Минералды тыңайтқыштар өндірісі. Фосфор, азот және калий тыңайтқыштары. Фосфорлы шикізат (аппатит, фосфорит). Қос суперфосфат өндірісі. Технологиялық сызба-нұсқасы.
Минералды тыңайтқыштар – құрамында өсімдікке қажет элементтері бар бейорганикалық заттар. Минералды тыңайтқыштар топырақтың құнарлылығы мен ауыл шауашылығы дақылдарының өнімі мен сапасын арттыру үшін қолданылады. Минералды тыңайтқыштарды дұрыс пайдалану дақылдардың өнімін арттырумен қатар, оның түсімінің сапасын жақсартады, топырақты қоректік элементтермен байытып, микробиологиялық процестерге әсер етеді.
Минералды тыңайтқыштар тікелей және жанама әсер ететін тыңайтқыштар болып бөлінеді. Тікелей әсер ететін Минералды тыңайтқыштардың құрамында өсімдіктерге тікелей қорек болатын N, P, K, Mg, B, Mn, т.б. элементтер бар. Осы элементтердің мөлшеріне қарай жай және кешенді тыңайтқыштар деп бөлінеді.

Фосфор тыңайтқыштары ерігіштігіне және өсімдіктер үшін қолайлылығына байланысты үш топқа бөлінеді: 1) фосфоры суға еритін және өсімдіктер оңай сіңіре алатындай нысанда болатын тыңайтқыштар — қарапайым және қосарлы суперфосфат; 2) фосфоры суда ерімейтін, бірақ әлсіз қышқылдарда (2%-дық лимон қышқылында) немесе аммоний цитраты сілтілік ерітіндісінде еритін тыңайтқыштар — преципитат, томасқож, термофосфаттар, фторсыздандырылған фосфат. Фосфор тыңайтқыштары — өсімдіктер үшін қолайлылығы орташа нысан; 3) суда ерімейтін және әлсіз қышқылдарда нашар еритін, тек күшті қышқылдарда толық еритін тыңайтқыштар — фосфорит ұны, сүйек ұны, өсімдіктер үшін жетуі қиын фосфор көздері.