1.Остеология-сүйектерді, оның құрылымы мен қызметін зерттеуге жауапты ғылым саласы.
2.Бас-адам не жануарлар денесінің кеудеден жоғарғы не алдыңғы бөлігі.
3.Кеуде- көкірек, адамдарда жоғары дене бөлігі. Кеуде пішіні омыртқалыларда қаңқамен-көкірек қуысы, иық белдеуі мен кеуде қуысы бұлшық еттерінің орналасуымен байланысты.
4.Жүйке-жүйке талшықтарынан құралған ұлпалар шоғырлары. Жүйке, жүйке (латынша nervus, ал грекше neuron – сіңір, желі) — ми мен жүйке түйіндерін дененің басқа органдарымен және ұлпаларымен байланыстырады.
5.Сүйек-тірі ағзаның тірек-қимыл мүшелерінің ішіндегі жұмсақ тіндердің тірегі және бұлшықеттердің қозуы кезінде рычаг қызметін атқаратын маңызды құрылым.
6.Остеондар-тығыз сүйек затының негізгі құрылымдық бірлігі. Остеонның қабырғасын концентрлі шеңберлер тәрізді бір-біріне қабаттаса орналасқан сүйек тақташалары (4-20) кұрайды. Остеонның орташа диаметрі 3-7 мкм тең. Остеонның ортасында қоректендіруші қан тамырлары өтетін остеон өзегі болады.
7.Остеокластар- Сүйек тканінің көп ядролы клеткасы. Сүйек ткані әр түрлі себептерден бүлінген кезде остеокластар резорбцияға (сорылу, сіңу) қатысады. Пародонт тканьдері қабынғанда, тістің қозғалып түсіп қалуы остеокластар арқылы жүреді.
8.Тор сүйек-ми сауытында да,бет сүйек бөлігінде де жататын,кеңсірікпен көзшараны түзетін тоқ сүйек.
9.Кеңсірік сүйек-мұрын қуысының ішінде орналасқан трапеция тәріздә жұқа жұп сүйек.
10.Жауырын- пішіні үшбұрышты сүйек, оның бұрыштарын, сыртқы және ішкі беттерін ажыратады. Жауырынның жоғарғы жалпақ табанына жауырын шеміршегі байланысып тұрады. Жоғарыдан төмен қарай өтетін жауырын қыры — жауырынның сыртқы бетін - кішілеу келген алдыңғы қыралды шұңқырына және жалпақтау келген артқы қырарты шұңқырына бөледі. Жауырын қыры жоғарыдан темен қарай созылып, кейбір жануарларда акромион өсіндісімен аяқталады.
11.Бұғана-иық белдеуін құрайтын сүйектің бірі.Адамда Бұғананың (ұзындығы 12 — 15 см) бір ұшы жауырын басымен жалғасады, оның сүйек болып қалыптасуы 16 — 20 жас аралығына келеді. Ал толықтай адам денесімен бітісіп кетуі 20 — 25 жаста аяқталады.
12.Төс- кеуде бөлігінің тірек сүйегі.
13.Иық- денедегі қолдың кеудеге жалғанатын тұсын айтамыз. Иық белдеуінің сүйектеріне омыртқа жотасының жоғарғы жағында екі жауырын сүйектері: бұғана және төс сүйектерімен жалғасады. Жауырынның сыртқы бұрыштары иық басы сүйегі арқылы қол сүйектерімен жалғасады.
14.Шынтақ- қолдың алдыңғы аяқтың еркін қозғалатын бөлімі ортаңғы бөлігінің қаңқа сүйектері.
15.Омыртқа- тұлға тірек қаңқасын құратын сүйектердің бірі. Омыртқаның қалың да жалпақ біткен бөлігін денесі, жұлын орналасатын қуыс құратын артқы бөлігін доғасы деп атайды.
16.Қабыртқа- көкірек керегесінің бүйір қабырғаларының қаңқасын құрайды. Олар адам мен жануарларда екі бөліктен: сүйек қабыртқадан және қабыртқа шеміршегінен тұрады.
17.Жамбас- адам аяғы мен жануарлардың артқы аяғы жамбас белдеуінің қаңқасы. Жамбас сүйек бір-бірімен сүйектене байланысқан мықын, шонданай және шат сүйектерінен құралған.
18.Сегізкөз- құйымшақ омыртқаларының бір-бірімен сүйектене байланысу нәтижесінде түзілген сүйек.
19.Құйымшақ- омыртқа бағанасының төменгі бөлігі.
20.Мықын- пішіні үш бұрышты келген, жамбас сүйегінің құрамына кіретін жалпақ сүйек. Ол мықын сүйегі денесінен және мықын сүйегі қанатынан тұрады.
21.Ауыс қуысы-ас қорыту жолының басталатын мүшесі.
22.Тіс- адамның және омыртқалы жануарлардың ауыз қуысында (кейбір балықтардың жұтқыншағында) орналасқан сүйек.
23.Қызыл иек- жақ сүйектерінің тіс жиектерін қаптап жатқан кілегейлі қабық. Қызыл иек тіс ұяшықтарындагы сүйекқаппен (периостпен) бірігіп, тісті тіс ұяшықтарына бекітіп тұрады.
24.Ерін- ауыз саңылауын шектейтін терілі-етті мүше. Ол үш қабықтан: ішкі — кілегейлі, ортаңғы — етті (ауыздың дөңгелек бұлшықеті) қабықтардан және сыртқы — теріден тұрады.
25.Ұрт- сырты төрімен, ішкі беті шырышты қабықтың кілегейімен көмкеріліп, ауыз ішінің екі бүйірін алып жатады.
26.Таңдай-шырышты қабатпен жабылған бұлшық ет табақшасы.
27.Тіл-шырышты қабатпен қапталған бұлшық етті мүше.
28.Жұтқыншақ- бір жағынан мұрын мен ауыз қуысы, екінші жағынан өңеш пен көмейдің арасындағы байланыстырушы мүше. Адамда Жұтқыншақ ас қорыту және тыныс алу процесіне қатысады
29.Өңеш- адамның ас қорыту жүйесінің ауыз қуысы мен жұтқыншақты асқазанмен жалғастыратын бөлімі. Өңеш адамда түтік тәрізді, ұзындығы 25 см-дей, диаметрі 16 – 22 мм (созылғанда), қалыңдығы 3,5 – 5,6 мм.
30.Қарын- азық (ас) қорыту жүйесінің қапшық тәрізді кеңейген қуысты ағзасы. Бөлімдерінің санына қарай қарын — бірбөлімді және көпбөлімді қарындар болып бөлінеді.
31.Тоқ ішек- асқорыту жүйесінің соңғы бөлімінің ортаңғы бөлігі. Тоқ ішектің қабырғасы ішкі — кілегейлі, ортаңғы — етті және сыртқы —сірлі қабықтардан тұрады.
32.Тік ішек- жуан ішектің қысқа соңғы бөлігі. Ол жамбас қуысында омыртқалар мен жыныс мүшелерінің аралығында орналасады.
33.Аш ішек- адам мен жануарлар ащы ішегінің ілмекгі келген ең ұзын бөлігі. Ол құрсақ куысындағы ұзын ішек шажырқайына ілініп, көптеген ішек ілмектерін түзеді.
34.Ұлтабар- күйіс қайыратын малдардың қарнының бір бөлігі. Ол құрылысы мен қызметі жағынан күйіс қайырмайтын малдың қарнына ұқсас. Ұлтабардың кілегей қабығы құрамында ферменттер мен тұз қышқылы сөл түзетін арнаулы клетчаткалар болады.
35.Өт- адам мен омыртқалы жануарлардың бауырындағы безді клеткалардан бөлінетін сарғыш-қоңыр түсті сұйықтық. Өт тәулік бойы үздіксіз бөлінгенмен, оның бөліну жылдамдығы, көлемі әр түрлі өзгеріп отырады, ол ас қабылдау мерзіміне сәйкес келеді.
36.Бауыр- ең үлкен ас қорыту безі. Омыртқасыз жануарларда бауыр ас қорыту және қоректі сіңіру процестеріне қатынасады, сондай-ақ, онда май, көмірсу жиналады
37.Бүйрек- Зәр түзе отырып, қаннан шығатын бөлінділерді сүзетін, арқа жотадан төмен орналасқан, асбұршаққа ұқсас үлкен мүше. Оның жоғары полюсінде эндокрин бездері -қыртысты және ми қабатынан тұратын бүйрек асты бездері орналасқан.
38.Несепағар- бүйрек түбегінен басталып, құрсақ қуысының бел аумағы арқылы жамбас қуысындағы қуыққа дейін созылған түтікше мүше
39.Нефрон- бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі. Бүйректі миллиондаған нефрондар (бүйрек өзекшелері) құрайды. Нефрон — бүйрек денешігінен, проқсимальды және дистальды бөлімнен (түзу, ирек өзекшелер) тұрады.
40.Қуық- бүйректе түзілген зәр несепағар арқылы ағып келіп, уақытша жиналатын, пішіні алмұрт тәрізді қуысты мүше.
41. Урохром-зәрдің күңгірт сары түсті пигменті.
42.Систола дегеніміз - жүрек бұлшықетінің жиырылуы.
43.Диастола - бұл жүрек бұлшықеті босаңсуы.
44.Инсулин-ұйқы безінен бөлінетін гормон.
45.Микседема-қалқанша без қызметінің әлсіреуінен немесе мүлдем жойылуынан пайда болатын сырқат.
46.Тироксин- қалқанша безінен бөлінетін гомон.
47.Эндокринология - iшкi секреция бездерi, гормондар туралы ғылым.
48. Нейрон - жүйке жүйесінің негізгі құрылыстық блогы болып табылатын жүйке жасушасы.
49. Аксон -нейроциттің жіп тәрізді ұзын өсіндісі.
50.Сарысу-құрамында ақ түйіршіктер өте көп және аз да болса қызыл түйіршіктер және түссіз сұйықтық болатын сұйық зат.