«Сөйлесім әрекеті» /«речевая деятельность»/ әр түрлі ғылым өкілдерін қызықтырған күрделі мәселе. Көптеген ғалымдар зерттеу объектісіне қарай оның ерекшеліктерін әр қырынан қарастырған



Дата16.05.2022
өлшемі10,54 Kb.
#34566
Байланысты:
«Сөйлесім әрекеті». Тқн


«Сөйлесім әрекеті» - /«речевая деятельность»/ әр түрлі ғылым өкілдерін қызықтырған күрделі мәселе. Көптеген ғалымдар зерттеу объектісіне қарай оның ерекшеліктерін әр қырынан қарастырған. Мәселен, лингвист ғалымдар сөйлесім әрекеті мен тілдің ара қатысын, ортақ заңдылықтарын, тілдік қатынастың лингвистикалық негізін қарастырады. Психолог-галымдар сөйлесім әрекетінің ойлау, пайымдау, қабылдау, сезіну, түйсік, зейін т.б. процестермен байланысын, олардың сөйлеу кезінде сана арқылы өту ерекшеліктерін зерттейді. Физиологтар тілдік қатынасқа байланысты сөйлесім әрекетінің жүзеге асуына ықпал ететін дыбыстау мүшелерінің жұмыс істеу механизмдерін, қызметін тексереді. Психолингвист сөйлесім әрекеті іске асу үшін жұмсалатын тілдік-қатысымдық тұлғалардың санамен байланысын, сөйлеу кезіндегі ойга қатысты түрлі процестерді қарастырады.Ъд шоқ ф

Әдіскер болса, ол осы салалардың барлық заңдылықтарын ескере отырып, сөйлеуге үйретудің тиімді үлгілерін табуды және ұйымдастыруды, жалпы сөйлеу әрекетін жүзеге асыруды көздейді. Бұл саладағы ғалымдар кімді оқытатынын; оларды неге үйрету керектігін; не үшін, не мақсатпен және қалай оқытатынын; оларды неге және қалай оқыту қажеттігін қарастырады. Тілші-әдіскерлердің ең бірінші мақсаты - сапалы оқытудың жолдарын табу, яғни қалай оқытсақ, ісіміз жақсы нәтиже береді деген сауалға жауап іздеу. Соны практикалық жағынан дәлелдеп, теориялық түрғыдан жүйелеп көрсету.

Сөйлесім әрекетін көптеген авторлар белгілі бір хабарды, ойды, информацияны баяндау, яғни екінші біреуге жеткізу деп түсіндіреді. Немесе тілдік қарым-қатынас дегеніміз адамдардың бір-бірімен тіл арқылы белгілі бір ақпаратпен пікір алмасуы деген пікірді айтады. Рас, адамзат тілінің ең басты қызметінің өзі -ойды, хабарды жеткізу.

Сөйлеу кезінде адам қалай болса солай тіліне келгенін айта салмайды, ол ең алдымен ойлауды басынан өткереді, сырттағы объективтік шындық санаға, ойға әсер етіп, пайымдау туғызады. Сол адам миының ойлау процесі арқасында нені айту керек, не туралы сөйлеу қажеттігі жөнінде нақтылы сөз жасалады.

Бұл - тек адамның ойлау жүйесіне ғана тән күрделі процесс.

Адам не туралы сөйлейтінін, тіл арқылы нені жеткізетіндігін білгенмен, яғни сөйлесім әрекеті, адамның сөйлеу тілі өзіне тәуелді емес, ол - табиғат берген, жаратылыстан туған күрделі процесс. Адам сөйлеуді жетілдіріп, дамытады, оның заңдылықтарын қарастырады, бірақ сөйлеу тілін өзі жасай алмайды. Осыдан сөйлеудің, тілдің қоғамдық-әлеуметтік сипаты аңғарылады. Хабардың қай түрі болса да шындыққа құралу керек, сонда ғана тілдік қатысым өз бетінше дамиды және сөйлеу /информацияны қабылдау, оған жауап қайтару, қайта жауап алу/ қатысымдық қүбылыстың қоғамдық мәнін ашады, адамдар арасындағы әлеуметтік көпір бола алады. Демек, адамдар бірінің айтқан сөзін екіншісі жай білу үшін ғана емес, олар бір-бірімен өзара түсінісу үшін, өзара қарым-қатынаста болу үшін қарым-қатынастық бірлікке үмтылады. Осыдан келіп тілдік қатынастың қоғамдық-әлеуметтік мазмұны, мәні шығады.

Линвистикалық, әдістемелік әдебиеттердің көпшілігінде сөйлесім әрекетін төрт түрге бөліп қарастыру тұрақты орын алған. Олар:

Сөйлеу /говорение/

Оқу /чтение/

Жазу/письмо/

Түсіну /аудирование/

Біз жан-жақты тәжірибелерге сүйене келіп, сөйлесім әрекетін бес түрге бөліп қарастырамыз. Олар: оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім. Бұлардың барлығы -әдістемелік ізденіс жолындағы' жаңаша терминдер. Қазақ. тілінде бұл мәселе бұрын-соңды арнайы сөз болмагандықтан, сөйлесім әрекетінің түрлері де бір жүйемен аталып, өзіндік терминдер әлі қалыптаспаған. Шетел және орыс тілдерінде қолданылған жоғарыда атап өтілген терминдер: «говорение» - «сөйлеу», «аудирование» - «аудиолық», «чтение» - «оқу», «письмо» -«жазу» деген сияқты әр түрлі сөздермен айтылып жүр.

Біз бұл ғылыми ұғымдарды қазақша бірыңгай оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім деп атауды жөн деп санаймыз. Өйткені олар, біріншіден, тілдік қатынастың басты ерекшеліктеріне сәйкес келеді; екіншіден, олар - қазақ тілінің сөздік қорына тән, қолданыста өзіндік орындары бар түбір сөздер. Үшіншіден, олар зерттеу мәселемізге сай теориялық жәнё здістемелік ғылыми ұғымдарды білдіреді; төртіншіден, әрқайсысы әр түрлі емес, қазақ тілінің сезжасам жүйесіне сәйкес бірізбен жасала келіп, біртұтас қатысымдық қызмет атқарады.

Сөйлесім әрекетінің барлық түрлеріне тән ең басты көрсеткіш: ол - түсіну. Бір адам екінші адамның айтқанын түсінбесе, ұқпаса, онда пікірлесу мен сөйлесу де жүзеге аспайды. Біздің ойымызша, сөйлесім әрекетіне қатысты айту да, оқу да, жазу да, есту де, тілдесу де белгілі бір хабарланған, баяндалған ойды түсінуге негізделеді. Сондықтан «аудирование» дегеиді біз түсіну емес, «тындалым» деп атаймыз да, түсіну процесін осы әрекеттердің бәріне ортақ ұстаным ретінде танимыз.

Сөйлесім әрекетінің барлық түрлері сөйлеу үшін қажет. Оның әр түрі сөйлей білуді әр жақтан іске асырады: «говорение» - айта білу арқылы, «чтение» - оқи білу арқылы, «письмо» -жаза білу арқылы, «аудирование» - тындай білу арқылы. Демек, «говорение» - «сөйлеу» дегеннен гөрі «айтуга» жақын ұгым. Бұл әрекеттердің бәрі бір процестің (речевая деятельность) ортақ түрлері болғандықтан, бірыңғай жұрнақтар арқылы жасалғаны тиімді.

Сонымен, тілдік қатынасқа байланысты іске асатын сөйлесім әрекеті бес түрге бөлінеді.

Оқылым.


Жазылым.

Тыңдалым.



Айтылым.

Тілдесім.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет