Сызбада днқ қос шиыршықты үзіндісі берілген тізбектегі бос орындарды азотты негіздерге



Дата30.03.2023
өлшемі275,12 Kb.
#77648
Байланысты:
10 0 дік срез

Тапсырма


І нұсқа

1. Сызбада ДНҚ қос шиыршықты үзіндісі берілген. 2 тізбектегі бос орындарды азотты негіздерге
үйлесімді және 1 тізбекке сәйкес болатындай етіп толтырыңыз.




2. Төменде гомозиготалы қара мен ақ тышқандарды будандастыру сызбасы берілген.








F1?

3. Генетика ғылымы нені зерттейді?


А) сұрыптау мен будандастыруды;
Ә) тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті;
Б) адамның шығу тегі мен тарихын;
В) клетка құрамы мен құрылысын.
4. Организмдердің жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болуы:
А) өзгергіштік;
Ә) тұқым қуалаушылық;
Б) будандастыру;
В) сұрыптау.
5. Екі жұп қарама – қарсы белгілері бойынша шағылыстыру:
А) полигибридті;
Ә) дигибридті;
Б) моногибридті.
В) рецессивті
6. Будандастыру нәтижесінде Ғ1 - де көрінбей қалған белгі:
А) доминантты:
Ә) рецессивті;
Б) аллельді;
В) гомологты.
7. Аллельді гендердің екі түрлі болуы (Аа):
А) гомозиготалы;
Ә) гетерозиготалы;
Б) гомогаметалы;
В) гетерогаметалы.
8. Организмнің ішкі және сыртқы белгілерінің жиынтығы:
А) генотип;
Ә) фенотип;
Б) аллельді;
В) гомологті.
9. Аутосомалар дегеніміз не?
А) жыныс хромосомалары;
Ә) хромосомалардың гаплоидті жиынтығы;
Б) аталық және аналық хромосомалардың біркелкі хромосомалары;
В) дене клеткасының бір түрі.
10. Мейоз және оның кезеңдері_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Тапсырма
2-нұсқа

1. Сызбада ДНҚ қос шиыршықты үзіндісі берілген. 2 тізбектегі бос орындарды азотты негіздерге
үйлесімді және 1 тізбекке сәйкес болатындай етіп толтырыңыз.






2. Ерлі- зайыптылардың екеуі де гомозиготалы алты саусақты, отбасында бес саусақты бала тууы мүмкін бе?


F1?

3. Генетика ғылымының негізін қалаған кім?
А) Г. Мендель;
Ә) Т. Морган;
Б) Н. Вавилов;
В) И. Ивановский.
4. Организмдердің өзбелгілері мен қасиеттерін және даму ерекшеліктерін ұрпақтарына беру қабілеті:
А) өзгергіштік;
Ә) тұқым қуалаушылық;
Б) будандастыру;
В) сұрыптау.
5. Бір жұп белгілері бойынша шағылыстыру:
А) полигибридті;
Ә) дигибридті;
Б) моногибридті.
6. Будандастыру нәтижесінде бірінші ұрпақта бір белгінің көрініс беруі:
А) доминантты;
Ә) рецессивті;
Б) аллельді;
В) гомологті.
7. Будандастыру нәтижесінде екінші ұрпақта екі белгінің де көрініс беруі:
А) біркелкілік заңы;
Ә) өзгергіштік заңы;
Б) Мендельдің бірінші заңы;
В) Мендельдің екінші заңы.
8. Аллельді гендердің екеуінің де доминантты немесе рецессивті болуы:
А) гомозиготалы;
Ә) гетерозиготалы;
Б) гомогаметалы;
В) гетерогаметалы.
9. Будандастыру нәтижесінде бірінші ұрпақта аралық сипаттағы жаңа белгінің жарыққа шығуы:
А) толық емес доминанттылық;
Ә) толық доминанттылық;
Б) доминанттылық;
В) дұрыс жауабы жоқ.
10. Митозды және оның кезеңдері_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет