СОӨЖ 4. Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары (нормативтік құжаттың контент-талдауы)ББМ Педагогтерді аттестаттау - педагогтердің білімі мен біліктілігін, шеберлігін анықтау үшін және оны арттыру мақсатында жүргізіледі. Педагогтерді аттестациялау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы болып табылады.
Енді осы педагогтерді аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарына тоқталатын болсақ, ол бірнеше маңызды тараулардан тұрады. Олар:
1-тарау. Мұнда жалпы ережелер жазылған, ол 14 бөлімнен тұрады. Біріншіден, осы Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына, "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) сәйкес әзірленді, педагогтерді аттестаттау және педагогтерге біліктілік санаттарын беру тәртібін айқындайтыны жайлы айтылады. Екіншіден, осы қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар көрсетілген, мысалы, аттестатталушы, аттестаттау, аттестаттау комиссиясы, аттестаттау кезеңі, апелляция, апелляциялық комиссия, біліктілік санаты және т.б.. Үшіншіден, педагогтерді аттестаттау "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес үш жылда бір рет өткізіледі деп жазылған. Төртіншіден, мұнда педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-модератор және педагог-модератор санаттарының бар екендігі жазылған.
Бесінші және алтыншы бөлімінде, педагогтерді аттестаттау жөніндегі комиссияның құрамына кемінде 10 жыл жұмыс өтілі, "педагог-зерттеуші" немесе "педагог-шебер" біліктілік санаттары бар педагогтер, оқу-әдістемелік кабинеттердің, біліктілікті арттыру ұйымдарының әдіскерлері, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың өкілдері, білім беруді басқару органдарының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандары кіретіні айтылған. Жетінші бөлімде, комиссия мүшелердің тақ санынан және кемінде жеті мүшеден тұратыны көрсетілген.
Комиссия төрағасы мен төрағаның орынбасары Комиссия мүшелерінің арасынан сайланады.