Мазмұны 1-тәжірибешілік сабақ



бет1/7
Дата17.10.2023
өлшемі106,5 Kb.
#117587
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7



Мазмұны
1-тәжірибешілік сабақ. Әдебиеттану ғылымының салалары
1) тақырыпты иегеруге қажетті теориялық сұрақтар:
1. Әдебиеттану ғылымының негізгі салалары қандай?
2. Әдебиеттану ғылымының қосалқы салалары қандай?
3. Әдебиет тарихының зерттеу обьектісі не?
4. Әдебиет теориясының зерттеу обьектісі не?
5. Әдебиет сынының зерттеу обьектісі не?
2) сабақта сөз сөйлеуге дайындалу үшін енгізілген тапсырма түрлері:
1. «Әдебиет - сөз өнері» тақырыбындағы ойыңызды айтыңыз.
2. Әдебиет туралы ғылымның көркемөнер теориясы, эстетика, философия, тарих, тіл білімі т.б. өзге ғылымдармен байланысы мен өзіндік ерекшелігі туралы пікіріңізді келтіріңіз.
3) аудитория мен аудиториядан тыс өзіндік жұмыстарды орындау үшін тапсырмалардың тақырыптары мен түрлері:
1. Тақырып бойынша 5 нұсқа жауапты 5 тест сұрағын құрастыру;
2. А.Байтұрсыновтың сөз өнері туралы пікіріне конспект жасаңыз.
4) тақырыпты игеру үшін өзіндік бақылау үшін сұрақтар тізімі:
1. Көркем әдебиетті, оның пайда болуы мен әлеуметтік байланыстарын, сөздік-бейнелік ойлау ерекшеліктерін; көркем шығармашылықтың табиғаты мен қызметін; әдеби үрдістің жалпыға және нақты бір аймаққа тән заңдылықтарын қарастыратын ғылым саласы
2. Жазу тарихын, сондай-ақ ежелгі жазба ескерткіштер мәтінін, жазылу мерзімі мен дүниеге келген орнын анықтау мақсатын көздейтін тарихи-филологиялық пән
3. Әдеби үрдіс және әдеби даму мәселелерін әдебиеттанудың қай саласы қарастырады
4. Әдебит теориясы қарастыратын мәселелерді неше циклге жүйелеуге болады
5. Дүниені эстетикалық тұрғыдан қабылдау әрекеті көркем әдебиетте қалай іске асады


2-тәжірибешілік сабақ. Образ және образдылық. Образдың жасалу жолдары. Образдың түрлері
1) тақырыпты иегеруге қажетті теориялық сұрақтар:
1. Көркем образ және авторлық дүниетаным, идеал.
2. Көркем бейненің әдіс, тек, тәсіл тұрғысынан жіктелуі және олардың ерекшеліктері. Басты және басқа кейіпкерлер.
3. Өнердегі типтілік мәселесі, типтендіру процесі. Тип және прототиптің ара қатынасы.
4. Көркем бейненің жасалуында қолданылатын негізгі суреттеу тәсілдері.
5. Әдебиеттанудағы жинақтау мен даралау


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет