Сөз өнері 150 тест 1-апта Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»



Дата23.10.2023
өлшемі66,58 Kb.
#120863

Сөз өнері 150 тест


1-апта
1. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы қай жылы жарияланды?

  • 2017


2. «Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бас¬тау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай», - деген кімнің сөзі?

  • Н.Назарбаев



3. «Тіл дегеніміз – қарым-қатынас пен ойды білдірудің аса маңызды құралы ғана емес, ол сондай-ақ мәдениет білімдерін жинақтау құралы болып табылады. Күрделі таңбалық жүйе бола отырып, тіл ақпарат беру, сақтау, пайдалану және иелену құралы да бола алады», – деген кімнің сөзі?

  • В.В.Воробьев



4. Біреумен қайсыбір мәселе бойынша келісім жасау мақсатында талқылау жүргізугк арналған іскерлік сөйлесудің түрі қалай аталады?

  • Іскерлік келіссөз



5. Бір нәрсені көрсететін, орнын білдіретін, көзқараспен, бас шұлғумен, қолмен, саусақпен көрсететін ишараның түрі қалай аталады?

  • Көрсетуші ишара



6. Іскерлік сөйлесудің түрлерін көрсетіңіз:

  • Іскерлік әңгіме


  • Іскерлік келіссөз


  • Телефонмен сөйлесу



7. Тұрмыстық және іскерлік сөйлесудің түрлі белгілеріне қарай түрлерін көрсетіңіз:

  • Көзбе-көз және қашықтан сөйлесу


  • Ауызша және жазбаша сөйлесу


  • Монологтік және диалогтік сөйлесу



8. Іскерлік сөйлесудің сипаттарын көрсетіңіз:

  • Тиімді тыңдау амалдары


  • Іскерлік этикетке сәйкестік


  • Реттілік

9. Тұрмыстық сөйлесудің шарттарын көрсетіңіз:


  • Екі тараптың әңгімелесу тілег


  • Ортақ тіл табысу


  • Қажетті тақырыпты табу



10. Тіл, сөйлеу өнері туралы мақал-мәтелдерді көрсетіңіз:

  • Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады


  • Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді.


  • Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге жайылады.




2-апта
1. Сөйлесудің неше түрі болады?

  • 2


2. Ишаралардың неше түрі болады?

  • 5


3. Адамның ақпарат алмасу барысында, өз ойын тіл арқылы жеткізуде тілдік норманы сақтап, шебер сөйлеуге жетілу, ширау, даму дәрежесі -

  • Тіл мәдениеті



4. Ресми түрде қабылданған жалпыға ортақ емле ережелерін сақтау -

  • Сауатты жазу



5. Ауызекі және жазба түрде ұлттык қарым-қатынас кұралы кызметін аткаратын тарихи-әлеуметтік категория -

  • Ұлттық тіл



6. Нақты жағдайды ескере отырып және алға қойылған міндетке сәйкес адресатқа жақсы әсер ететін сапалардың жиынтығы -

  • Сөйлесу мәдениеті



7. Тіл байлығы мен сөйлеу құралдарын жан-жақты пайдалану деңгейінің көрсеткіші -

  • Тіл байлығы



8. Тіл (сөз) мәдениетінің негізгі зерттейтін объектілерін көрсетіңіз:

  • тілдің қолданысы


  • сөздің дұрыс айтылуы, дұрыс жазылуы


  • айтайын деген ойдың айқын, әсерлі болуы



9. Ауызша сөйлеу мәдениетінің негізгі талаптарын көрсетіңіз:

  • сөйлеу этикасын сақтай білу


  • ойды нақышты, әсерлі жеткізе білу


  • ым-ишараны дұрыс және орнымен қолдану



10. Ана тілі туралы ұлағатты пікір айтқан ғалым, қайраткерлер кімдер?

  • М.Балақаев


  • Б.Момышұлы


  • Ғ.Мүсірепов




3-апта
1. Қазақ фразеологизмдерінің байлығын танытатын сөздіктерді көрсетіңіз:

  • Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі


  • Мағыналас фразеологизмдер сөздігі


  • Қазақша-орысша фразеологиялық сөздік



2. Тіл мәдениетінің негізгі арқауы не?

  • тілдік норма



3. М.Әуезовтің 20 томдық шығармаларындағы сөздің саны қанша мыңнан астам?

  • 30


4. «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?!» – деген кімнің сөзі?

  • М.Әуезов


5. «Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім» деп, қазақ тілінің қасиетін қысқаша тамаша тұжырымдаған қай ақын?

  • М.Жұмабаев



6. Тіл білімінде Ұлттық тілдердін қандай негіздерден туатыны көрсетілген?

  • тілдік белгілері бірыңғай, кұрылымында айырмашылық жоқ бір диалект негізінде


  • бірнеше диалектінің шоғырланып бірігуі негізінде


  • диалектілердің ауыса отырып, өзара шоғырлануы негізінде



7. Сөз мәдениеті қанша саладан тұрады?

  • 2


8. Дамудың белгілі бір сатысына жетіп сұрыпталған, реттелген, бір жүйеге келген тіл -

  • әдеби тіл



9. Әдеби тілдің екі түрін көрсетіңіз:

  • ауызша тіл және жазбаша тіл



10. «Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге болады. Себебі ол қандайлық мамандық білімі болса да рухани, ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады», - деген кімнің сөзі?

  • М.Әуезов



4-апта
1. "Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Жазумен дүниенің бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білудің керектігі одан да артық", - деген кімнің сөзі?

  • А.Байтұрсынов



2. Қазақтың жазба әдеби тілінің негізін қалаған кім?

  • Абай Құнанбаев



3. Академик Р.Сыздықованың пікірінше, Абай қазақтың жазба әдеби тілін дамытқанда қандай принцип-бағыттарды ұстанған?

  • Жалпы халықтық сөйлеу тілін әрдайым негіз етіп ұстау


  • Халықтың сөйлеу тіліне қарама-қарсы жалғастылық принципі



4. Әдеби тілдің түрлерін көрсетіңіз:

  • ауызша тіл


  • жазбаша тіл



5. Әдеби тілдің негізгі белгілерін көрсетіңіз:

  • тұрақтылығы


  • функционалдық стильдерінің болуы


  • нормаланғандығы



6. Жазбаша тіл ерекшеліктерін көрсетіңіз:

  • графикалық бекітілген тіл


  • оған кейбір тілдік ерекшеліктер (кітаби лексиканың басым болуы, құрмалас сөйлемдер мен конструкциялардың болуы, тілдік нормалардың қатаң сақталуы, т.б.) тән болады


  • күнібұрын ойластырылған болуы және түзетілуі мүмкін



7. Ауызекі тілдің ерекшеліктерін көрсетіңіз:

  • бұл дыбыстап айтылатын тіл, онда сөйлеудің фонетикалық және просодиялық (буындардың өзара сәйкестігі) құралдары қолданылады


  • ол сөйлеу процесінде пайда болады


  • оған сөздік суырыпсалмалық (импровизация) тән болады



8. «Әдеби тіл – белгілі бір халықтың, кейде бірнеше халықтың жалпы жазба тілі, тілдік формада, көбінесе жазбаша, кейде ауызша-ауызекі түрде де ресми-іскерлік құжаттардың, мектептегі оқытудың, жазбаша-тұрмыстық қарым-қатынастың, ғалымның, публицистиканың, көркем әдебиеттің, мәдениеттің барлық бағыттарының тілі", - деген кімнің сөзі?

  • В.В.Виноградов



9. Бірқалыптылық, үлгілілік, тіл элементтерінің жалпы қабылданған қолданылуы (сөз, сөз тіркесі, сөйлем); әдеби тілдің белгілі бір даму кезеңіндегі тілдік құралдарды пайдалану ережелері қалай аталады?

  • Норма


10. "Тіл – жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт", - деген кім?

  • Х.Досмұхамедұлы




5-апта
1. Зат не құбылыс жайында ғылыми негізде сипаттап, дәлелдеуді қажет ететін стильдің бір түрі -

  • Ғылыми стиль



2. «Тілдің стильдері – тарихи категория. Демек олар өзгереді, дамиды, пайда болады және жоғалады», – деген кімнің сөзі?

  • И.Р.Гальперин



3. Проза, поэзия, драматургия салаларында жазылған көркем шығармалардың стилі (тілі) -

  • Көркем әдебиет стилі



4. Қандай стиль жұртқа үндеу, үгіт айтуда пайдаланылады?

  • Публицистикалық стиль



5. «Тәрбие жетекші» (1924), «Психология» (1926), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926) еңбектерінің авторы кім?

  • Ж.Аймауытов



6. Ауызекі сөйлеу стилінің өзіндік ерекшеліктерін көрсетіңіз?

  • диалогке құрылады


  • эмоциялылығы


  • қыстырма, қаратпа, одағай сөздер жиі қолданылады



7. Көркем әдебиет стиліне тән ерекшеліктерді көрсетіңіз:

  • тіл байлығы


  • көп стильді болып келетіндігі


  • сөздің эстетикалық қуаты, сөздің бейнелілігі алғашқы орынды алады



8. Сөздің эмоционалдылығы қай стильдерге тән болады?

  • Ауызекі сөйлеу стилі


  • Публицистикалық стиль


  • Көркем әдебиет стилі



9. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында жарық көріп тұрған, қазақтың публицистикалық стильдің қалыптасуына негіз болған газеттерді көрсетіңіз:

  • «Түркістан уалаятының газеті»


  • «Дала уалаятының газеті»


  • «Торғай" газеті



10. 20-30 жылдарында қазақша еңбектер жазып, ғылым тілін қалыптастыруға үлес қосқан тұлғаларды көрсетіңіз:

  • Ә.Бөкейханов


  • Қ.Жұбанов


  • Ә.Ермеков




6-апта
1. Функционалдық стильдердің қанша түрі бар?

  • 5


2. Мазмұнының өзектілігі, баяндау өткірлігі мен шынайылығы, авторлық құштарлық сипаттар қай стильге тән?

  • Публицистикалық стиль



3. Ең алғаш қалыптасқан ... стилі болды әрі ол стильдердің ішіндегі басыңқы (доминант) стиль болды.

  • Көркем әдебиет стилі



4. Қарым-қатынас процесінде алға қойылатын мақсат-міндеттерге сәйкес, түрлі тілдік құралдарды таңдау қажеттігінен туындайтын, бірыңғай әдеби тілдің өзіндік саралануы нәтижесінде қалыптасқан әдеби тілдің тармақтарын (түрлерін) қалай деп атаймыз

  • фунркиональдық стильдер



5. Қазақ тілінде ғылыми стиль қашан қалыптаса бастады?


6. Нақтылық, логикалық, мазмұн дәлдігі мен дәлелділігі қай стильге тән?

  • Ғылыми


7. Шешендік өнер, шешен сөйлей білу теориясы қалай аталады?

  • Риторика


8. Солон заңына ұқсас қазақ елінде қандай заң болған?

  • Жеті жарғы



9. «Шешендік дегеніміз – әдемі сөйлеудің амалдарын меңгеру мен сол арқылы басқаларды өз пікіріңе мойынсұндыру», – деген кімнің сөзі?

  • М.В.Ломоносов



10. «Қазақ даласы ән салып тұр. Қазақтың алты жасар баласынан алпыс жасар қартына дейін жанынан өлең шығарады. Шешендік өткір тілмен сөйлей біледі», – деп жазған кім?

  • Н.Г.Потанин




7-апта
1. Шешендік өнер ең алғаш қай елде пайда болған?

  • Грекия


2. Шешендікті ғылыммен байланысты қараудың себептерін көрсетіңіз:

  • Шешендік өнер барлық ғылымдардың жетістіктерін пайдаланады және оларды кең көлемде жариялап, насихаттайды


  • Көптеген идеялар мен болжамдар әуелі ауызша түрде, яғни көпшілік алдында сөйлеу түрінде жария болады


  • Шешендік өнер тиісті ғылымның теориялар жүйесіне сүйенеді, сол арқылы жүзеге асырылады



3. Ежелгі грек пен Римнің атақты шешендерін көрсетіңіз:

  • Перикл

  • Сократ

  • Демосфен


4. Шешендік қандай ғылымдарға сүйенеді?

  • философия


  • тіл білімі


  • этика


5. Қазақ даласында шешендіктің көрінетін, дамитын, шыңдалатын орындарын көрсетіңіз:

  • жәрмеңке-жиын


  • ақындар айтысы


  • ас пен той



6. Шешендік өнерді зерттеген орыс ғалымдарын көрсетіңіз:

  • М.В.Ломоносов


  • А.Ф.Мерзляков


  • Л.Ф.Кони


7. Оrotoria (ораторское искусство) - қай тілден енген термин?

  • Латын


8. Ежелгі грек шешені Перикл Афинаны қанша жыл басқарған?

  • 15


9. Демосфен Македония патшасы Филипке қарсы қанша жыл бойы сөз сөйлеп отырған?

  • 30


10. «Шешендік – жанды сөздің күші арқылы басқалардың ақыл-ойына, ынта-ықыласы мен ерік-жігеріне әсер ету өнері», – деген кім?

  • Н.Кошанский




8-апта
1. Шешендік өнер қандай қоғамдарда өсіп-өркендейді?

  • Демократиялық



2. "Шешендік дегеніміз - білімді жариялау" денен кім?

  • Ф.Бекон


3. Шешендер (софистер) алғаш рет қай елден көп шыққан?

  • Грекия


4. Шешендік өнер қашан пайда болды?

  • Б.д.д. V ғасыр



5. Зерттеушілердің пікірінше, риториканың негізін салған грек софисі кім?

  • Протогор


6. Г.З.Апресян қазіргі шешендікті қанша топқа жіктейді?

  • 5


7. Әлеуметтік, саяси, экономикалық тақырыптардағы баяндамалар, саяси сөздер мен шолулар, дипломаттық сөздер, әскери-патриоттық сөздер, митинг сөздері, үгіт-насихат сөздері шешендіктің қай түріне жатады?

  • Әлеуметтік-саяси мәндегі шешендік



8. Айыптаушының айыптау сөзі, әлеуметтік айыптау сөздер, қорғаушының сөзі, әлеуметтік-қорғану сөзі, айыпкердің қорғану сөзі шешендіктің қай түріне жатады?

  • Соттағы шешендік немесе сот ісіндегі



9. Мерейтойларда айтылатын мадақ сөздер, қабір басында айтылатын аза сөздер, дастархан басында айтылатын тостар шешендіктің қай түріне жатады?


10. Академиялық шешендікке кімдердің сөздерін жатқызуға болады:

  • М.Әуезов

  • З.Қабдолов

  • Р.Сыздықова




9-апта
1. Көпшілік алдында сөйлеуге дайындықтағы басты талаптардың бірі не?
өзіңе деген сенімділікті қалыптастыру
2. «Сізге сөз берілді» деген кітаптың авторы кім?
  • Отто Эрнст



3. Отто Эрнстің пікірінше, көпшілік алдында сөйлеудің алдындағы қорқыныштың себебі не?

  • шектен тыс ойлап қайғыру



4. Сөйлеу алдындағы психологиялық дайындықта шешен өзін қандай сезімге дайындау керек?

  • өзінің сөйлеуге жақсы дайындалғанын, сондықтан тыңдаушыларға пайдалы және маңызды нәрселер айтатынына өзін сендіруі керек



5. Тақырыпты анықтаудағы ең қажеттісі -

  • сөйленетін сөздің өзіңе де, тыңдаушыларға қа қызықты әрі өзекті болуы



6. Жаңа біліммен толықтыру, ғылым мен техника жайында мәліметтер жинау, баспасөз, радио-телехабарлардың мәліметтеріне қанық болу, көркем әдебиет пен ғылыми кітаптарды көп оқу дегеніміз -

  • өз білімін көтеру



7. Жұрт алдында сөйлеуші қандай қағидаларды есте ұстау керек?

  • Жұрттың бәріне белгілі жайларды тәптіштеп айта бермеу


  • Сөзді әбден жауыр болған сөздерден бастауға болмайды


  • Ойды жеткізудің тілден тыс элементтерін, атап айтқанда, ым, ишара, мимика, понтомимика, дауыс күші, дауыс темпі т.б. жақсы меңгеру



8. Шешенді табысқа жеткізетін құралдар:

  • жаңа білім-ғылымға үнемі құштар болу


  • өзіне өзі үнемі қанағаттанбау


  • ұдайы дайындықта болу



9. Сөйленетін сөз нелерге байланысты болады?

  • тақырыптың өзіндік ерекшеліктеріне


  • сөйлеудің мақсаты мен міндеттеріне


  • аудиторияның құрамына



10. Шешеннің күнделікті дайындығына нелер кіреді?

  • іскер адамдар және білімді топ арасындағы маңызды әңгімелер мен сөйлесулерге қатысу


  • достар мен туыстар арасында туындаған мәселелерді талқылау


  • семинар, практикалық сабақтарда сөйлеу




10-апта
1. Ежелгі дүниенің қай шешені шешендердің сөзін көп тыңдап, естіген сөздерін жүйесін бұзбай қайта айтып шығатын болған?

  • Демосфен


2. Сөйлеуге дайындық кезінде сөйлеудің мақсатын айқындау деген не?

  • мақсатты тұжырымдау



3. Сөйленетін сөздің құрылымын түзу үшін әуелі не жасау керек?

  • Жоспар


4. Мазмұнның қысқаша бағдарламасы, жинақталған, содан кейін сұрыпталған материалдардың орналасу тәртібі -

  • Жоспар


5. Жоспар не үшін керек?

  • негізгі тақырыптан ауытқып кетпес үшін, ой желісі бұзылмай, бір мәселеден екінші мәселеге жүйесіз көшіп кетпеу үшін



6. Сөйлейтін сөздің қай тарауында тақырыптың өзектілігі, тыңдаушылар үшін маңыздылығы, айтылу мақсаты және тақырыптың қысқаша тарихы баяндалады?

  • Кіріспеде



7. Сөйленетін сөздің қай бөлімінде шешен кіріспеде айтылған мақсатқа қайта оралып, негізгі бөлімде айтылған ойлардан түйін шығарады, тыңдаушылардың алдына нақты міндеттер қояды?

  • Қорытындыда



8. Ауызша және жазбаша сөйлеудің ең көп таралған құрылымы қандай бөліктерден тұрады?

  • кіріспе

  • қорытынды

  • негізгі бөлім



9. Мазмұнды сөз тыңдаушылары мен оқырмандарын қандай сезімдерге бөлейді?

  • ләззатқа бөлейді


  • қуаныш әкеледі


  • жаңа білімдермен толықтырады



10. Сөз мазмұнды болуы үшін алдын-ала дайындықта нелерді ескерген дұрыс:

  • аудиторияны қандай мәселе қызықтырады?


  • сөз мазмұнында тың деректер мен дәлелдемелер жеткілікті ме?


  • авторлық көзқарас, қорытынды түйін бар ма?




11-апта
1. "Дүние" сөзінің синонимдік мағыналарын көрсетіңіз:

  • бүкіл әлем, жер жүзі


  • өмір, тіршілік


  • мал, мүлік



2. Күлемін де жылаймын,
Жылаймын да күлемін.
Неге ғана бұлаймын,
Өзім ғана білемін, – деген кімнің өлеңі?
  • Қ.Аманжолов



3. «Тіл тазалығы дейтініміз – ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау, ескірген сөздерге жоламау, жергілікті сөздерден қашу...», - деген кім?

  • А.Байтұрсынов



4. Кей адамдардың сөйлегенде жиі қайталайтын керексіз, басы артық сөздерді көрсетіңіз:

  • сөйтіп, солай етіп



5. Бір нәрсені көптен айырып, көзге көбірек түсердей етіп айтқысы келіп, ол нәрсенің атына айқын көрсеткендей сөз қосып айту қалай аталады?

  • Көріктеу (эпитет)



6. Арасында жақындығы бар екі нәрсенің атын ауыстырып, бірінің орнына бірін айтуды қалай атайды?

  • Алмастыру (метанимия)



7. Бір ұғымның орнына екінші ұғымның айтылуы, бір нәрсенің шеті, бүтіннің бөлшегі, көп ұғымның аз түйіні -

  • Меңзеу (синекдоха)



8. Жақсылық көрсем – өзімнен,
Жамандық көрсем – өзімнен (С.Торайғыров)
Өлеңде қандай стильдік құрал пайдаланылған?

  • Қайталау


9. Тілдің көркемдегіш құралдарын көрсетіңіз:

  • Теңеу

  • Бейнелеу

  • Көріктеу


10. Сырымның Мөңке биге «алты шаңырақтың іргесі ажырамасын» деген батасындағы немесе «Жігіттің үш жұрты бар» деген мақалдағы алты шаңырақ, үш жұрт дегендер неге жатады?

  • Меңзеу



12-апта
1. Тілдің қандай қызметтері бар?

  • коммуникативтік


  • таңбалық (белгілік)


  • экспрессивтік



2. Көз жүгірту арқылы да адам туралы қандай ақпараттар алуға болады?

  • бет пішіні, келбеті


  • шаш қойысы, киімі


  • өзін ұстау мәнері, мәдениет деңгейі



3. Таным прцесінің қай механизмі өзгенің сезімін, көңіл-күйін сезінуге көмектеседі, рефлексиялану қабілетін дамытады?

  • Сәйкестендіру



4. Адамның өзін қарым-қатынастағы серіктесінің қалай қабылдайтынын ұғынуы, өзгенің ықтимал құлығына байланысты өз тәртібіне түзету енгізуі танудың қандай механизміне жатады?

  • Рефлексия



5. Өзгені көріністерге қарай бағалау (тікелей және арнайы құрылған) танудың қай механизміне жатады?

  • Модельдеу



6. Жекелеген индвидтердің өзінің табиғи және тұлғалық болмысын эмоционалдықпен танытуы танудың қай механизмі болып табылады?

  • Даралау


7. Топта немесе ұжымда басымдық алатын, оның барлық қызметінде түрлі формаларда көрініс тауып отыратын ұжым мүшелерінің ұжымға қатысты тұрақты психологиялық көңіл-күйі:

  • моральдық-психологиялық климат



8. Өзара тану процесінің механизмдерін көрсетіңіз:

  • Сәйкестендіру



9. Іскерлік қатынас қандай арнайы құралдардың көмегімен психологиялық байланыс орнатуға бағытталады?

  • тіл

  • эмоция

  • сезім


10. Д.Э.Розенталь жақсы сөйлеудің қанша түрлі талаптарын атап көрсетеді?

  • 10



13-апта
1. «Тәрбиелі адам дегеніміз – мейлінше аз адамдарды ыңғайсыз жағдайда қалдырған адам», – деген кім?

  • Дж Свифт


2. Назар аударудан, құрметтеуден, тілектестіктен көрінетін адамдар арасындағы қарым-қатынас нормасы -

  • Сыпайылық



3. Кез келген, тіпті конфликтілік жағдайларда да өзін жалпыға ортақ қабылданған ережелердің аясында ұстау -

  • Биязылық


4. Біздің сөзіміздің немесе іс-әрекетіміздің нәтижесінде адамды бекер ренжітіп алмауды сезіну қабілеті -

  • Әдептілік



5. Нақты жағдайларға нәзік назар аудару -

  • Қағылездік



6. Жалпыадамзаттық мораль нормаларына жататындар:

  • Сыпайылық


  • Әдептілік


  • Тәртіптілік



7. Қарым-қатынас ережелерін көрсетіңіз:

  • Сөз түсінбейтіндермен сөйлескенде ұрыспаңыз


  • Хат жазған кезде оны мұқият оқып шығыңыз


  • Көп сөйлемеңіз



8. Адамды қалай өз пікіріңе бейімдеуге болады?

  • Сұхбаттасушының пікірін сыйлаңыз, оған өтірік айтпаңыз


  • Егер сіздікі дұрыс болмаса, оны мойындаңыз


  • Ең басынан бастап достық сарынды ұстаныңыз



9. Әңгіме жүргізу кезеңдерін көрсетіңіз:

  • кездесудің уақытын жоспарлау


  • әңгіме қандай жағдайда өтетінін ойластыру


  • сұхбаттасушыңыз үшін мейлінше қолайлы жағдайды қамтамасыз ету



10. Адамның өзінің мәртебесіне (статусына) сәйкес өзін қалай ұстау керектігі жөніндегі қоғамда қалыптасқан түсініктер жиынтығы -

  • Имидж



14-апта
1. Монологке қандай сөздер жатады?

  • көпшілік алдында сөйленген сөз


  • баяндама

  • лекция


2. Пікірталастың түрлерін көрсетіңіз:

  • ойталқы

  • пікірсайыс

  • ойбөліс


3. Ғылыми және қоғамдық мәні бар тақырыптардың төңірегінде көпшілік арасында өтетін сөз жарысы -

  • ойталқы (диспут)



4. Көпшілік алдында екі адамның не екі топтың бірдеңе туралы ой-пікірлерін ортаға салуы -

  • ойбөліс (дебат)



5. Баяндамаларды талқылағанда, хабарламалар жасағанда, конференциялар мен жиналыстарда орын алатын пікірталас түрі:

  • сөзталас (прения)



6. «Көпшілік алдында сөйлегенде өзіңе сенімділік қалыптастырып, адамдарға қалай әсер етуге болады» деген еңбектің авторы кім?

  • Д.Корнеги



7. «Мен еркек пен әйел үшін білімнің қажетті бөлігі ретінде бір ғана рухани құндылықты мойындаймын, ол – ана тілін дәл және талғаммен пайдалану», – деген кім?

  • Чарлз Эллиот



8. Пікірталастың қанша түрі бар?

  • 6


9. Мынау Абайдың қай қара сөзінен: «Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп керек: әуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші – сол нәрсені естігенде я көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші – сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші – ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз, сылғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу. Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер»

  • 31


10. Психология профессоры Карл Сишор адамның орташа алғанда өзінің тума жадының мүмкіндігінің тек қана қанша пайызын ғана пайдаланатынын айтқан?

  • 10



15-апта
1. Дейл Корнеги өзінің «Көпшілік алдында сөйлегенде өзіңе сенімділік қалыптастырып, адамдарға қалай әсер етуге болады» деген еңбегінде шешендік өнерге дағдылану үшін ұсынатын ережелерін көрсетіңіз:

  • Не туралы айтуды білу керек


  • Өзіңе сенімді болу керек


  • Көп жаттығу керек



2. Пікірталасты табысты жүргізуге қажетті формалды логиканың негізгі заңдарын көрсетіңіз:

  • Анықтық заңы



3. Д.Корнеги біздің айналамызбен байланыс жасайтын қандай төрт әдісімізді атап көрсетеді?

  • не істегеніміз


  • қалай көрінетініміз


  • нені айтатынымыз


  • қалай айтатынымыз



4. Логиканың формалды заңындағы қарама-қарсылық заңын тұжырымдаған кім?

  • Аристотель



5. Пікірталас болуы үшін нелер (қандай шарттар) болуы керек?

  • Кем дегенде екі сұхбаттасушы адам (қарсыластар) болуы керек


  • Қандай да бір мағыналық кеңістік (ереже) – пікірталасқа түсушілердің түрлі ой-пікірлері көрінетін құжаттың тезисі болуы керек



6. Қиын адамдармен қарым-қатынас жасауда нелерді ескерген жөн:

  • Бұл адамның қай типке жататынын анықтау


  • Ондай адамдардың ықпалына түспеу


  • Оның жасырын мүдделері мен сұраныстарын қанағаттандыруға тырысу



7. Тезистің қайшылықтарына нелер жатуы мүмкін?

  • шынайылық дәрежесі, оның ерекшеліктері


  • аргументтерінің жеткіліксіздігі


  • тезистен туындайтын салдардың сабақтаспауы



8. Пікірталасқа қатысуға уәждейтін қандай тілектер болады?

  • «айтып қалу», сезімін сыртқа шығару, «өзін көрсету»


  • қызықты сұхбаттасушымен әңгімелесу


  • сұхбаттасушыны жер қылу, оның дәлелді ештеңе айта алмайтынын көрсету



9. Мақсатына сәйкес пікірталастың қандай түрлері болады?

  • Ақиқатқа жету


  • Шешім қабылдау


  • Қарсыласқа өзінің көзқарасын таңу



10. Пікірталас пәні болып табылатын тезисті ұсынушы, негіздеуші, қорғаушы тарап қалай аталады?

  • протогонист


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет