Қазақ сөз өнері Махсут Нурила Фко-202



Дата25.04.2023
өлшемі0,84 Mb.
#86566

Қазақ сөз өнері

Махсут Нурила Фко-202

Қазақ әдебиеті

Қазақ халқының тәуелсіз кезеңдегі әдебиеті – ол қаһарман халықтың ұзақ ғасырлар бойы қалаған тәуелсіздік жолындағы арман-аңсары. Қазіргі қазақ әдебиеті ұлттық мәдениеттің алып тірегі мен қадір-қасиетінің, әлемдік әдебиеттегі орнының, өркениетті дамудағы көркемдік санасының көрсеткіші. Қазақ халқының мәдени мұрасының ұлттық ерекшелігін түсінуде өзге халықтар үшін табылмас алтын кілт болып есептеледі. Осындай ойға келудің негізгі себебі – жуырда М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты тарапынан шыққан «Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жалпыадамдық құндылықтар» атты зерттеуге тікелей байланыс­ты. Оқырман осы кітапты қолға алған заматта Кеңестік кезеңде объективтік және субъективтік себептерге орай ашылмай қалған қазақ халқының шынайы еркіндік рухы, ұлт-азаттық идеясы мен елдің тәуелсіздік жолындағы күресінің тарихи шындық тұрғысынан сараланып жатқанын байқайды. Сонымен бірге, көркем әдебиет пен қоғамдық-әлеуметтік құбылыстардың өзара сабақтастығы мен олардың ішкі диффузиялық мағынасын тұңғыш рет ғылыми түрде жаңа көзқарас тұрғысынан реттеліп бағаланып отырғанын назардан өткізіп отырады.

Қазақ халқының шешендік өнері

01.

Шешендік сөздер – ғасырдан-ғасырға ұласып, халық игілігіне жарап келе жатқан ұлттық мұрамыздың бірі. Қысқа да нұсқа, бейнелі, мағынасы терең, шымыр, қисынға құрылған бұл сөздер тындаушының көңілінен шығып оны сөзсіз иландырады.


>
<
<
>
<
<

Шешендік – қазақ елінің көнеден келе жатқан дәстүрлі тіл өнері. Шешендік – сирек ұшырасатын қасиет-дарын. Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр қисынға құрылады. Шешендік өнер мен билік қолма-қол туып айтылатын, суырыпсалма жүрекжарды әділ сөздерге негізделіп шығармашылық сипатымен дараланады.

Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді «риторика» деген атпен жеке пән ретінде оқыған. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демоссфен, Цицерон, Квинтилиан сияқты өз заманының мемлекет қайраткерлері, ел аузына қараған ойшылдары болған. «Риторика» ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған. М.В.Ломоносовтың 1748 жылы басылып шыққан «Шешендікке қысқаша басшылық» атты еңбегі бұл өнердің Ресейде дамып, қалыптасуына түрткі болды.

Алыптар айтқан мәнді сөз

Қазақ сөз өнерінің, оның поэзиясының яки ұлт өлеңінің таза, шынайы халықтық өнер боп қалыптасуына, өркен жайып қанаттануына тілекші болып, өздерінің ақ батасын, адал тілегін арнаған және өздері де сол жолда еңбек еткен ұлт зиялылары қашанда аз болмаған ғой. Сондай өлең сөз жанашырларының сапында көзі тірілерінде «Қазақ әдебиетінің алыптары» атанған академик-жазушыларымыз М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов және Ғ.Мұстафин есімдері үлкен құрметпен аталады.

М.Әуезовтің әдебиет сүйер қауымның арасында кеңінен тараған «Мәлік Ғабдуллинге жауап хат» атты әдеби-танымдық мақаласы сол кезеңдегі ұлт поэзиясының хал-ахуалын танытатын құндылығымен ерекшеленеді. «Қадірлі Мәлік! – деп басталады жауап хат, – Біздегі поэзияның бүгінгі жайынан пікір алысуға шақырдыңыз» [1,371]. Осылайша бір қарағанда жай ғана екеуара пікір алысу түрінде басталған мақаланың негізгі айтар ойы М.Әуезовтің атап көрсеткендей екі мәселеге барып тіреледі: «Біреуі – ұлттық характер, екіншісі – поэзияға кірген жаңалық пен өлең барысы жөнінде».

Ұлттық сөз өнерінің лирика жанрындағы дәстүр мен жанашылдық мәселесін қарастыруда ғалым «әсіресе, айналасынан, дос айналасынан ұдайы үлгі алып үйрене өсуде» екендігіне аса назар аударады да: «Міне, осы жағынан алғанда біздің поэзия жаңа дәстүрді жаңа табыстармен байыта дамытып, жаңа дәстүрлер тудыра отырып үдеп келе жатқан әдебиет саламыз» [1,376] деп ой сабақтайды.

02



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет