Экономикалық қажеттілік



Дата07.01.2022
өлшемі14,17 Kb.
#17493

Экономикалық қажеттілік – адамдарды өз мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында белсенді қызмет етуге мәжбүр ететін қозғаушы күш болып табылады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейіне қарай жаңа қажеттіліктер туады. Оның құрылымы, саны, сапасы, өзгеріп отырады. Қажеттіліктердің үздіксіз өсуі адамдардың экономикалық эволюциясының көптеген деректерімен дәлелденді. Әрбір 10 жыл сайын тұтыну тауарлары мен қызметтердің түрлері екі есеге өсіп отырады. Мұндай экономикалық заңдылық қжеттіліктердің өсу заңы деп аталады.
Алғашқы - қажеттілік адамдардың өмір сүруіне ең алғаш керек қажеттіліктер. Оларға толық киім, баспана т.б жатады.

Екінші реттік (жоғарғы) қажеттіліктер. Екінші реттік (жоғарғы) қажеттілік – бұл адамның рухани жағдайы, әлеуметтік ортасы, интелектуалдық деңгейіне байланысты пайда болатын қажеттіліктер. Бұл қажеттіліктерді альтернативті (таңдау) қажеттіліктері деп те атайды. Мысалы: кітаптар, сәнді киімдер, қымбат бұйымдар, сондай-ақ білімге мәдениетке қажеттіліктер.

Экономикалық ресурстар – өндірісті қамтамасыз ету көздері, құралдары деген мағынаны білдіретін іргелі экономикалық теория ұғымы.

Олардың мынадай түрлері бар: табиғат (шикізат, геофизика), еңбек (адам капиталы), айналым құралдары (материалдар), ақпараттық, қаржы (ақша капиталы) ресурстары.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет