Smart-оқыту мұғалімдердің біліктілігін арттырудағы жаңа тәсіл ретінде



бет1/2
Дата17.10.2023
өлшемі48,5 Kb.
#117545
түріОқулық
  1   2

SMART-оқытудың жаңа мүмкіндіктері

Сеитова Айгуль Хамитбековна


Көкшетау қаласының білім беру басқармасы
«№1 орта мектеп-гимназиясы» КММ
«қазақ тілі» пәнінің ІІ санаттағы оқытушысы
Бізге экономикалық және әлеуметтік жаңғырту қажеттілігіне жауап беретін заманауи білім беру жүйесі қажет.
Назарбаев Н.А.
Бұл мақалада бүгінгі күнгі міндеттер мен мүмкіндіктерді қарастырып, оқулықтық контенттен интербелсендіге көшуді қамтамасыз ететін smart ұғымы белгіленген.
В данной статье дается понятие smart, который рассматривает задачи и возможности сегодняшнего мира и обеспечит переход от книжного контента к интерактивному.

Осы күнге дейін мұғалім оқушы үшін білім алудың жалғыз көзі болып келді және ол қосымша мағлұматтарды кітапханадағы кітаптардан немесе тек нақты бөлінген күндер мен сағаттарда теледидардан сирек көрсететін ғылыми-танымдық бағдарламалардан қосымша ақпарат ретінде алды. Қазіргі уақытта білім тек мұғалімнен оқушыға ғана емес, сондай-ақ оқушылар арасында да әртүрлі тәсілдермен беріліп жүр, яғни ол білімнің жаңа деңгейін құруға мүмкіндік беріп отыр. Оқытуда жаңа білім беру технологиялары белсенді түрде қолданыла бастады, ал мұғалімдер білімдерін тек сыныптарға ғана емес, сонымен қатар өз әріптестерімен де бөлісуге қабілетті деңгейге жетті. Өзара оқыту қазіргі уақытта мұғалімдердің педагогикалық дағдыларын жетілдіру жүйесіндегі жаңа кезең болып табылады және бұл біз үйренген тәлімгерлік емес, бұл өзара тиімді ынтымақтастық.


Интернет оқушы үшін негізгі білім көзі болатын уақыт та алыс емес. Технологиялар жеке бағдарланатын және жаңа білімді қалыптастыруға бағытталатын болады. Оқу процесі кез-келген бағытта білім объектілерінің өзгерістерін қамтиды және қазіргі заманғы мұғалім мұндай өзгерістерге дайын болуы керек және ол өзінің тәжірибесін әріптестеріне оқыту үшін кәсіби дағыдылары мықты болуы керек. Осы мақсатта Смарт-оқыту - әртүрлі облыстар мен аудандардағы жарыстар, семинарлар, біліктілікті арттыру курстарына және т.б. қатысу үшін қозғалыс проблемаларын шешуді ұсынады. «Электронды университет» халықаралық консорциумының президенті В.П. Тихомировтың айтуы бойынша интернетті және жаңа білім жасайтын арнайы дайындалған адамдарды талап ететін Smart - бұл қоғам дамуының жаңа парадигмасы [1]. Мұндай оқыту кәсіптік өсу траекториясын өз бетімен дамытуға, қалалық және ауыл мектептері мұғалімдерінің білім деңгейін теңестіруге, халықаралық білім кеңістігіне шығуға мүмкіндік береді.
SMART технологиясы ұғымы, яғни ақылды оқыту пайда болды және бүгінде Smart қала, Smart фон, Smart құрылғы, Smart қондырғы, Smart орта деген тіркестерді жиі естіп жүрміз, яғни, E-learning орнына SMART-learning келуі, ақпараттық қоғам орнына «smart қоғам»-ның қалыптасуы біздің елімізде де күтілуде. Қазіргі таңда Smart технологиясын өндірушілер – АҚШ, Канада, Оңтүстік Корея елдері [5,6]. Қазір елордамызда да Smart мектептер қалыптасып келеді.
Smart білім беру тұжырымдамасы – үлкен көлемдегі әр түрлі білім ресурстарының (аудио, видео, графика) тыңдаушыға қажетінше оңай әрі жылдам, ыңғайлы түрде жеткізілуі, сонымен қатар Smart білім беру оңай басқарылатын және әрдайым сыртқы білім ресурстарымен толығып отыруы [2].
Smart education немесе ақылды білім беру – бұл ыңғайлы түрде интерактивті ортада жүзеге асырылған әлемдік деңгейдегі қолжетімді контент арқылы білім беру болып табылады. Smart education түсінігінің негізі ол кең ауқымды қол жетімді білім ресурстары [3].
Smart education барлық білім беру үдерістерін және осы үдерісте қолданылатын барлық әдістер мен технологияларды түгелдей жаңаруын жүзеге асырады және де ақылды тақта, ақылды экран, кез-келген жерден интернетке қосылу сияқты жаңа технологиялардың туындауына себеп болады. Осы пайда болған жаңа технологиялар контентті жасақтап, жүйелеп, пайдаланушыға жеткізеді. Соның арқасында білім беруді жүзеге асыру тек сыныпта ғана емес, кез-келген жерде: үйде немесе мұражайда, кафе сияқты қоғамдық жерлерде де мүмкінке ие болады. Яғни білім беру үдерісінің кез келген қатысушысы (оқушы немесе мұғалім) Интернет желісі арқылы ортақ контентті белсенді пайдалана алады. Бұл өз кезегінде білім беру үдерісінің уақытқа немесе орынға (сынып, аудитория) тәуелділігін жояды.
«SMART» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «Ақылды» дегенді білдіреді. SMART критерийлеріне талдау жасар болсақ, «Ақылды мақсаттарға» қойылатын негізгі талаптар төмендегідей:
S - Self-directed (өзін-өзі зерттеуге бағытталған)
M - Motivated (белсенді танымдық белсенділікті ынталандырады)
A - Adaptive (білім беру пәніне бейімделген)
R - Resource Free (білім беру ресурстарына еркін қол жеткізе алады)
T - Technology Embedded (технологиямен қамтамасыз етілген) [7].
Smart-оқыту мақсаты: ХХІ ғасырдағы адам үшін қажетті құндылықтар, білім мен дағдыларға негізделген электрондық ортадағы мұғалімнің кәсіби және ақпараттық құзыреттіліктерін дамытуға жәрдемдесу [4].
Smart-оқытудың негізгі идеясы – ол адамды өмірге және жұмысқа дайындық жасауға мүмкіндік беретін білім қоғамы. Smart-оқыту сізге қандай салада білімді жетілдіру керек екендігін өзіңізге таңдауға мүмкіндік береді.
Дегенмен, мұғалімдер бүгінгі таңда Smart-оқытуға қаншалықты дайын және ауылдық жерлерде қаншалықты қол жетімді деген сұрақ туындайды:?
Мұғалімдерді оқыту орталықтары тренерлері осы оқыту технологиясын меңгеруге қалай көмектесе алады?
Smart-оқыту білімнің жаңартылған мазмұнына мұғалімдер үшін қаншалықты сәйкес келеді?
2020 жылы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жаңа ұлттық көрмені ұсынатын болады: 2020 жылы Қазақстан - білімді ел, ақылды экономика және жоғары білікті кадрлар бағдарламасына көшпек. «Ақылды» smart-технологиялар «ақылды» үйлерде, кеңселерде, өнеркәсіптік қондырғыларда және т.б. қолданылатын болады. Республикамыздың Елордасында мемлекеттік білім басқару салаларында ақпараттық ақылды технологиялар бойынша белсенді жұмыстар жүргізілетін болады. Ол мұғалімдер мен тәрбиешілер үшін, сондай-ақ бүкіл мемлекет, білім беру мен басқару саласындағы жаңа білім беру мүмкіндіктері мен экономика саласындағы білім беру үшін ең өзекті мәселелердің бірі болмақ.
Қазіргі уақытта жаңа ақпаратты байланысқа және аудиовизуалды технологияларға көбірек қызықтыру ұсынылып отыр. Зияткерлік технология - оқытудың жеңілдетілген әдісі болып табылады. Ол сабақта немесе аудиторияда шағын сынып оқушыларымен жұмыс істеуге, сондай-ақ әртүрлі анықтамалық және электрондық кітаптарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін қарапайым процесс. Зияткерлік технологияларды пайдалану дәрісті неғұрлым серпінді етеді, мотивацияны ынталандырады, сондай-ақ мұғалімге, қоғамға сәйкес сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Интерактивті оқыту технологияларын пайдалану интерактивті тақталарды, проекторларды, компьютерлерді және бағдарламалық қамтамасыз етуді үнемдеуді қамтиды. Бұл кешенді пайдалану дәстүрлі мультимедиалық мазмұнды реттеуге мүмкіндік береді.
Оқушыларды оқытуда Smart - технологияларды қолдану мүмкін және қол етімді. Бірақ кез-келген жаңа технология қолданылған кезде ғана тиімді. Smart Еducation білімге деген көзқарасты желі ресурстарын тиімді пайдалану үшін маңызды жұмыспен және практикалық қадамдармен ауыстырыуға тиіс.
Оқыту процесін жаңарту үшін ақпараттық технологиялардың жаңа мүмкіндіктерін енгізу оқушылар мен мұғалімдер арасында жаңа білімге қызығушылықты арттырып қана қоймай, олар жаһандық қоғамдастықта сәтті қарым-қатынаста болуға мүмкіндік береді және сонымен бірге оқытуды әлдеқайда тиімді етуге және қазіргі заманғы экономика талабына сай өмір бойы жұмыс дағдыларын жақсарту қырларын ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет