Орындаған: Сабыр А. 312-топ
Қабылдаған: Филология ғылымдарының кондидат- профессоры Жүніс М.Ә
Алматы 2023
Тілдің морфология саласында изафеттік тіркесті құрылым түсінігі бар. Араб тілінің Аль - идафату сөзінен қалыптасқан бұл түсінік тікелей аударғанда қосымша, үстеме деген ұғымды білдіреді. Бұл - зат есім мен зат есімнің немесе заттанған тіркестің құрылымы. Аталған тіркестің ішкі құрылымына қарай түрлерге бөлінетіні тіл білімінде белгілі: І изафеттің бірінші түрі зат есімді сөздердің бір- бірімен орын тәртібі арқылы байланысуы; аралығындағы мағына – қатыстық анықтауыштық мағына; |І изафет түрі - зат есімді тіркестің бірінші сынарының нөлдік тұлғада (Ілік септігінің нөлдік тұлғасы), екінші сыңардың үшінші жақ тәуелдікжалғауында болуы; аралығындағы мағына – тәуелділік анықтауыштық мағына; ІІ изафет түрі екі сыңардың да жалғау тұлғасында болуы. Осы изафеттік тіркестің құрылымы да, оның, әсіресе І, ІІ турінің пайда болуы - тілдік колданыстағы үнем қағидасының нәтижесі. Зат есімді тіркестердің алдына немесе екі сыңарының нөлдік тұлғадағы қолданысы қатыстық мағыналы, тәуелдік мағыналы бір ұғымды курделі сез турін береді. Қазақ тіліндегі изафеттік құрылымдардың табиғаты мен жұмсалу ерекшеліктерін ашып талдауға бағытталған зерттеу жұмысы - қазақ тіл білімінің өзекті мәселелерінің бірі. Сөздердің қалыптасқан амал тәсілдер арқылы бір-бірімен байланысып, әр алуан синтаксистік қатынасты білдіруі, соның негізінде түрлі типтегі сөз тіркестерін құрауы қазақ тіл білімінде жеке зерттеу нысаны болып келеді. Синтаксистік қатынасты білдірудің амалы біршама толық зерттелді десек те, әлі де тереңірек талдауды қажет ететін түрлері баршылық. Солардың ішінде барлық түркі тілдеріне тән бір түрі изафеттік курылыстағы сөз тіркестері. Бұл меселеге арналған М.Балақаевтің мақалалары ғана болмаса, қазақ тіл білімінде изафет арнайы зерттеу нысаны бола койған жоқ. Дүстурлі граматикада изафеттің үш түрі көрсетілген. Олардың тұлғалық жағынан алғанда екі зат есімнің тіркесуінен болатындығы белгілі. Бұл құбылысты изафеттің басты белгісі екендігін осы салаға қатысты барлық зерттеулер растайды. Алайда сөз тіркесінің сыңарлары арасындағы қатынастың ішкі ренктік ерекшеліктеріне назар аудара отырып, грамматикалық қырын (аспектің) логикалық жағынан толықтыру жағы изафетке қатысты зерттеулерде жетіңкіремей жатқан мәселелердің бірі деуге болады. Изафеттің табиғаты , жұмсалу ерекшелігі мен қалыптасу тарихы, құрылымдық түрлері, әрқайсысының мағыналық жақтарының ашылуы тек сөз тіркестерінің осы түрінің ғана емес, жалпы тіркестердің табиғатын, даму тарихын ашуға бірәз үлес қосатыны айқын. Міне, осы айтылған жайлар бұл мәселенің қазақ тіл білімінде арнайы зерттелуі қажет екендігін көрсетеді. Бұл қазіргі жеке тіл білімдеріндегі зерттеулердің негізінен нақты да жеке мәселелерге арналатын бағытына сәйкес келіп, зерттеу нысанына сөз тіркесі жүйесінен бір ғана құрылымдағы изафеттік тіркестің алынуы тақырыптың өзектілігін анықтайды. Изафеттік құрылым - барлық түркі тілдеріне тән құбылыс. Түркі тілінде изафеттік құрылымдарға арналып көптеген зерттеулер жүргізілген. (Майзель С.С., Аракин В.Д., Боровков А.К., Гаджиева Н.З., Дмитриев Н.К., Сауранбаев Н., Балакаев М., Агманов Е., Эмір Р., Сайрамбаев Т., Исаев С. т.б.) Бірақ түрік изафетінің табиғаты толықашылды деп айта алмаймыз. Бұл құрылымның ерекшелігі анықтауыштық қатынастағы басқатіркестерден өзгеше синтаксистік құрылым болуымен ғана емес, жеке-жеке түркі тілдеріндегі оның даму жолы мен жұмсалымының айрықшасипатында болып отыр. Дәстурлі граматикада изафеттің үш түрі көрсетілген. Олардың тұлғалық жағынан алғанда екі зат есімнің тіркесуінен болатындығы белгілі. Бұл құбылысты изафеттің басты белгісі екендігін осы салаға қатысты барлық зерттеулер растайды. Алайда сөз тіркесінің сыңарлары арасындағы қатынастың ішкі ренктік ерекшеліктеріне назар аудара отырып,грамматикалық қырын (аспектісін) логикалық жағынан толықтыру жағы осы изафетке қатысты зерттеулерде жетіңкіремей жатқан мәселелердің бірі деуге болады. Қазақ тіл білімінде изафеттік тіркесті тұңғыш зерттеген көрнекті ғалым М.Балақаевтің пікірінше, қазақ тіліндегі изафеттік кұбылыатар жасалу амалына қарай екі түрлі болады: 1)қабыспалы, 2) матаулы. Екі зат есім атау күйінде қатар айтылып қабыса қиысқан, алдыңғысы соңғысына сын болатын изафеттік құбылыстықабыспалы дейміз. Мысалы: күміс қасық, қамыс құлақ, қазақ тілі. Екі есім қатар айтылып, алдыңғысы ілік жалғауында, соңғысы тәуелдік жалғауда айтылып матаса қиысқан, алдыңғысы соңғысына меншіктеп тұратын изафеттік құбылысты матаулы дейміз. Мысалы: қойдың жүні,баланың киімі, ауылдың малы. Изафеттік құрылымдарға койылатын талап - оның сыңарларының анықтауыштық қатынаста келуі. Қазіргі қазақ тілінде сын есім мен зат есімнің және есімдік (сілтеу, белгісіздік) пен зат есімдердің анықтауыштық қатынаста тіркесетіндігі белгілі, бірақ бұл тіркестердің барлығы изафеттік құрылымға жатпайды. Изафеттік құрылым болу үшін тек қана зат есім мен зат есім тіркесі болуы керек. Мысалы:ағаш қасық, темір күрек, судың басы, аттың ері, дала коңырауы, тау етегі. т.б. Изафеттің зат есімдерден құрылған тіркестер екендігін айта келе, зат есімдер грамматикалық табиғаты жағынан болсын, лексикалық семантикасының әр жақтылығынан болсын басқа сөз таптарынан өзінің жан-жақты қасиеттерімен ерекшеліктеріне баса назар аударғымыз келеді. Олар сейлем ішінде, сөз тіркестері құрамында өздері тіркесіп келіп те, әр түрлі анықтауыштық, толықтауыштық қатынасты білдіретін сөзтіркестерін жасайды: темір тостақ, ағаш үй, күміс ақша, алтын сақина, ас қасық, аға сұлтан, бел бала, Абайдың досы, уықтың қарнауы, сағаттың тілі, балаға ақыл, атадан өсиет т.б. осы тектес сөз тіркестері зат есімдерден жасалған. Зат есімдер синтаксистік жағынан да, яғни сөз тіркесі және сөйлем мүшесі тұрғысынан жан-жақты зерттеліп келеді. Зат есімдердің сөз тіркестерін жасауға қатысуын С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, Р.Эмір, Т. Сайрамбаев, Ә. Әбілақов, К.Бейсенбаева т.б. ғалымдар қарастырғаны белгілі.
Тіл мамандарының бір тобы изафетке меншіктілік қатынасты білдіретін тіркестерді жатқызады да, аналитикалық жолмен жасалған зат есімді тіркестерді (интонация, сөздердің орын тертібі, шылау арқылы жасалған түрлерін) жатқызбайды. Ғалымдардың екінші тобы изафеттік құрылысқа аналитикалық құрылымдағы зат есімдер тіркесі мен құрылымының бірінші компоненті жалғаусыз, екінші компонентіне тәуелдік жалғауы жалғанған түрін жатқызады да, ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің тіркесінен болған құрылымды оған қоспайды. С.С.Майзельдің пікірі бойынша, изафеттік тіркестер зат есімдердің бір- бірімен тіркесіп, анықтауыштық қатынасты білдіруі болып табылады.
Қазір изафеттің бұл үш түрі мынадай иерархияда танылады: изафеттің | түрі - сөздер жалғаусыз, орын тәртібі негізінде тіркеседі, II түрі - бірінші компоненті жалғаусыз, екінші компоненті үшінші жақтық тәуелдік жалғауы арқылы беріледі, III түрі -алдыңғысы ілік жалғауында, соңғысы тәуелдік жалғауының үшінші жағында келген түрі. Мысалы: ағаш күрек (1), егіс басы (II), Мирастың күнделігі (III).