Сынып сағатының жоспары Бекітемін: Тәрбие ісінің меңгерушісі Батуов н күні



бет1/3
Дата25.01.2023
өлшемі452,46 Kb.
#62909
  1   2   3
Байланысты:
Тәрбие сағаты Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері





Сынып сағатының жоспары
Бекітемін: Тәрбие ісінің меңгерушісі Батуов Н
Күні: 13.01.2023 жыл
Сынып: 6 «а»
Қатысқандар саны: 8
Сынып жетекшісі: Дюсенбаева Е
Сынып сағатының тақырыбы: «Абайла, жұқа мұз!»
Мақсаты: 
• Балалардың қыс мезгілінде үйде, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтау,өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Көрнекіліктер: слайд презентация,суреттер, қауіпсіздік таратпа қағаздар
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, талдау
Жұмыс барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
- (Балалар жауабы) Сәлеметпіз.
Психологиялық сәт.
Бір топ бала сырғанап,
Барады әне, жарысып.
Қалды артында қыр алап,
Іздерінен қар ұшып.
Жұмбақ.
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
(Қыс)
Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Сұрақ - жауап.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Балалар, алғаш сабаққа келген күндеріңді естеріңе түсіріңдер. Сонда сендер қалай киініп келдіңдер?
- Ал қазір қалай киініп жүрсіңдер?
- Қыс несімен қызық?
- Қыста біз не жасаймыз?
Көктайғақ кезінде зардап шеккіңіз келмесе, келесі ережелерді орындаңыз:
- Өзіңіздің аяқ киіміңізге көңіл аударыңыз:
- Аяқастына қараңыз, қауіпті жерлермен жүрмеңіз.
- Егер мұзды жерді айналып өту мүмкін болмаса, мұз үстімен шаңғышы сияқты қысқа адымдармен жүріңіз:
- Жолдың келесі бетке өтетін жерлерде абай болыңыз, асықпаңыз, жүгірмеңіз; 
- Аяғыңызды тізеден бос ұстап, табаңыңызды нық төсеп жүріңіз; 
- Қолды қалтаға салып жүру құлау қаупін ұлғайтады. 
- Егер тайып кетсеңіз ауыр жарақат алмас үшін, жүрелеп отыра қалуға тырысыңыз. 
- Құлаған кезде қатты соққы алмас үшін бүктетіліп, аунап түсуге тырысыңыз. 
- Құлаған кезде қолыңыздағы заттың емес, өзіңіздің аман қалуыңызды ойлаңыз. 
- Құлаған соң орныңыздан бірден көтерілмей, жарақат алмағаныңызға көз жеткізіп, жаныңыздағылардан көмек сұраңыз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Әсіресе арқамен құлау, шалқасынан құлау ең қауіпті болып табылады, себебі, осы кезде мидың шайқалуы мүмкін. Жарақат алған кезде міндетті түрде жедел жәрдем қызметіне хабарласу қажет.

Естеріңізде болсын: әдетте мұз сүңгілері су жиналған жерде пайда болады, сол себепті үйлердің фасадын айналып өту керек.


Қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар және мүмкіндігінше ғимараттардың қабырғаларына жақын жүрмеңіз.
Егер тротуарда жүрген кезде жоғарыдан күмәнді дыбыстар шықса, жоғары қарап, не екенін тексерудің қажеті жоқ. Ол жылжыған қар немесе мұз кесегі болуы мүмкін. Ғимараттан алыс қашуға да болмайды. Қабырғаға тезірек сүйеніп, шатырдың шетін қалқа ретінде қолдану керек.
Үнемі қоршалған жер телімдеріне мән беріп, қауіпті жерлерге кіруден бас тартыңыз.
Көктайғақ апаттарынан өз өзіңді қорғаудың ең бір дұрыс тәсілі көшелерде жол жүру ережесін сақтау болып табылады, соның ішінде:

  • автобустың артынан айналып өту;

  • балаларды өз жаныңнан жібермеу;

  • бағдар шамның қызыл түсі жанып тұрғанда жолдан өтпеу;

  • жолдан өтер кезде ең алдымен солға, содан соң оңға қарау;

  • жолдан өтуге дайындалып тұрған уақытта жол шетінде тұрмау;

  • автобус аялдамасында жүріп жатқан көлікке артыңмен бұрылмау;

  • көлік қатты жылдамдықпен жүріп, өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін.

- Мұздың үстімен топтасып жүргенде, бір-біріңнен 5-6 метр алшақ жүрген жөн.
Бірінші жаяу жүргенге бейімдеп, құтқаратын заттарды кигізіп,( мысалы құтқару кеудешесі) ең жеңіл адамды жіберу керек
- Тыйым салынған жерлерден, су қоймаларындағы мұздан өтеуге болмайды.
- Мұзды аяғыңызбен жармаңыз.
- Мұздағы тесіктерге, жарықтарға, ойықтарға жақын келмеңіз.
- Мұздың бөлек бөлігінде топталып тұрма.
- Шанамен, шаңғымен тік жар жағадан жұқа мұзға қарай сырғанамаңыз..


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет