Сөйлеу тілінің жүйелі бұзылуы



Дата29.10.2022
өлшемі31,56 Kb.
#46157
Байланысты:
Ст жүйелі бұзылуы


Сөйлеу тілінің жүйелі бұзылуы.
Алалия – туылғанға дейін немесе бала дамуының ерте кезеңінде бас ми қабығының сөйлеу аяларының органикалық зақымдану салдарынан болған сөйлеу тілінің дамымауы немесе мүлдем жоқ болуы. Алалия термині (грек тілінің а- жоқ мағына, lalio –сөйлеу, тіл) – аудармасы – сөйлеу тілінің жоқтығы, бұл термин сөйлеу тілі бұзылыстарына арналған әдебиеттерде бұрыннан бері беріліп келеді. Статикалық деректер бойынша алалия 0,1% тұрғындарда кездеседі. Мектеп жасына дейінгі балаларда 1%, ал мектеп жасындағы балаларда - 0,6 - 0,2% кездеседі. Ер балаларда қыздарға қарағанда алалия екі есе жиі кездеседі деген деректер бар. Алалияның пайда болу себептері жөнінде көп уақытқа дейін әр түрлі пікірлер айтылды. Туылған кездегі жарақаттар мен асфиксиялар туылғанға дейінгі патологиялардың салдары болып табылады. Осылардың бәрі оттегінің жетіспеуіне, тыныс алу орталығының функциясының төмендеуіне әкеп соғады. Ең бірінші, бас миының филоонтогенетикалық жағынан жас, үшінші қабығының клеткалары оттегі жетіспеуіне сезімтал болады. Бас миының үшінші қабығының клеткалары ассоциациялық байланыстардың күрделі жүйесінің басы болып, адамның жоғарғы қабықша функцияларының, ең алдымен – сөз және психикасының қалыптасуын қамтамасыз етеді. Этиологиялық факторлар ішінде іште жатқан кездегі энцефалиттер, менингиттер, дамудың жағымсыз жағдайлары, құрсақтағы нәрестенің интоксикациялары, туа біткен себептер, іштегі және ерте жастағы нәресте миының жарақаттары, ерте жастағы аурулардың бас миына тигізген әсері. Е.М.Мастюкова (1981), алалияны нейроонтогенез тұрғысынан сипаттай келе, пренатальды және ерте постнатальды кезеңде кез келген зиянды фактордың әсерінен, бас миының қабығы әлі де қалыптасу деңгейінде болғанда, шоғырланған ақауды белгілеу өте қиын деген. Себебі зақым көбірек таралған немесе диффузды сипатта болады деген. Бұл жағдайда балада ММД - минимальды ми дисфункциясы байқалады.
Алалия - сөйлеу тілінің барлық құрамы: фонетикалық-фонематикалық жағы, лексикалық-грамматикалық құрылымы бұзылған жағдайдағы сөйлеу тілінің жүйелі бұзылысы. Сөзсіз бұзылыстар ішінде алалияның моторлы, сенсорлы, психопатологиялық симптомдарын бөліп атауға болады. Алалия өзінің механизмі, белгілері және сөйлеу тілінің дамымауының деңгейі бойынша біркелкі емес. Оны зерттеу және ажыратуға деген көзқарас негізінде, зерттеушілер бұл бұзылыстың бірнеше түрін атайды. Алалияның түрлерін ажырату негізінде әр түрлі критерийлер жатқандықтан, оның топтастырылуы да алуан түрлі. В.А.Ковшиков (1985) бойынша алалияның импрессивті (сенсорлы) және экспрессивті (моторлы) түрлері бар. Экспрессивті алалия дегеніміз, тіл бірліктерін меңгерудің және олардың функциясының бұзылуымен сипатталатын тіл бұзылыстары. Оның белгілері: артикуляциялық және мағыналық операциялар сақталған жағдайдағы грамматикалық, лексикалық және фонематикалық операцияларды меңгере алмау. Алалияны сенсорлы және моторлы түрлерге бөлу бала дамуының ерте кезеңдерінде шартты түрде болады, тек кейін ғана бұзылыстың негізгі компонентін анықтауға болады. Алалияның бірнеше деңгейлері бар: сөйлеудің бұзылуының қарапайым түрінен байланыстырып сөйлеуді мүлдем қолдана алмауына дейін.
Афазия (грекше “а”-теріс мағыналы қосымша, “phasis”-айту) - сөздің бұзылуы, есту және артикуляциялық аппаратының қызметінің сақталуы кезіндегі тіл құралымының толық немесе жарым-жартылай қолдану мүмкіндігін жоғалтуы. Афазия кезіндегі толық немесе жарым-жартылай сөйлеуді жоғалту бас миының жергілікті зақымдануымен байланысты. Афазия кезінде фонологияның сөздік деңгейлерін қамтитын (фонетика, лексика, грамматика) сөйлеу қызметінің жүйелі бұзылуы байқалады. Афазия өзіне келесі құрамаларды қосады: ауызша қатынасуы және сөздің бұзылуы; басқа психикалық процестердің бұзылуы; даралық өзгеруі және ауруға деген жеке реакциясы.
«Афазия» терминін француз ғалымы Труссо 1864 жылы енгізді. Афазия жөніндегі ілімнің дамуын үш кезеңге бөлуге болады. XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басын бірінші кезең деп білеміз. Осы уақытта неврология классиктері афазияның негізгі екі түрін (формасын) ажыратты: моторлы афазия (П. Брок (1861) афазиясы) және сенсорлы афазия (К. Вернике (1874) афазиясы).Екінші кезең. ХХ ғасырдың 40-жылдары афазиологияның қарқынды дамыған кезі болатын. Физиология, психология, неврология, нейрохирургия және т.б. ғалымдардың қарқынды дамуы жаңа ғылымның, яғни нейропсихологияның ашылуына ықпал етті. Үшінші кезең, А. Р. Лурияның ұйғарымы бойынша - болашақтың ісі.
Сөйлеу тілі қалыптасып болған кезеңде бас мидың сөйлеу жүйелерінің әр түрлі органикалық зақымдалуға ұшырауы афазияның пайда болуына себеп болады: бас ми жарақаттары, мидың қабынуы, ісіктері, тамыр ауырулары және мидағы қан айналымының бұзылуы (инсульт). Афазияда ми қыртысының жартышарының маңдай, төбе, самай және желке бөліктерінде зақымдалу байқалады. Афазияның түрі, ауытқу күрделілігі және сипаты зақымдалған ошақтың көлемі мен оқшалануына; мидың қан айналымының бұзылуына; орын басу міндетін атқаратын мидың зақымдалмаған бөліктеріне тәуелді болады. Афазияның сипатына, пайда болуына және кері дамуына әр түрлі патологиялық процестер ықпал етеді. Мұны афазиялық зақымды талдау барысында ескерген жөн. Әр этиологиялық фактор дамуының өз ерекшеліктеріне ие. Сондықтан негізгі ауытқудың ағымының әр түрлі кезеңінде афазияның синдромы әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, ми ісігінің ұлғаюынан пайда болған афазияның симптомдары әртүрлі, жиі ми қыртысы симптомдары байқалады. Бұл мидың ошақтық зақымдалуының салдарынан афазияға тән емес интеллектуалды-мнестикалық процестерінің бұзылыстарына және психикасының басқа да өзгерістеріне әкелуі мүмкін. Қан тамырының ауырулары кезінде инсульттің сипатына (ишемиялық немесе геморогиялық), атеросклеротикалық процесінің таралуына қарай афазия әр түрлі болады.
Афазияның әр түрлі жіктелімі бар: классикалық, Вернике-Лихтеймнің
неврологиялық жіктелімі, Х. Хэдтің лингвистикалық, В. К. Орфинскаяның жіктелімі және т.б. Көпшілік мақұлдаған әрі көп таралған А Р. Лурияның (1947, 1962) нейропсихологиялық жіктелімі қолданыста жүр. Бұл жіктелім бойынша афазияның алты түрі (формасы) ажыратылады:
1. Акустикалық-гностикалық (сенсорлы);
2. Акустикалық-мнестикалық;
3. Семантикалық;
4. Афферентті моторлы;
5. Эфферентті моторлы;
6. Динамикалық.
Сенсорлы алалияда логопедиялық әсер ету сөйлеу тілінің құрамын саналы түрде талдауға үйретуге, фонематикалық қабылдауын дамытуға, сөз құрылымын түсінуге бағытталады.
Сенсорлы алалиясы бар балаларды оқытқан кезде әрекетті дамытуға, сөйлеу тілінің дыбыстық және морфологиялық талдауын қалыптастыруға бағытталған арнайы әдістер қолданылады. Бұл жерде өз сөйлеу тілін түсінудің, танымдық әрекеттерінің, бала тұлғасының жалпы ерекшеліктері жетілмеуінің деңгейі ескеріледі.
Жұмыстың негізгі қағидасы - баланың сөйлеу әрекетінің барлық жағына кезектілікпен және жүйелі түрде әсер ету болып табылады. Жұмыс істемес бұрын, баланың өмірімен, тұрмысымен, оны қоршаған ортамен, жақын адамдарымен, ойыншықтарымен, танысқан жөн. Себебі олар баланың мүмкіндіктерін, қызығушылығының шеңберін айқындап, қарым-қатынастың жолдарын және алдағы жұмыстың бағдарламасын белгілеуге мүмкіндік береді. Отбасында балаға айтылған сөздердің сипаты мен көлемі айқындалады. Педагогпен ата-аналар тұрмыстық жағдайдағы нұсқау-сөздердің тізімін жазып қояды. Олар сабақтарда, күнделікті өмірде өзгертілмеген түрде қолданылады. Баланың сөзге қатысы жоқ дыбыстарды қабылдау деңгейі анықталады (тыныш жерде немесе шуылдаған жерде).
Жұмыстың негізгі міндеттері: қоршаған орта дыбыстарына, сөйлеу тілінің дыбыстарына қызығушылығын арттыру, оларға еліктеу қажеттілігімен мүмкіндігін дамыту, сөздік және сөзсіз дыбыстарын ажырату.
Жалпы педагогикалық жұмыс сөйлеу тілінің психофизиологиялық негізін, іс-әрекеттердің негізгі түрлерін қалыптастыруға, еркін зейінін, көру және акустикалық ұстанымдар мен дифференциялауды дамытуға бағытталады. Жұмыс сөз дыбыстарынан емес, шуларды, сөзге қатысы жоқ дыбыстарды ажыратудан басталады. Алайда, ол балаға тек қана ол жақсы оқытылып, онда қарапайым тұрақтану болғанда және өнімді іс-әрекет мүмкіндігіне үйретілгенде ғана қолжетерлік болады.
Балаға еш нәрсе үйретілмесе, оның зейіні тұрақты болмаса, іс-әрекеттердің қарапайым түрлері қалыптаспаса дыбыстарды қабылдауын дамыту жұмысы мүмкін болмайды.
Мүмкіндігінше ерте, баланы сөз тіркестерімен, фразаларды қабылдауға үйретеді. Олардың алғашқылары үлгі түрде болады: сөздер белгілі кезекте интонациясы өзгертілмей айтылады. Балаға айтылған нұсқаулар, күнделікті тұрмыстық сипатта болады. Ең алдымен, ол бір адамды түсінуді үйренеді, кейін баланың көбейіп келе жатқан мүмкіндіктеріне сай, осы жұмысқа оны қоршаған ересек адамдар да қатыстырылады.
Бала мынадай нұсқауларды түсінуге үйренеді: «есікті аш», «орамалды ал», «кітапты ал», сабақ барысымен және тұрмыстық жағдаймен байланысты т.б. Мұндай нұсқауларды түсінуге үйретуге арналған жұмыс ым-ишараға, сүйеніп жасалады, балаға көрнекі-бейнелі-әрекетті кешенді жағдайды сөзбен байланыстырып саналы түрде қабылдауға көмегін тигізеді.
Мұндай балалармен жұмыс күрделі, әртүрлі жағдайда, әр түрлі тәсіл қолданғанда тиімді болуы мүмкін. А. Г. Ипполитованың ойы бойынша, жұмыстың алғашқы 3—4 айында түсінбеумен сөйлемеудің ең қиын жағдайында баланың 8—10 сөзді түсінуіне қол жеткізуге болады, алайда, 2—4 сөз оның белсенді сөз қорында пайда болады. Тиімділігі аз болған соң, жұмыстың қажет- қажет еместілігі туралы сұрақ туындайды. Арнайы стационар, арнайы балабақшадағы сабақтардың мөлшері әртүрлі, баланың жағдайына байланысты — 3—5 минуттан, 20—30 минутқа дейін, күніне 2—3 реттен. Кейіннен, амбулаторлы жұмыста бала аптасына 2—3 рет, 20— 30 минуттан сабақ алып, үйде бекіту жұмыстары жүргізіледі. Сенсорлы алалиясы бар балалардың кейбілеулері сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектептерде немесе көмекші мектептерде оқып, логопедтің көмегін алады. Сенсорлы алалияның диагностикасы күрделі, көп жағдайларда қорытындыны мөлшерлеп шығарады. Сенсорлы алалиясы бар балаларды келешекте зерттеп, олармен жасалатын түзету-тәрбиелеу жұмысының жүйесін құру — логопедия теориясы мен тәжірибесінің өзекті мәселесі болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет