С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА Микробиология, иммунология және вирусология кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Сальмонеллалар, микробиологиялық диагностика, алдын-алу мен емдеу жолдары Алматы 2017 жыл
Қабылдаған: Бегадилова Т.С.
Орындаған: Хамитова А.Х.
Факультет: Стоматология
Курс: ІІ
Топ: СТ15-003-01
Жоспары:
Классификациясы
Сальмонелла туралы түсінік
Дақылдандырылуы
Ерекшеліктері
Диагноз қою түрлері
Жеделдетілген әдіс
Бактериологиялық әдіс
Емдеуі және алдын алуы
Классификациясы
Тұқымдастығы: Еnterobаcteriaceae
Туыстастығы: Salmonella
Түрлері: S.typhi
S.paratyphi A
S.paratyphi B
S.enteritidis
S.typhimurium
САЛЬМОНЕЛЛАЛАР
Сальмонелла Сальмонелла – Enterobacteriaceae тұқымдастығына жататын өте ұсақ, грам теріс, ұшы жұмырланған таяқшалар (ұзындығы 1-7 мкм, ені 0,3-0,7 мкм). Спора түзбейді, микрокапсуласы бар, перитрихтар.
Туыстастық атауға АҚШ ғалымы Д.Сальмонның құрметіне (1885 жылы) ие болды.
Іш сүзегі мен А және В парасүзектері сальмонеллалар тудыратын аурулар, ішектің лимфа жүйесінің зақымдалуымен, айқын интоксикациямен сипатталады.
Дақылдандыру Сальмонеллалар – факультативті анаэробтар, қоректік ортаны талғамайды. 37 °С температурада, pH 7,2-7,4 өседі. Элективті ортасы – өт сорпасы. Іш сүзегіне диагноз қою кезінде басқа ішек инфекциялары сияқты Эндо, Левин, өт қосылған дифференциальды-диагностикалық қоректік орталар қолданылады. Тығыз қоректік орталарда R- және S-колониялар түзеді.
Сұйық қоректік ортаны біркелі лайландырса, тығыз қоректік ортада «білем» тәрізді кілегейлі төмпешік колония түзеді.
Науқастан алынған қанды – өт сорпасына себеді, ал қосымша микрофлорасы бар материалды – селенит сорпасына себеді. Лактозасы бар дифференциальды-диагностикалық қоректік орталарда – түссіз, висмут-сульфидті агарда – қара коллониялар түзеді.
Ерекшеліктері:
Сальмонеллалардың көпшілігі талшықтарының перитрихты орналасуына байланысты қозғалмалы келеді.
Лактозаны ыдыратпайды, бірқатар көмірсуларды газ түзбей ыдыратады. Күкірт сутегін түзеді, ал индолды түзбейді.
Төменгі температураға тұрақты, таза суық суда бір жарым жылға дейін, бөлме шаңында – 80-500 тәулікке дейін сақталады. Дезинфекциялық заттарға, жоғары температураға, УК-сәулелерге өте сезімтал.
Ішек қабырғасына орныққаннан кейін TTSS-1 токсинін бөліп, бәсекелестерін жояды.