылуы. Жалпы сөйлеу тілінің дамымуы 2-деңгей.
- Психикалық дамудың тежелуі. Назар аудару тапшылығы және гиперактивтіліктің бұзылуы. Тұтықпа. Сөйлеу тілінің фонетикалық дамымауы.


1. Сынып ұжымының ресми құрылымы. Сынып белсендісі.
Осы сыныпта 8 оқушы оқытылады. Оқушыларды жеке дара немесе топтық жұмыс ретінде оқыту үшін екі мезгіл уақыт (таңертеңгі және түскі уақыт) сабақ кестесіне бөлінген. Бексұлтан, Айсана, Санжар, Досымжан – таңертеңгі уақытта, ал Дінмұхаммед, Айша, Ибрагим, Шахбану – түскі уақытта білім алады. Жетекшісі – Аймуханова Айжан Бауыржановна.
Сынып белсенділігіне тоқталатын болсам, оқушылар арасында әрдайым белсенділік танытатындар: Айсана, Досымжан. Енжар оқушылардың қатарында Бексұлтан мен Санжар. Ал қалған оқушылардың белсенділіктері денсаулықтары мен көңіл – күйлеріне қарай құбылмалы болып келеді.
2. Сынып ұжымның оқу қызметін ұйымдастырудың жалпы сипаттамасы.
Әр оқушының оқуға деген ынтасы мен қызығушылығы әртүрлі. Мысалы: соматогенді психикалық дамудың тежелуі бар екі оқушы денсаулықтарына байланысты сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығы бола бермейді, ынтасы мен қызығушылығының пайда болуы сирек кездеседі. Айсана мен Досымжан өздерінің белсенділіктерінің арқасында түрлі тапсырмаларды қызығушылықпен (мейлі ол ұзақ не аз уақытқа созылса да) орындап тастайды. Ал басқа оқушылардың тұйық мінездері бар болғандықтан, оқуға деген белсенділіктері мен қызығушылықтары орташа деңгейде. Яғни, тапсырмаларды педагогтың көмегімен ғана орындайтын оқушылар.


3. Сынып ұжымының қоғамдық пайдалы жұмысқа қатысуы.
Ұжымдағы пайдалы жұмысқа қатысу – оқушылардың белсенділіктері жоғары деңгейде екенін аңғардым. Яғни, өткізілген іс – шараларға қатысты «мен қатысайыншы», «мен айтайыншы», «мен билей аламын» деген өтініштер сынып жетекшісіне айтылды. Іс – шараларға білім алу ерекше қажеттіліктері бар балалардың қатысуы – ол сынып жетекшісі мен ата – анасының үлесі зор.
4. Сыныптағы тәртіп жағдайы, оқушылардың мінез – құлқының ерекшеліктері.
Оқушылардың тәртіп жағдайы жақсы. Мектеп оқушылары болғандықтан, үлкенді құрметтеу керек екенін біледі, әрдайым «сіз», «сәлеметсіз бе» дейді. Бастауыш сынып оқушылары болғандықтан, кей кезде оқушылар арасында түсініспеушілік туындайды. Ол уақытта әрине, сынып жетекшісінің көмегімен шешіліп жатады. Ол дегеніміз түсініспеушіліктің туындаған себебін анықтап, оны шешу жолдарын, яғни жағымды қарым – қатынаспен аяқтау керек екендігін түсіндіреді. Соңында оқушылар бір – бірлерінен кешірім сұрап, әрі қарай достық қарым – қатынастары жалғасады.
5. Оқу қызметінің ерекшеліктері (білімге, тапсырмаларға көзқарастары, қиындықтардың болуы).
8 оқушының білім алуға, тапсырмаларға деген көзқарастары әртүрлі. Кейбір оқушылар белсенділік танытса, кейбірі енжар болып келеді, ал кейбір балалардың белсенділіктері мен қызығушылықтары болмаса да, «мұғалім айтты, орындау керек» деген оймен ғана орындап тастайды. Сабақ барысында немесе тапсырмаларында қиындық туындап жатса, оқушылар еш жасқанбай мұғалімнен міндетті түрде көмек сұрайды.
6. Ұжым құрылымының сипаттамасы және тұлғааралық қатынастар.
Ұжым құрылымы мен тұлғааралық қарым – қатынасы өте жақсы. Бір – бірлерін іздеп, қамқорлық танытады. Көмек көрсету және сұрай білу дағдылары қалыптасқан. Басқа сынып оқушылармен де достық қарым – қатынастары бар екенін де байқадым.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет