Қазақстан тарихы 9-сынып



Дата26.11.2023
өлшемі30,94 Kb.
#128190
Байланысты:
Сабақ жоспары Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру 9 сынып


Қазақстан тарихы 9-сынып


Тақырыбы

Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру

Мақсаты

Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыруды жүзеге асыру және оның зардаптары туралы мағлұмат беру;Қосымша деректер арқылы оқушылардың ой-өрістерін кеңейту.Өздігінен білім алу дағдыларын дамыту

Күтілетін нәтиже

  • Ұжымдастыру ақтаңдақтары жайлы мағлұмат алады;

  • Тарихи оқиғаларға баға беруге қалыптасады;

  • Тарихи білім мен шығармашылықтарын арттырып,проблеманың шешімін тұжырымдай алады..

Түйінді идея

Ұжымдастыру саясатының негізгі мәнін түсіну

Оқушының іс-әрекеттері

Топтық, жұптық және жеке жұмыстар жүргізеді

Сабақтың типі

Жаңа білімді меңгерту сабағы

Әдісі

Жеке, жұптық жұмыстар,қосымша деректермен жұмыс,сын тұрғысынан ойлау әдістері

Көрнекілігі

Үлестірмелі материалдар,Қазақстан картасы, сызбалар

Сабақтың барысы

Оқушылармен амандасу, ынта-зейіндерін сабаққа аудару.

Кіріспе бөлім

Үй тапсырмасын тексеру.Деңгейлік тапсырмалар.Тест, Семантикалықт карта,сәйкестендіру тесті

Формативті бағалау

Тұсаукесер бөлімі

Ұжымдастыру» сөзін қалай түсінесіңдер?
Ұжымдастыру –1) қоғамдастыру. Социолистік елдердегі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру – ұсақ шаруа шаруашылықтарын біріктірудің негізінде ірі социолистік ауыл шаруашылық кәсіпорны, ауыл шаруашлық артельдері етіп қайта құру.
2) КСРО –дағы 20 жылдардың соңы мен 30 жылдардың басындағы ауыл шаруашылығын өкіметтің қысым жасауымен жаппай ұжымдық шаруашылықтар етіп құру.



1928 ж - 2%. 1930 ж - 50,5 % 1931 ж - 65% 1934 ж ; -89,9%

Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын ашып өз ойларын ортаға салады.
Формативті бағалау

Негізгі бөлім

«Аядап оқыту» стратегиясы бойынша тапсырма беру.
-асыра сілтеу зардаптары
-кулактарды жою науқаны
-құжат түріндегі жазылған абзац
-қазақ зиялылары
-қарсылық көрсеткен аудандар
Термин сөздермен жұмыс.

«екі жұлдыз, бір ұсыныс» бойынша бағалау.



Қорытынды бөлім

Тест тапсырмасы.
1.Ұжымдастыру бағытын жариялаған жыл:
А) 1922 ж В) 1927 ж С) 1925 ж
2.Ауылшаруашылығын ұжымдастыру бағыты жарияланды:
A) ХҮ съезде. B) Х съезде. С) ХІҮ съезде.
3. Қазақстанда ұжымдастыру қалай жүргізілді?
А) күшпен; В) ерікті түрде; С) жоспарлы түрде;
4.Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтың 2% ұжымдастырылған болса, 1931 жылы:
A) 80% B) 65% C) 75%
5. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда қанша мал басы болды?
А) 40, 5млн В) 20млн С) 15млн
6.Ұжымдастыру жылдарында республикадан тыс жерлерге көшіп кеткен халық саны:
A) 1 млн аса. B) 2 млн аса. С)1,5 млн аса.
7.Астық пен етті жасырды деген айыппен қанша адам қуғынға ұшырады?
А)23 мың В) 33 мыңнан астам С) 25 мыңнан астам
8. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақтардың отырықшылыққа көшуі аяқталған жыл:
А) 1927 ж В) 1921 ж С) 1937 ж Д) 1938 ж
Үйге тапсырма:§ 19 оқу.



Критерий бойынша бағалау.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет