South kazakhstan state pedagogical university тақырыбы: XX ғасырдағы қазақ мәдениеті

бет1/5
Дата08.06.2023
өлшемі98,1 Kb.
#99751
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Данияр 20 ғ қазақ мәдениеті

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
SOUTH KAZAKHSTAN STATE PEDAGOGICAL UNIVERSITY
Тақырыбы: XX ғасырдағы қазақ мәдениеті
Орындаған: Қалмұхан Д.Ә.
Қабылдаған: Мантаева Т.С.

Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолын өтті. XIX ғасырда мәдениет мәселелерімен тығыз айналысқан ғалымдардың бірі ─ ағылшын ойшылы Эдуард Бернетт Тайлор (1832−1917) болды. Ол “мәдениет жөніндегі ғылым−реформалар жөніндегі ғылым” деп тұжырымдай отырып, жалпылама анықтама берді: “Мәдениет пен өркениет кең, әрі этнографиялық мағынада−білімнен, наным-сенімдерден ,өнерден, адамгершіліктен, заңдардан, салт-дәстүрлерден және қоғамның мүшесі ретінде адамның игерген дағдылары мен түрлі қабілеттерінен құралады”.

Абайдан басталған қазақ мәдениетіндегі тың сарын XX ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасты. Қазақ мәдениеті XX ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс Азия орталығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт-азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық және реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді. Алайда Қазақстандағы толқулар тек орыс революционерлерінің ықпалымен болды деу жаңсақ пікір. Бірде-бір ресейлік саяси ұйым мен белгілі қайраткерлер империяны таратып, басқа ұлттарға азаттық әперу туралы мәселе көтермеді. Социал-демократтардың өздері Шығыс халықтарының оянуына панисламизм , пантюркизм айдарын тағып, күдіктене қарады. Мәселе, сонымен бірге Ресейдің халықтары әр түрлі өркениеттерге жататындығында. Батыс христиандарына жақын эстондар мен араб-парсы әлеміне түбірлес өзбек, қазақтардың арасында ортақ мәдени негіз тым аз еді. Өзіне туысқан халықтардағы сияқты Қазақстандағы мәдени қайтадан жаңғыру орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды. 

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет