Тақырып 7. Гендердің эпистаздық және полимер әсеріне есептер шығару жолдары
Тапсырма:
Доминантты эпистаз, рецессивті эпситаз түрлерін ажырату
Доминантты және рецессивті эпистаздың бастыайырмашылығымынада: доминантты эпистазда бір генніңдоминантты аллелібасқа геннің барлық аллельдерінің экспрессиясын бүркемелейді, алрецессивті эпистазда бір генніңрецессивті аллельдері басқа геннің барлық аллельдерін бүркемелейді. 2. Қосарлы рецессивті эпситаз құбылысын сипаттаңыз.
3. Эпистаздың 13:3, 9:3:4 қатынастарына есептер шығару.
4. Полимерия құбылысын сипаттаңыз. Мысалдар келтіріңіз.
Полимерия - аллелді емес гендердің өзара әрекеттесулерінің тағы бір түрі болып табылады. Полимерлі гендер бірігіп бір гана белгіні анықтайтындықтан, оларды біркелкі әріптермен белгілейді, ал әр түрлі аллельдер жұбын сандар көрсетеді. Мысалы, құрамына екі жұп доминантты гендер енетін зиготаны –А1 А1А2А2, дигетерозиготаны - А/а/А2а2, ал сол гендер бойынша рецессивті форманы а^а^а^ деп белгілейді. Полимерияға мысал
ретінде жұмыршақ (тұмар шөп) жемісі (бұршаққын) пішінінің тұкым қуалауын қарастыруға болады. Бұл бұршаққындар үшбұрышты немесе сопақша болады. Сопақша бұршаққындар аллельді емес екі рецессивті гендер гомозиготалы болса гана (аіаіа2а2) пайда болады. Доминантты аллельдердің (А1және А2) екеуі, тіпті олардың біреуінің ғана генотипте болуы бұршаққынның үшбұрышты пішінінің дамуын қамтамасыз етеді. Сондықтан үш бұрышты бұршаққынның пайда болуын анықтайтын генотипі АІА|А2А2 өсімдіктерін сопақша бұршақкынның пайда болуын анықтайтын генотипі аіаіа2а2 өсімдіктерімен будандастырса, Ғ2~де үшбұрышты және сопақша бұршаққындар 15:1 қатынасында түзіледі (15/16 А1 - және --А2- : 1/16 а^а^). Бұл мысалда, әр жұпқа жататын екі геннің доминантты аллельдері А1және А2бірдей белгінің бұршаққынның үшбұрышты формаларының дамуын анықтайды. Осындай ұксас фенотиптік көрініс беретін аллельді емес гендер бір мағыналы гендер деп аталады. 15:1 қатынасындай болып ажырау бірыңғай әсер ететін екі геннің (А/А^) болатындығымен түсіндіріледі. Сонда барлық генотиптер: А1 А2~, Л/-а2а2, аІаІА2- біркелкі фенотиптік сипатта - үшбұрышты бұршаққынды болады. Полимерлі гендердің мұндай әрекетін кумулятивтік емес полимерия деп атайды. Сонымен қандай да болсын бір белгінің көрінуіне (қалыптасуына) бірігіп әсер ететін аллельді емес гендерді полимерлі гендер деп атайды, ал ондай гендердің өзара әрекеттесуін полимерия дейді. Полимерия көбінесе сандық белгілерге әсер етеді. Ондай белгілерге фенотиптік кластарға дәл бөліп жіктеуге болмайтын, тек өлшеу, санау, талдау арқылы ғана баға беруге болатын белгілір (биіктік, масса, өсу жылдамдығы, өсімталдығы т.б.) жатады. Полимерлі гендердің әрқайсысының сандық белгілерге тигізетін әсерінің үлесі бірдей болады. Полимерлі гендердің өзара әрекеттесуіне мысал ретінде бидай дәндері түсінің тұқым қуалауын алуға болады. Бидайдың қызыл және ақ дәнді түрлері болатындығы белгілі. Тұқым бағындағы қызыл түс дәндердің ақ түсіне доминанттылық етеді. Кейбір будандастырудағы комбинацияларынан моногибридті будандастыру сияқты, Ғ2-де 3 қызыл дәнді өсімдікке 1 ақ дәнді өсімдіктен келеді. Будандастырудың басқа комбинацияларында Р2-де әр 15 қызыл дәнді өсімдіктерге 1ақ дән қатынасында ажырайды. Бидайда қою-қызыл дәндері бар өсімдіктермен қатар ашық-қызыл және қызғылт дәндері бар өсімдіктер де болады. Дәндер түсіндегі мұндай айырмашылық аллельді емес екі жұп полимерлі гендердің кумулятивтік (жинақтаушы) әсерлерінің нәтижесі. Мұнда дәндер қабығындағы қызыл пигменттің мөлшері (осыған байланысты қызыл түспен боялу қарқыны) тиісті өсімдіктер генотиптеріндегі доминантты полимерлі гендердің санына тәуелді болады. Доминантты гендері бар дәндердің түсі қою-қызылдан ашық қызылға дейінгі реңде өзгеріп отырады.
5. Кумулятивті полимерия, кумултивті емес полимерия бойынша ұсынылған есептерді шығарыңыз .