Сөж: Көркем аударманы қабылдау-әлеуметтік және саяси тарихи жағдаяттың рөлі
Аударма — бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталап бейнелейтін тілдік құрал.
Көркем аударма – үлкен шығармашылық іс, оның нәтижесі –
басқа тілде жаңа көркемдік құндылықты жасаумен бағаланады
және сол арқылы аудармашының шығармашылық белсенділігін
танытады.
Аудармашы шығармадағы жай ғана тілдік элементтерді
жеткізуден басқа, ең бастысы, көркемдік элементтерді жеткізуімен
шеберлік танытады. Көркем аударма – көркем шығармашылықтың
түрі. Мұнда түпнұсқа негізгі қызметті атқарады. Түпнұсқалық
шығармашылықты шынайы түрде жеткізе білу – аудармашының
басты ерекшелігі. Аудармашының шығармашылық тәсілі негізінен
оның дүниетанымына байланысты. Өзінің дүниетанымына сәйкес
аудармашы өзі таңдап алған шығармалардағы көркем шындықты
мазмұн мен түр бірлігінде, жекеден жалпыға дейінгі тұтастықтың
байланысында бейнелейді.
Аудармашының дүниетанымын жеке сөздер мен тіркестерден
және де көбінесе тұтастай әдеби элементтен, яғни мәтіннің
аяқталған үзінділерінен іздеуге болмайды. Көп жағдайда осынау
дүниетанымның мәні де аудармашының түпнұсқаға деген жалпы
қатынасынан аңғарылады. Ол аударатын шығарманы таңдап
алуынан басталып, оның стилін қабылдап, түсінумен аяқталады.
Аудармашының дүниетанымы түпнұсқа аудармасы түрі мен
мазмұнының бірлігін қарастырып қана қоймай, аудармадағы
ұлттық түрді сәйкестіру туралы мәселені де осы бірлікте шешеді.
Көркем аударма тұтастай кешенді: ақпараттық, эстетикалық
және қоғамдық-саяси міндеттерді атқарады. Аударма оқырманды
шығармалармен, зерттеушілермен, автормен, басқа халықтардың әдебиеті, мәдениеті, өмірімен таныстырады. Аударма сондай-
ақ отандық түпнұсқалық туынды жасауымен, эстетикалық құндылықтарымен оқырман талабын қанағаттандырады, ол
түпнұсқалық көркем шығарманың дамуына ықпал етеді, әдебиеттің,
тілдің, мәдениеттің интернационалдық қатынасының құралына
айналады. Аударма оқырманды түпнұсқаға жақындатады, соның
нәтижесінде басқа ұлт тілін оқып, үйренуге көмектеседі, бағыт
береді.
Әрбір аударма оқырмандарына төлнұсқаның құндылығына
сай әсер дарытуы тиіс. Көркем аудармада, мүмкіндігінше,
сөздерді, тіркестерді, сөйлемдерді қалдырып кету немесе қосу,
аудармашы тарапынан өзгертуге болмайды. Егер шығармада
кемшілік, түрлендіру кездессе, оларды дәл сол қалпында аударып
көрсеткен дұрыс. Көркем шығарма аудармашысының тәжірибесі,
еңбексүйгіштігі, қабілеттілігі мейлінше төмен деңгейде болса
аудармада соншалықты қарабайыр, жалған түрде жасалады да,
толық көркемдік құндылыққа, жоғары сапалылық дәрежесіне жете
алмайды. Тәжірибелі аудармашы өзінің шығармашылық таланты
мен шеберлігін, алғырлығы мен адалдығын түпнұсқаның дәлдігін,
шынайылығын сақтап жеткізу мүмкіндігін де көрсете алады.
Қабілетсіз, тәжірибесіз аудармашы өзінің ыңғайына бейімдейді,
өйткені ол аударманың қадір-қасиетін, мән-мағынасын түсінбейді.
Көркем аударманың мақсаты – шет тілін білмейтін оқырманды
сол халықтың шығармаларымен әлем әдебиетінің озық үлгілерімен,
классикалық туындылармен таныстыру. Шығарманың көркемдік
ерекшелігін, дербес құрылымдық сипатын, ұлттық колоритін
сақтау – аудармашының табысқа жетуінің басты кепілі.
Көркем әдебиетке ұлттық бояу тән болады: табиғат ерекшеліктері, күнделікті өмір, адамдары, аңыздар мен салтдәстүрі. Аудару мақсаты шығарманың құрылымдық мағынасын терең ұғып, аудармашының тілдік безендіруін шебер қолдануында.
Көркем әдебиеттегі ұлттық бояу – белгілі бір халықтың өміріндегі қолданылатын реалийлердің лексикалық тәсілдер жиынтығы ретінде берілген жиынтығы. Аударудың басты мақсаты – баламалыққа жету. Яғни, аударма нормаларын қолдану арқылы мәтінді қажетті де мазмұнының өзгеріссіз жетік түрде аударылуы. Сол баламалыққа жету үшін аудару барысында аударылып жатқан тіл нормаларның сақталуымен түпнұсқа мәтініндегі ақпараттарды толығымен жеткізуде әртүрлі аудару трансформацияларын тиімді қолдана білу қажет.