PHD, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы
Дін дегеніміз не?
Дін – бұл қоғамдық сананың бір түрі. Құдайдың (құдайлардың) немесе табиғаттан тыс күштердің бар екендігіне, сондай-ақ тиісті мінез-құлық пен нақты әрекеттерге (табынуға) негізделген рухани идеялардың жиынтығы.
Дін — қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм.
Дін (религия) - (латынның сөзі religio - тазалық, қасиеттілік, құдайға сенгіштік) құдайдың бар екендігіне негізделген дүниетаным мен тәртіптер жүйесі.
Бірте-бірте адамдар арасында адамның жаны оның денесінен бөлек өмір сүреді деген сенім қалыптасты, оны анимизм деп атайды.
Кейінірек феодалдық қоғамның нығаюы нәтижесінде аса ірі діни жүйелер-буддизм, христиан және ислам діндері қалыптасты.
Христиан діні, Ортодокс кресті
Мұсылман діні Аллах сөзінің жазылуы
Қытайдағы дін, Теңдік және үйлесім символы
Діннің ең алғашқы түрі- фетишизм (француз тілінен fetich- идол, тұмар). Ол жансыз дүниеге табыну нәтижесінде пайда болды.
Діннің ең алғашқы түрі- фетишизм (француз тілінен fetich- идол, тұмар). Ол жансыз дүниеге табыну нәтижесінде пайда болды.
Діннің ең ежелгі түрі- анимизм (латын тілінен anima - жан) - жанның болатынына сендірсе, тотемизм - адамдар мен жануардың туыстығын дәлелдеуге тырысты.
Қоғамның одан әрі дамуы ұлттық - халықтық діндерді – политеизмді тудырды.
Ұлттық - халықтық діндердің қатарына иудаизмді, индуизмді, синтоизмді, конфуций ілімін жатқызуға болады.
Діннің әлеуметтік институт ретінде даму кезеңдері
Бірінші кезең– анимизм және магия.
Адам әлемді өзіне теңестіреді, оған жеке қасиеттер береді.
Табиғи объектілер "тірі субъектілерге" ұқсайды, олардың өзара әрекеті "билік және бағыну« түріне негізделген.
Гегель діннің дамуының осы кезеңін "сиқырлы" деп атады (Фетиш, тотем).