Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы. Сабақтың түрі: теориялық Сабақтың әдісі: топтық жұмыс Сабақ барысы



бет1/3
Дата23.09.2022
өлшемі21,21 Kb.
#39975
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Электр зарядтары




Сабақтың тақырыбы: Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы


Мақсаты: 1) Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы туралы түсінік беру.
2) Білімгерлердің өз бетімен ізденуге, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету, есеп шығару дағдысын қалыптастыру
3). білімге деген қызығушылыққа, жолдастық сезім, ұқыптылыққа, мақсатқа жете білуге тәрбиелеу


Көрнекілігі: слайд, деңгейлік тапсырмалар, стикер,электраскоп,үлестірмелі қағаздар,бағалау парақшасы
Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың түрі: теориялық
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс
Сабақ барысы:
Білімгерлерге берілген тапсырмалар дұрыс орындалса мамандыққа байланысты суретпен білім шыңына жетеміз ( мата,тігін машинасы )
I. Ұйымдастыру бөлімі. (бөлме тазалығы, білімгерлерді түгендеу,сабаққа дайындығын тексеру)
II. Үй тапсырмасы: Өтілген материалдарды қайталау.
«Сиқырлы әріптер» ойыны жаңа сабақты ашу (Білімгерлерге әріптер таратылады, сол әріптерден сөз құрастырады жаңа сабақта кездесетін сөздер) заряд, электрлену, электроскоп, электр, янтарь,Кулон)
«Миға шабуыл»
Білімгерлерге жаңа тақырыпқа байланысты әртүрлі мысалдар келтіре отырып сұрақтар қоямын.
а) Құрғақ шүберекпен айнаны сүрткенде қандай құбылыс болады? (шыны мен пластинка тозаңды және басқа ұсақ бөлшектерді өзіне тартады)
ә) Синтетикалық киімді шешкенде нені байқайсыңдар?( шытырлаған дыбыс ести аласыңдар, ал қараңғы бөлмеде тіпті жарқылды да байқайсыңдар)
б) Мысықты сипағанда? (шытырлаған дыбыстар естіледі)
в) Тарақты алып құрғақ шашты тарағанда, содан кейін кішкене қағазды жақындатқанда нені байқадыңдар? (ұсақ қағаз қиындыларын өзіне тартатынын көресіңдер)
Бұл құбылыстар өте ертеден белгілі болған. Біздің заманымызға дейін 600 - жылдары ертедегі гректер сары янтарьдың ерекше қасиеті бар екенін байқаған. Яғни янтарьды теріге немесе жүнге үйкегенде оның әртүрлі денелерді өзіне тартқанын байқаған. Сол кезде гректер сары янтарьды өндірген.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет