Сөж тапсырмасы Самырхан Лашын шт 31



Дата15.04.2023
өлшемі16,46 Kb.
#82766

Сөж тапсырмасы
Самырхан Лашын ШТ 31
Оқытудың қиындықтарын анықтау жоба
1.Оқытудың қиындықтарын анықтау.
Проблемаларды анықтау үшін тестілер өткізіп, одан кейін өзіндік түзету және тестілеу жұмыстарын қайталап өткізуді бағалаудың оқытудың қиындықтарын анықтау мақсатына жатқызамыз.
Оқушыны қандай мақсатта, не үшін, қалай бағалаймыз? Бағалау кезінде мынадай мақсаттар болуы мүмкін: оқытудың қиындықтарын анықтау, жетістікке жеткендегі кері байланыс, уәж, болжау, стандарттарды бақылау, бағдарламаның мазмұны мен стилін бақылау. Бұл келтірілген барлық бағалаудың түрлерінде бақылау, интерпретациялау, қорытындылауды қамтиды.
«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі білім беру, оқыту үдерісіндегі әдіс-тәсілдердің барлық түрлерімен байланыста болады. Бұны меңгеру үшін қалған модульдердің мазмұнын игеру қажет, болжау, сұрыптау, бақылау, жоспарлау әдістерін меңгеру керек. Оқушылардың алға қарай даму мақсатында жұмыс нәтижелерін, өз-өздерін бағалай білуі керек. Оқуды бағалаудың мақсаты — оқушылардың оқып білгенін жинақтау. Бірақ, маңызды мәні бар тест жүйесі арқылы оқушылардың білімін бағалау оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін .
Мұғалімнің оқушыларды бағалауы — ол оның білімін топтау, белгілі бір шаблонмен салыстыру. Мұғалімнің іс-әрекеттеріне қарай, шеберлігіне қарай оқушыларды бағалауда бірнеше әдістерін қолдана алады: жеке, жұптық, топтық, жиынтық, қателер талдауын, салыстырмалы түрде, өздерін-өздері, кері байланыс, т.б. Оқушының мұғалімге деген сенімі артады, көзқарасы өзгереді.
Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бағдарламаның басқа модульдерімен тығыз байланысқан. Бұл модульді пайдаланғанда барлық жаңа тәсілдердің мазмұнын дұрыс игеру керек, орынды пайдалану керек. Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі оқушылардың білім деңгейін анықтауға, алдағы жұмыстарды қалай жоспарлау керектігі, алға қойған мақсатқа жету алгоритмін құру керек. Барлық модульдер бір-бірімен өте тығыз байланысқан. Сабақ беру кезінде бір модульді пайдаланға басқа модульдің міндетті түрде кірістірілетінін сеземіз. Екінші жағынан, кез келген модульді пайдаланғанда оның нәтижесін біліуіміз керек, яғни қаншалықты сабақ беру кезінде таңдап алынған модульді пайдаланғанымызды бағалауымыз тиіс.
Қазіргі кезде оқытудың көптеген жаңа технологиялары жайлы айтылып, бұқаралық ақпараттар құралдар арқылы да жарияланып келеді. Бұған көптеген материалдар бар. Оқуды бағалау тақырыбы өте күрделі және мұғалімнің оқушыға қоятын бағасы өте тиянақты, әділ, маңыздылық пен дәлелділік, жариялылық пен қарапайымдылықпен сипатталатын болса, оқушылардың да оқуға деген ынтасы артуына, қандай да бір мақсатқа жетуіне ықпал етеді деп есептейміз. Оқушылар тапсырманы шығармашылықпен, ізденіспен орындаса, тақырып мазмұнын суреттеп берсе, ол жұмыс жоғары бағаланатынын біледі. Кез келген іс-әрекетте өзінің қиындықтары болады. Жаңа бағдарламамен жұмыс істеген мұғалімдердің де өздеріне лайықты жетістіктері мен кедергілерге кездесетіні болады. Мұғалімдер мектеп іс-тәжірибесінде оқушыларды формативті бағалаудың бір ғана түрін қолданады. Оқушыларды білім алуға ынталандыруда формативті бағалаудың 12 түрін толық қолдануы оң нәтижелерін берері сөзсіз. Мұғалімдер оқушыларының іс-әрекеттерін сипаттап жазған рефлексивті есептерінде қиналады. Себебі, мұғалімдердің өздерін бүкіл курс барысында біз тренер ретінде бағалайтынымызды сезбейді. Оларды курс барысында басынан соңына дейін біз формативті бағалаймыз. Курстың соңғы айында толығымен рефлексия жүргізіледі. Олар мектептегі іс-тәжірибе кезінде орындаған жұмыстарын екінші бетпе-бетте осында келіп толығымен бағалану үдерісіне түседі. Тыңдаушылардың өздері алдымен формативті бағаланып, соңынан портфолио жинақтап, таныстырылымдарды қорғап, емтихан тапсырып жиынтық бағалау үдерісіне түсетінін бірі білсе, бірі білмей жатады. Бағалаудың бұл екі түрінің арасындағы байланысты түсінбей жатады. Ең үлкен қиындық, міне, осында жатыр. Әрине, бұл екі бағалауда да өздеріне қатысты өз критерийлері болады. Оны әр топтың тыңдаушыларын бағалайтын тәуелсіз бағалаушылардың құзырына береміз.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет