Сондай-ақ әдістемені оқушылардың математикалық дайындығының әртүрлі деңгейлеріне бейімдеу оқу процесін дараландыруға және материалды тиімді меңгеруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні анықталды



Дата24.11.2023
өлшемі13,25 Kb.
#125433
түріСабақ

«Негізгі мектеп геометрия курсында векторлық-координаталық әдісті оқыту әдістемесі» тақырыбындағы зерттеу нәтижелері бойынша тезис:
Зерттеу жұмысымыздың нәтижесі негізгі мектеп геометриясы курсында векторлық-координаталық әдісті оқытудың тиімді әдістемесін қолдану оқушылардың абстарктлі ойлауын дамытуға және геометриялық ұғымдарды терең түсінуіне ықпал ететінін көрсетті. Сабақ барысында әр түрлі көрнекіліктерді,, геогебра сияқты заманауи технологияларды пайдалану, практикалық тапсырмалар және топтық әдістерді қолдану арқылы оқушыларды оқу үрдісіне белсенді қатыстыруға мүмкіндік туындады. Осы арқылы оқушыларды интеллектуалдық, математикалық ойлау қабілеттерін дамытуға жол ашылды..
Сондай-ақ әдістемені оқушылардың математикалық дайындығының әртүрлі деңгейлеріне бейімдеу оқу процесін дараландыруға және материалды тиімді меңгеруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні анықталды. Векторлық координат әдісін қолдану оқушыларға алгебра мен геометрия арасындағы байланысты көруге мүмкіндік береді, бұл геометриялық ұғымдарды толық түсінуге және қолдануға ықпал етеді.
Біздің зерттеуіміз негізгі мектеп геометрия курсында векторлық-координаталық әдісті оқытуды қолдану оқушылардың дамуына және олардың геометриялық құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ететін тиімді әдіс екенін растайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет