Сөж ХІХ ғасыр әдебиетіндегі жанрлық ерекшеліктер мен даму сипаты Орындаған: Сабыр А. 312-топ Қабылдаған



Дата19.11.2023
өлшемі60,31 Kb.
#124841

ҚР Білім және Ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

СӨЖ


ХІХ ғасыр әдебиетіндегі жанрлық ерекшеліктер мен даму сипаты


Орындаған: Сабыр А. 312-топ
Қабылдаған: Аширов Ж

Алматы 2023


Қазақ халқының ХІХ ғасырдағы әдебиетінің шынайы рухы, ұлттың азаттығы мен елдің тәуелсіздігі жолындағы өзекті арқауы, көкейкесті мүддесі патшалық Ресейдің отаршылдығы тұсында да, Советтік саясат жылдарында да жеткілікті деңгейде ашылмай, айтылмай келген еді. Бірқатар ақындардың шығармашылығы кеңестік идеология қалыбымен жаңсақ бағаланып отырды. Бұл кітапта қазақ әдебиетінің ерекше тегеуірінді, рухы асқақ, идеялық-көркемдік шарықтау дәуірі - ХІХ ғасырдағы ішкі жаңғыру заңдылықтары тарихи шындық тұрғысынан сараланып отыр. Көркем әдебиет пен қоғамдық-әлеуметтік құбылыстардың сабақтастығы, сонымен қатар ұлттық әдебиеттің халықтық қасиеті тұңғыш рет ғылыми түрде негізделіп, басты сипаттары мен заңдылықтары дәйектелді. Көптеген ақындардың мұралары қайта қаралды, архивтерде тұмшаланып жатқан деректер назарға алынды, жаңа көзқарас тұрғысынан бағаланды. Тәуелсіздік алғанға дейін әдебиет тарихындағы орны жете сараланбай келген Көтеш Райымбекұлы, Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы сынды бірнеше ірі ақындардың шығармашылығына назар аударылды. Шал Құлекеұлы, Махамбет Өтемісұлынан бастап бірқатар көрнекті тұлғалардың туындылары арнайы талданды . Қазақ халқының ХІХ ғасырдағы әдебиетінің шынайы рухы, ұлттың азаттығы мен елдің тәуелсіздігі жолындағы өзекті арқауы, көкейкесті мүддесі патшалық Ресейдің отаршылдығы тұсында да, Советтік саясат жылдарында да жеткілікті деңгейде ашылмай, айтылмай келген еді. Бірқатар ақындардың шығармашылығы кеңестік идеология қалыбымен жаңсақ бағаланып отырды. Бұл кітапта қазақ әдебиетінің ерекше тегеуірінді, рухы асқақ, идеялық-көркемдік шарықтау дәуірі - ХІХ ғасырдағы ішкі жаңғыру заңдылықтары тарихи шындық тұрғысынан сараланып отыр. Көркем әдебиет пен қоғамдық-әлеуметтік құбылыстардың сабақтастығы, сонымен қатар ұлттық әдебиеттің халықтық қасиеті тұңғыш рет ғылыми түрде негізделіп, басты сипаттары мен заңдылықтары дәйектелді. Көптеген ақындардың мұралары қайта қаралды, архивтерде тұмшаланып жатқан деректер назарға алынды, жаңа көзқарас тұрғысынан бағаланды. Тәуелсіздік алғанға дейін әдебиет тарихындағы орны жете сараланбай келген Көтеш Райымбекұлы, Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы сынды бірнеше ірі ақындардың шығармашылығына назар аударылды. Шал Құлекеұлы, Махамбет Өтемісұлынан бастап бірқатар көрнекті тұлғалардың туындылары арнайы талданды. 

ХІХ ғасырда қазақ халқының жаңа әдебиеті қалыптаса бастады, әдебиет жанрлық, көркемдік шеберлік тұрғыдан іштей түлеп, тақырып аясын барынша кеңейтті, қоғамның тарихи құбылыстарына қарай күрделі көркемдік сипат алды. Әдеби процестің осындай заңдылықтары қазақ қауымының қоғамдық-әлеуметтік жағдайларымен бірегей сабақтастықта қарастырылды. 
Қазақ әдебиеті тарихының ең бір құнарлы, дәстүрі берік, мазмұны бай кезеңі ХІХ ғасыр. Бұл ғасыр үлкен-үлкен құбылысты оқиғаларға да, күрделі де шиеленісті әлеуметтік тартыстарға да толы болғандығы дүние тарихының парақтарынан да белгілі. Ондай тарихи кезең құбылыстары қазақ даласына соқпай өткен жоқ. Қазақ елі бұл кезеңде де ауыр күндерді басынан кешті. Он сегізінші ғасырдың аласапыран дәуірінің зардаптары жалғаса түсті. "Ақтабан шұбырынды" атанған зарлы заманнан өткен қазақ жұрты, қазақ хандығы тағы да бір қилы заман, қиын кезеңге аяқ басты. Сол дәуірдің оқиғалары мен тарихи шындығы, негізінен, қазақ әдебиеті шығармаларында көрініс тапты. ХІХ ғасырдағы қазақтың ұлттық әдебиетін дәуір шындығынан бөліп қарау мүмкін емес. Бұл кезеңде әдебиет пен халық тарихы біте қайнасып, кірігіп кеткендей еді. Соған орай әдебиет те жаңа сапалық деңгейге көтерілді. Қазіргі әдебиеттануда "жаңа дәуір әдебиеті" деп атала бастаған бұл кезеңдегі әдебиет шынында да тарихи алғышарттары мен себеп-салдарларына орай дәстүрлі арнадан шығып жаңа сипаттарға ие бола бастады. Жыраулық әдебиеттің мектептері, әдеби дәстүр уақыт талаптарына сәйкес соны көркемдік соқпақтарға ойысты. Қоғамдық-әлеуметтік мәселелер, саяси тақырыптар, күнделікті қауым тірлігіндегі жақсылы-жаманды көріністер тікелей әдеби шығармалардың өзекжарды саздарына, көкейкесті сөзіне ұласып отырды.
XIX ғасыр әдебиеті алдыңғы XV–XVIII ғасырлар әдебиетінің жалғасы ғана емес, көркем ойды тереңірек таразылап, шығарма авторлары туралы нақтылана түскен мәліметтері көп, оқиғалары ұмытыла қоймаған кезең болуымен де өзгешеленді. Сондықтан да қазақ әдебиетінің бір кезеңінде – XIX ғасырдағы әдебиетте ұлттың жаны мен өзгерістері барынша ашылады.
XIX ғасырдағы қазақ халқының рухани әлемімен таныстыра отырып, шығармалар мен олардың авторлары туралы, көркем туынды туралы әдеби талдау жасалады. Қазақ әдебиеті тарихындағы ұлттың өзіне-өзі сын көзбен қарап, өткенін екшеп, болашағын заманымен сабақтастыра алып болжауға ықпал еткен көркемдік ойлардың ел дамуында өзгеше маңызы болғаны анық. Халық тарихының күрделі кезеңін суреттей отырып, XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінде тұңғыш рет ұлт бүгіні мен болашағына жаңаша баға берілді. Ел болашағы үшін қажет тұстар – әдебиетте көтерілді. Әр автор қоғам жайында өз түсінігінің, өз стилінің өзгешелігімен айқындалды. Бұл өзгешелік тұтастай – жаңа танымға бастау болды. Әр автор қоғамдық ойды, көркемдік ойды құрылым мен мазмұн жағынан байытты.
XIX ғасырдағы қазақ әдебиетін 3 топқа бөліп қарастыруды қажет етеді:
1) Қарсылықты әдебиет өкілдері.
2) Танымдық ойшыл әдебиет өкілдері.
3) Әдебиеттегі ұлт мәдениет өкілдері.
XIX ғасыр қазақ тарихындағы өзгеше оқиғаларға толы болғаны белгілі. Бұл оқиғалар ұлт тағдырына, танымына әсер етті. Сол кезең оқиғаларының жайы, ой, сезімдерінің сыры – XIX ғасыр әдебиетінде бейнеленеді. XIX ғасыр ақындары көркем суретпен, бояумен береді. Әдебиетте ел мен жер тағдыры жырға қосылды. Ұлт бүгіні ғана емес, ертеңінің жай-күйіне алаңдаушылық басым болды.
XIX ғасыр әдебиеті алдыңғы ғасыр дәстүрі – жыраулық үлгілерден бастау алады. Батырлық пен ерлікті елдікпен сабақтастырады. Қазтуған, Доспамбет, Бұқар т. б. жыраулар жырлары, толғаулары Махамбетпен жалғасты. Ақын ел мен жер жайын жырға қосты. Махамбет әдебиетте жаңа батыр бейнесін жасады. Батырлық үлгісі ретінде әдебиетте Исатайдың бейнесін – батыр ағасының бейнесін сомдады. Бұл ауыз әдебиетінде жасалған, жыраулық әдебиетте сомдалған батырлар жалғасы еді. Өзгешелігі – өз заманының бар қасиеттерін жинақтаған батыр бейнесі болғандығында. Әдебиеттегі ақын-жыраулардың келесі өкілдері – Дулат пен Мұрат. Қазақ тұрмысы мен дәстүрінің ғасырлар қалыптастырған қалпына өзгеріс әкелген капиталистік қатынастарды өлеңге қосты. Жер тағдырын жыр етті. Шортанбай ақын жаңа өзгерістерді жұртқа зиянды деп қабылдады. Өлеңдерінде заманды суреттеп қана қоймады. Келешекке болжам айтты. XIX ғасырдағы ел билеу тәртібіндегі жаңалықтар қоғамдық қатынастарды өзгертті. Дәстүрлі, ел үйренген тәртіптерден бөлек жаңа қатынастар шықты. Халық танымынан алыс әдет-ғұрыптар шыға бастады. Әдебиеттегі басты тақырыптардың бірі осы болды. Ақындар ел көңіліне жақпаған, ұлт түсінігінен алыс тұстарды жырға қосты. Халықтан гөрі өздерін ойлаған ел билеушілерді Сүйінбай, Дулат жырларында сынады. Елдегі саяси-әлеуметтік, қоғамдық өзгерістерді ұғып, жетік түсіндірілмесе де, әдебиетте халыққа керек жайлар тақырып болды

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет