Сызықты автоматты реттеу жүйелері



Дата14.12.2022
өлшемі0,5 Mb.
#57194

СЫЗЫҚТЫ АВТОМАТТЫ РЕТТЕУ ЖҮЙЕЛЕРІ


СӨЖ №1
Автоматты жүйелер мен басқару және реттеу теориясының мәселелері.
орындаған:Жамадилова Бота
тобы:АИСУк-20-8
Басқару – бұл алға қойылған мақсат үшін басқару аймағына оған кедергі болатын қарсы шарттар бар кезде толықтай әсер ететін процесс. Басқару келесі ұғымдармен байланысты:
  • басқару объектісі (аймағы);

  • - басқару мақсаты;
    - басқарушы құрылғы;
    - басқарушы әсер.

Басқару процесі орындалатын аймақ басқару аймағы деп аталады. Басқару функциясын іске асыру процесі үшін басқарушы құрылғы пайдаланылады. Басқару бойынша мүмкін болатын барлық операцияларға (әрекеттерге) адам қатыспаса, онда автоматты басқару құрылғысы деп аталады. Басқару аймағы мен автоматты басқарушы құрылғы бір-бірімен әсер ете отыра автоматты басқару жүйесін (АБЖ) құрайды. Әр автоматты басқару жүйесі бір-бірімен жалғанған тұтастай буындар қатарынан тұрады. Буын – элементтің математикалық моделі немесе жүйенің кез келген бөлігі. Кейбір жағдайларда басқару реттеу болып табылады. Өзгеретін және тұрақтандыруға жататын аймақтың параметрлері реттелетін параметрлер, ал осы параметрлер реттелетін аймақты реттеу аймағы деп аталады.
Қандай да бір қажетті заң бойынша өзгеретін реттелетін параметрлер немесе әр түрлі аймақтарда реттелетін параметрлердің тұрақты мәнінде автоматты түрде ұстап тұруға арналған құрылғы автоматты реттеуіштер деп аталады. Реттеу аймағының автоматты реттеуішпен байланысын автоматты реттеу жүйесі (АРЖ) деп айтады. Реттелетін аймақ пен автоматты реттеу автоматты реттеу (АР) жүйесінің элементтері болып табылады. Автоматтты басқару жүйесін тұрақтандыру, бағдарламамен басқару, қадағалау деп бөледі. 6 Басқарылатын шаманың мәнін тұрақты мәнде ұстап тұратын автоматты басқару жүйесі тұрақтандыру (стабилдеу) жүйесі деп аталады. Оларды әр түрлі физикалық шамаларды тұрақтандыру үшін қолданылады.

Автоматты басқару жүйесіне кіретін контурлар санына байланысты бірконтурлы, көпконтурлы жүйелер болып бөлінеді. Қарапайым жүйе бір контур, бір тізбекке ие. Мұндай жүйелер бірконтурлы деп аталады. Ал күрделі жүйелерде сигнал бірнеше контур бойымен өтеді. Ондай жүйелерді көпконтурлы дейді. Жүйелер сигнал түрлеріне байланысты үздіксіз және дискретті болып бөлінеді. Егер әр буында уақыт бойынша кіріс шаманың үздіксіз өзгеруіне уақыт бойынша шығыс шамасы үздіксіз түрде өзгерсе, онда жүйе үздіксіз әрекет жасайтын жүйе деп аталады. Егер жүйенің құрамында бір буында кіріс шамасы үздіксіз өзгерісі кезінде шығыс шамасы дискретті түрде өзгеретін болса, онда жүйе дискретті әрекет жасайтын жүйе болып табылады
Жүйелер стационарды және стационарды емес болып бөлінеді. Уақыт бойынша өзгермейтін, яғни барлық параметрлері тұрақты болып қалатын жүйе стационарды деп аталады. Ал уақыт бойынша параметрлері өзгеретін жүйе стационарды емес жүйе деп аталады. АБЖ сызықты және сызықты емес болып бөлінеді. Сызықты АБЖ – барлық буындары сызықты теңдеулермен сипатталатын жүйе. Сызықты жүйелер суперпозиция принципіне бағынады. Сызықты емес АБЖ – ең болмағанда бір буында сипаттаманың сызықтылық қасиеті орындалмаса немесе теңдеуде сызықтылық қасиеті бұзылатын жүйе.
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет