•Сөзді тыңдап отырып қайталайды



Дата26.03.2023
өлшемі16,9 Kb.
#76252
Байланысты:
7апта


Алғашқы кезде баланың сөздік қоры дамымай тұрғанда үлкендерге қоятын сұрағы көп болады. Ал екі жастың соңында бала 300-ге тарта сөзді қолданады. Үш жасында 1500 сөзді пайдаланады. Алғашқы кезде сәбидің сөзі үлкендердің сөзіне аздап қана ұқсайтын болады. Мұндай сөзді дербес ( автономиялық) сөз деп аталады. Тіпті кейде үлкендер пайдаланбайтын сөздерді де қолданады. Мысалы олар мағынасы бірдей бір сөздің өзін үш түрлі етіп айтады. Мысалы: сүт- түт, шәй-тәй, ішемін-тем.
Бала тілінің тез шығып, өз мағынасында дамуы дұрыс тәрбие жұмысына байланысты. Сөздік қорының молаюы, олардың психикасының дамуына да әсер ертеді.Бір жарым жасқа дейін баланың күрделі активтік сөздік қоры жай дамиды. Осы кезде олар 30-40 тан 100 ге дейінгі сөзді меңгереді және оны өте сирек қолданады. Бір жарым жастан соң кенет өзгеріп, бала сөйлеуге ынталы боып, тек заттың атын атап қана қоймай, оны затпен байланысты айтатын болады.
1 жастың соңында 18-25 активтік сөз болса, 3 жаста 1000-1200 сөз. Екі жастың соңында да баланың тілі анық емес, грамматикалық тұрғыда байланысы жоқ болады. Сөздің грамматикалық құрылымын игерудің белгілі бір заңдылығы болады:
• 60-70 сөзге жеткен соң қарапайым сөйлем құрастырады.
•Сөзді тыңдап отырып қайталайды.
•Ситуациялық сөз.
•Баланың жалпы даму деңгейіне байланысты, яғни ақыл-ойының, дербестігінің дамуына байланысты
1-ден 3- жасқа дейінгі аралықта баланың сөзді меңгеруінің өзіндік мәні болады. Бала айналасындағы құрбы-құрдастарымен, үлкендермен қарым-қатынас жасау арқылы өзін-өзі танып біледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет